Ашық сабақ. Психология. Махаббат ұлы сезім

Oinet.kz 26-01-2020 989

Тапсырма :
« Махаббат ұлы сезім» тақырыбына оқушылар эссе және өлендер оқиды.
Махаббаттың мекені қайда деп ойлайсыздар?
Түйіндеме: Махаббат пен рухтың мекені – адамның жүрегінде. Жүректің жылуы, махаббат , ар-намыс, қайрат –жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды Рух азығын рухани әлемнен алады.. Адам баласы осы жүрек арқылы сүюді сезуді қабылдап өмірлік тәжірибе жинайды. Қазақ тілі өте бай, ата бабаларымыз астарлап сөйлегенді ұнататын, сол сөздерден қазақ тілінде фразеологизмдер пайда болған. Жүрекке байланысты айтылған фразеологизмдердің мағынасын тауып айтайық. Слайдтағы тапсырмалармен жұмыс
Сергіту сәті: Мына менің қолымда нені көріп тұрсыздар? Ол қандай жүрек? Жансыз. Ал енді осы жансыз жүректі біз сіздермен жандандыра алар ма екенбіз? Қалай? Ол үшін алдарыңызда жатқан кішкентай жүрекшелерге өзіңіздің естігіңіз келген сөзіңізді жазып осы жүрекке әкеп жапсырамыз. Енді карайық жүрегіміз қандай болды, әдемі, сұлу ...

Ал енді осы махаббатты білдірудің қандай тілі бар екенін білесіздер ме?
Қолымдағы түрлі- түсті жүректерді таңдап алып сұраққа жазбаша жауып береміз ?
Шығармашылық жұмыстар: Топтық жұмыс
А).
1. Сыйлық
2. Көмек Ол не?
3. Уақыт Не үшін қолданады?
4. Жақындау Не ескеру керек?
5. Мадақтау
Әр жұп не топ жазғандарын айтып қорғайды. Міне балалар, өзіміздің сүйіспеншілігімізді біреуге білдіру үшін, осы әрекеттерді дұрыс қолдана білуіміз өте қажет.

Ә ) «Махаббат» сөзіне синоним ұғымдарын іріктеп жазу.

Б) «Махаббат», «Жүрек» сөзідеріне синквеин құрау. \өлен жолдары\ Бірінші жол : Зат есім Екінші жол: Сын есім екі сөзден Үшінші жол: Етістік үш сөзден Төртінші жол: Лепті сөйлем

Иә балалар, қандай адам болмасын, оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Жер, Су – бәрі бірімен бірі үзілместей болып шиеленіскен. Күнсіз Жер жоқ, Жерсіз Су жоқ. Бұл - табиғат гармониясы. Адамды адам етіп жаратқан да сол - махаббат гармониясы. Адам бірін-бірі жек көруден емес, жақсы көруден көркейеді, өрісі кеңиді. Ұлы ғұлама ақын жазушыларымыз да, өз еңбектерінде махаббат жайында көп жазады соның бірі Муқағали Мақатаевтің « Бәріде махаббаттан басталады » атты бейне роликті тындаңыздар. ВИДЕОСЛАИД

Жүректен жүрекке: \жүрекшелер үлестіру\ Сабағымызды қорытындылай келе мен сіздерге жүрегімнен шыққан жылы сөздерімді сыйлаймын. Жан дүниелеріңіз мөлдір болып, махаббаттарыңыз шынайы таза, сұлу болсын,- дегім келеді.
Сабақ ұнады ма? Не білдім?...

Баяндама «Дені сау ұлттың – рухы мықты»
Ашық сабақ. Психология. Өрт – тілсіз жау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу