Логопедиялық жаттығулар

Oinet.kz 01-07-2019 1485

Бұл жаттығу логопедтің әңгімесі формасында өткізіледі. 

Жаттығуда балаларға арналған сұрақтар мен балалардың жауаптары қатысады. 

«Ертеде екі қонжық өмір сүріпті, 

— деп логопед әңгімесін бастайды. 

Олардың аттары: Мики және Кики деп аталыпты. 

Балалар, (қонжықтардың аттарында екпін қай дыбысқа түседі?) 

Мики қонжығының атында екпін қай буынға түсіп тұр , бірінші буынға ма әлде екінші буынға ма? 

(Балалар жауап береді). 

Қонжықтардың анасы аюға балаларының атын атау өте оңай болды: Мииики! Кииики! 

Және қонжықтарға да өз аттары қатты ұнады: Мииики, Кииики. (Балалар бұл сөздерді қайталағанда, екпінге назар аударады).     

Бір күні қонжықтарға қонаққа екі көжек келеді, ал олардың аттары – Тики және Ники деп аталыпты (балалармен әңгімелескен кезде логопед бұл сөздердегі екпін екінші буынға түсетінін айқындайды). 

Тики және Ники өздерінің аттарын қонжықтардың аттарына ұқсас болғанын қалайды. 

Қоян аналарын оларды қожықтардың атына ұқсастырып атауын сұрайды. 

Аналары мұңаяды: өзінің көжектеріне қалай көмектесерін білмей отырады… 

Кәне, балалар! Көмектесіңдерші! Не істеуге болатынын ойлаңдаршы. Берілген жаттығудың көмегімен балалар сөздерді буынға бөлу дағдыларын бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар, сөз ішінде екпін жайында білімдерін кеңейтеді.

Ойындар топтамасы
Сюжетті рольді ойын «Аурухана»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу