Жапон халқының даналық сөздері
- Алыс жол да жақвннан басталады.
- Алдаспан өміріңде бір рет қана кәдеге жарар болса да оны өмір-бақи арқалап жүруге тиіссің.
- Қарапайым адамдар болмаса, ұлылар да болмас еді.
- Есі ауысқанадр мен ақымақтарға жол бер.
- Ішкен адам шараптың зиянын білмейді, ішпеген оның пайдасын білмейді.
- Тез деген - баяу қимылдау, бірақ үзіоіссіз.
- Кеткісі келгенге жармаспа, есік қаққанды қума.
- Әйел қаласа - жартасты жарып өтеді.
- Он жаста - данышпан, жиырмасында - кемеңгер, отыздан кейін - қарапайым адам.
- Күлкісі жарқын үйге бақ қонады.
- Терең өзендер үнсіз ағады.
- Ойлан да - шешім қабылда, қабылдаған соң - ойланба.
- Сұрау - бір сәттік ұялу, білмеу - өмірлік ұят.
- Қайғыны жыртық көйлегін сияқты үйінде қалдыр.
- Кейде бір парақ батып кетіп, тас жүзіп кетеді.
- Бір ауыз жылы сөз үш ай қыста жауратпауы мүмкін.
- Биікке шыққысы келіп өзеуреген жан түбінде өзіне баспалдық табады.
- Жаманның досы болғанша, жақсының жауы бол.
- Ері мен әйелі қол мен көздей болсын: қол ауырғанда көз жылайды, көз жылағанда қол жасты сүртеді.
- Теңіздің үлкендігі кішкентай өзендерді бауырына басатындығында.
- Тым әділетшіл болу ақымақтықпен шектеседі.