Қайрат Дәлбеков Даңқ орденімен марапатталды

Oinet.kz 12-05-2021 597

Отан қорғаушылар күні қарсаңында жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Президент Жарлығымен Қарулы күштер, құқық қорғау, азаматтық қорғаныс салаларында еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге атақтар мен марапаттар тапсырылды.  

Screenshot_2.jpg

Марапат алғандардың қатарында Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков те бар.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген «Даңқ» орденін оған  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде тапсырды.

Қайрат Сұлтанбайұлы Кентау қаласының, Шымкент қаласы Абай ауданы және Мақтаарал аудандық полиция басқармаларына жетекшілік еткен. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департамені бастығының орынбасары, бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. Бұдан кейін Маңғыстау облыстының полициясына басшылық жасады.

2017 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан, одан кейін Түркістан облыстық полиция департаметінің бастығы қызметін атқарып келеді. Өз ісінің нағыз шебері Қайрат Дәлбеков бас полицей болған жылдары Түркістан облысында қылмыстың деңгейі төмендеді, қылмысты ашу көрсеткіші жоғарылады. Сондықтан «Даңқ» ордені генералдың еңбегіне берілген әділ баға деп білеміз. 

Биыл 836 ауыл әкімі сайланады
Қазақта ұлттық намыс жоқ - Бақыт Беделхан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу