Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты. Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді.
— Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын! Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады. Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді. — Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой? — Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім…
— Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді. — Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын! — Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып. Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды. «Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағы да жы¬лай бастайды. Алдынан аю шығады. — Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың? — Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. — Жылама! Мен оны қуып шығамын. — Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады.
— Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп: — Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен: — Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады. Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар. — Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады. — Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын! — Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың! — Жүр, көрерсің! Қуамын! Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады. — Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді.
— Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да шалғынша шабамын! — деп Әтеш қайта әндете бастайды. Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» -дейді. Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.