Қазақта ұлттық намыс жоқ - Бақыт Беделхан
Белгілі ақын-драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, Ұйғыр ауданы туралы өз ойын айтты.
Сұхбат барысында ол жазушылар одағы туралы, дін туралы және ұйғыр халқы туралы өз ойын айтты.
"Қызығы мынада: ұйғыр үйін сатса, қазаққа сатпайды. Себебі, жерді алып қалу керек. Қазақ үйін сатса, екі есе бағасына екі-үш ұйғыр жабылып сатып алады. Бұл – өте қауіпті жағдай. Тепе-теңдікті ұстап тұрған қазақты ығыстыру. Бір жағынан ол ұйғыр халқының пысықтылығы, мықтылығы және ұлтжандығы. Қазақта ұлттық намыс жоқ. Мен ауылдан көшкен біраз азаматтарды білемін "Қара шаңырақ қой, ертең келесің ғой", - десең "Жоқ", дейді. Оны қазақ алмайды, ұйғыр алады", - деді Бақыт Беделхан.