Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алайық
Шығу.
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамық орап алды маңайды.
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық,
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
1 бала:
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жаңа жыл.
Ата-әже, ана-әке
Құтты болсын жаңа жыл!
2 бала:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам мол болсын.
Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жол болсын!
3 бала:
Ойыншықтар мұншама,
Кім ілді екен соншама.
Алақай, айнала түрленді,
Балақай, ән айтамыз,
Би биле, тұрма енді.
Ән «Қыс» (Залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7 лақ пен ешкі)
Жүргізуші:
Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық.
1 лақ:
Апатай-ау, апатай,
Таяп қалды жаңа-жыл
Әзірлейік ән мен жыр,
мә-мә!
2 лақ:
Сен орманға барсаңшы,
Сыйлық таңдап алсаңшы,
мә-мә!
3 лақ:
Біз баламыз әркез сақ,
Әкел бізге көп моншақ,
мә-мә!
4 лақ:
Ақ моншақты тағайын,
Сауық сайран салайын,
мә-мә!
5 лақ:
Апатай-ау, апатай,
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз,
мә-мә!
6 лақ:
Келіп қалды Аяз ата,
Би билеп, ән салайық,
мә-мә!
7 лақ:
Жаңа жылға қатысып,
Сыйлық алғым келеді.
Орманға тез барсаңшы,
Аяз ата алып келсеңші!
Ешкі:
Лақтарым, шырақтарым,
Орманға мен барайын,
Сыйлық таңдап алайын,
Сақ болыңдар әркез тек,
Қасқыр келіп қалмасын,
Тойдың шырқын алмасын.
Лақтар:
Біз ешкімге есік ашпаймыз.
Жүргізуші:
Солай ешкі лақтарына абай болуды айтып, сыйлық алуға шықты. Сол кезде Ақшақарды кездестірді.
Ақшақар: Сәлеметсің бе, ешкі?
Ешкі:Сәлеметсіз бе, Ақшақар!
Ақшақар: Жасыл шырша орманда, Бізге арнайы келіпті. Ойыншықты балалар, Шыршаға әсем іліпті. Әсем шырша сәнденген, Өз аңдарын күтеді. Ешкі: Тектен-текке тұрмайын, Жаңа жылға біз дайын. Лақтарыммен бірге, Шырша әнін жырлайын. Жүргізуші: Ешкі мен Ақшақар ешкінің үйіне лақтарын шыршаға шақыруға бет алды. Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым, Есік аш қарақтарым. Мамаң келді орманнан, Сендерге сыйлық әкелді. Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма! Ақшақар: Онанда бізбен жаңа жылды тойлауға жүр.
2. «Кішкентай шырша» хоровод әні. (Әннен кейін түлкі бауырсақты қуып шығады).
Бауырсақ:
Тимеші маған,
Жемеші мені,
Жаңа жылды тойлауға мен де барамын.
Асыр салып, би билеп,
Қошеметке қаламын.
Түлкі: Жоқ, мен сені жеймін.
Ақшақар:
Түлкі, сен бауырсақты жеме, оданда жаңа жыл шыршасына қарашы, мұнда аңдар, балалар жиналған, кел бірге тойлайық.
Түлкі: Маған бір ой келді, онанда ойын ойнап, көңіл көтерейік.
3. Ойын: «Кім тез қаршаларды жинайды?»
(Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді. Бауырсақ, түлкі командасы болып ойнайды).
(Ойыннан соң Мақта қыз мысығын іздеп шығады).
Ақшақар:Сәлем, Мақта қыз.
Мақта қыз: Сәлеметсіңдер ме?! Мен мысығымды іздеп жүрмін. Жүргізуші: Сен қапа болма, біздің балалар, аңдарымыз мысығың туралы ән айтса келіп қалар.
4. Ән «Мысығым». Мысық: Мақта қыз, сенімен кездескеніме қуанамын, мен де жаңа жылға барамын.
Ақшақар: Аңдар болса жиналды, шыршамыз дайын, Аяз ата болса әлі жоқ. Жүргізуші: Ақшақар, мұңайма, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық. 1,2,3 Аяз ата!!! (3 рет).
Аяз ата:
Сәлеметсіз бе, балаларым,
Балаларым балғыным,
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Мені көп күткен шығарсыңдар,
мен алыс-алыс жолдардан келемін,
менің балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.
Ақшақар:Аяз ата, балалар, аңдар сізге ән, тақпақтар дайындаған, бірінші шыршамызды жағып алайық, қанекей бірге…
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»
5. Ән хороводы: «Аяз ата». Жүргізуші: Аяз ата, енді тақпақтар тыңдаңыз.
6. Тақпақтар. Аяз ата: Балаларым, рахмет! Жарайсыңдар! Ақшақар: Аюлар келіп қалыпты, неге ренжісіп тұрсыңдар? 1 аю: Мен қоңыр аю, қоңыр аю, Бөліспеймін балымды, Бір өзім-ақ жеп қоямын. 2 аю: Бұл менікі, бермеймін, еш бөліспеймін. Жүргізуші:Ай, аюлар, аюлар, Егер балды бөліспесеңдер, Мақтаншақ деп ат қоямыз. Онанда келіңдер, ән айтып, би билеп Аяз атадан сыйлық алыңдар.
7. Хоровод биі «Жаңа жыл». Аяз ата:Е, керемет десеңші, қандай көңілді, мынадай шырша тойында қалай сендерге сыйлық таратпасқа. Қызым Ақшақар, қапшықты әкеле ғой. (Қапшықтың қасына жылан тығылып қалады).
Ақшақар: Ой, мынау не? Жылан ғой! Жылан:Мені ұмытып барасыңдар ма, бұл жыл жылан жылы, ол мына – мен. Кім мен туралы тақпақтар айтса, қапшықты беремін. 1 бала:
Отырмайсың, тұрмайсың,
Түзу жолда бұраңдайсың.
2 бала:
Аяз сүйіп қарсы алған,
Жылдың аппақ тұлғасы.
Қыстың айы қаңтардан,
Басталады жылан жылы – жылбасы.
Аяз ата:
Кел, жыланым, Ақшақарым.
Балалар сыйлықты күтіп қалды,
таратайық!
(Сыйлық үлестіру).
Рахмет айту.