Ресей Президенті Путин Асқар Маминді марапаттады
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминді Владимир Путин "Достық" орденімен марапаттады. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.
Ресей президентінің жарлығы ресми интернет-порталда жарияланған. Жарлық мәтінінде Асқар Ұзақбайұлының ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласына зор үлес қосқаны айтылған. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан еңбегі үшін Достық орденімен марапатталсын», делінген. Айта кетейік, Асқар Мамин премьер-министр лауазымына 2019 жылдың ақпан айында тағайындалған. Оған дейін де вице-премьер, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» басқарма төрағасы сынды бірқатар жауапты қызмет атқарған.