Баяндама «Дені сау ұлттың – рухы мықты»
Мектеп – ол бір кішігірім планета.
Онда, қажет еткендерге, ұшуға қанат пайда болады.
Қиын жағдайға тап болған жасөспірім көмек сұрап баратын орындар жоқтың қасы. Ал баланың қай уақытта, қай жерде қиындыққа тап болатыны белгісіз. Біз қаншама ақпарат айтып, профилактикалық жұмыс жүргізіп, ақыл –кеңес, әңгіме жүргізгенмен,ол азаймай, керісінше жылдан жылға көбеюде. Өздеріңізде бұл жайында ойланған боларсыздар, сөйтсе де бұл рас,факт.
Біздерге психолог мамандарына жоғарыдан нашақорлыққа т.б бейімдерді анықтаңдар, әңгімелесіңдер табыңдар деп дүре соғады. Бірақ ол баланың бетінде жазылып тұрған жазу емес, немесе оның іс-әрекетінде білініп көрініп тұрған жоқ, және барлық тестер анық жауап бере бермейді. Тіпті өткізген барлық тест жақсы нәтиже көрсетіп тұрғанның өзінде, ол баланың проблемасы жоқ деп ешкімде кепілдеме бере алмайды.
Жұмыстың көптігіне қарамастан, мамандар, яғни, біздер психологтар бейімі барларды қолымыздан келгенше, қолымызда бар сауалнамалар, анкеталар арқылы байқап отыруымыз керек екенін түсінеміз. 100 пайызын анықтамасақ та, кейбіреуінің алдын алуға жұмыс жүргіземіз, ол үшін өз тәжрибемде мынадай ұстанымдарды қоллданамын: балаларға өлім туралы,суицид жайында күңгірт әңгімелер айтудан аулақ жүремін (тіпті ондай сөзді анда-санда ғана қолдануға тырысамын), одан да тренинг, тренинг элементтері бар сабақтарды өткізгенді жөн көремін. Ол сабақтарда балалар өмірдің құндылығын сезініп, өмірдің маңыздылығын ұғынып, өмірді сүю керек екенін ұғынады, сұрақтарын қойып жауабын алады , ойланып түйін түйеді. Балалар ойын жаттығулар арқылы сол сабақтарда өздеріне керек көп информацияны қабылдап, қиын сәттерден қалай шыға білу керек екенін анықтап, өздері іздеген сұрақтардың жауаптарын тауып ала алады. Мынадай қарапайым сұрақтар оқушылардың жанын түсінуге көмектеседі:
1. Өмірде кімге және неге сенесіздер?
2. Сіз сеніміңізді қайда,қалай танытасыз?
3. Қалай ойлайсыз адамдарға сену үшін ,оларда қандай қасиеттер болу тиіс?
Ал, «Соқыр мен жетекші» (Слепой и поводырь) , «Кемелер мен биік жарлар» (Корабли и скалы) жаттығулары балаларға қаншалықты олар басқа адамдарға сенімділік арта алатындарын байқатады. Ал өткізілген бір сабақтағы «Сенім мен жалғыздық » атты аңыз балаларға сенім пайда болғанда, жалғыздыққа жол болмайтынын аңғартты. Көбінесе жоғарғы сыныптарға сабақ беретіндіктен олармен өмір жайында көп әңгіме қозғауға тура келеді. Әңгімелесе пікірлесе келе, оқушылардың көп жағдайды дұрыс анықтай талдай алатынын байқаймыз, бірақ-та өмірде дәл солай жасай бермейді.
Тақауда 11 сынып оқушыларымен өмірдің құндылығы жайында талдау жасай келе, «Процентсіз кредит» атты бір әңгіме оқып бердім. Әңгімеде бір кейіпкердің үлкен бір ұтыс ұтып алғаны жайында айтылып, сол кейіпкер өздері екенін көз алдарына елестетулерін ұсындым. Ол ұтыс, банктің процентсіз әр күн сайын адамға 86400 тенге кредит беретіні жайында. Ертеңгі күні қайта жаңадан счет ашып 86400 тенге беріледі, бірақ банктің қоятын талап ережесі бар:
– Бірінші ереже , берілген ақшаны бір күнде ұстап бітіруі қажет, банкті алдауға болмайды Мысалы: біреудің атына аударып жіберуге, ал ұстап бітіре алмаса банк қайта өзіне алып алады. Ертеңгі күні қайтадан 86400 тенге жаңадан счет ашылады.
- Екінші ереже: Банк ойынды аяқ асты хабарламай тоқтата алады, ол сізге болды бітті счетыңыз жабылды жаңа счет ашылмады,- деп қане айтады.
Әрине оқушылардың қалауы, дәл әңгімедегі кейіпкер сияқты алды артына қарамай өз қажеттерінің қалаулары бойынша ақшаны сыйлыққа, көлікке, котедж, демалуға, тіпті жақындарына, қайыршы адамдарға,жетім-жесірлерге бәріне беріп тағы не аитарларын білмей тоқтап қалды. Содан бұндай сыйқырлы банк әр қайсыңда да барғой,- дегенде балалар қалай ?,деп таңырқап қалды. Қайтіп, қалай?
Ол балалар - УАҚЫТ. Иә, ол күнделікті сендерге өмір сүруге берілетін уақыт.
Әр күні көзімізді ашып оянғанда біз кредитке 86400 секунд өмірді кредитке аламыз, ал кешке ұйықтар кезде запасымыз аяқталып, қолданбай қалған уақытымыз босқа кетеді. Әр таңда жаңа сыйқыр қайта пайда болып, 86400 секуд өмір қайта беріледі. Сөйтіп біз күнде ережеге сай ойын ойнаймыз, одан айналып кете алмаймыз, банк әр сәтте айтпай счетты жаба салуы мүмкін, өмір секунды аяқ асты тоқтап үлгермей қалуымыз әбден мүмкін. Сондықтан да, әр берілген секундымызды босқа өткізбей, жоспарлап, мақсат қойып соған жетуге әрекеттенуіміз қажет. Осындай өз тәжрибемде өмір жайында бірнеше қолданып жүрген сабақ тақырыптарын қолданамын «Өмір ... – менің ойымша ...», «Құпия документ», «Зиянды әдеттерден сақтану жолдары», «Шөл дала» т.б.Тренингтер «Өмір мен сені тандаймын», «Менің қасымдағы адамдар», «Как стать счастливой», Ата-аналармен сынып сағаттарын өткіземіз «Қауіп –жақын жерде», «Өзіміз туралы және бәріміз туралы әңгімелесейік», Театрландырылған қойылым«Темекі адамды аздырады»
Осындай әңгіме, аңыз, ертегілер арқылы профилактикалық түзету жұмыстарын жүргізу әлде қайда тиімді болар деп ойлаймын.Оқушылар өздерінің басқаларды қаншалықты ұға білетіндерін, түсіне алатындарын үйреніп,бір-біріне, өздеріне сенімді болуға,өз мінез-құлықтарын өзгертуге үйренеді, істеген ісіне жауапкершілікпен қарап, алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылуға үйренеді.Осындай әр психологтың жиынтығында бар ойындар,методикалық әдіс-тәсілдер,визуалдды жаттығулар, проекті әдістер, арт-терапиялық әдістер оқушының мінезін ғана қалыптастырып қоймай, өмірлік ұстанымын шыңдап, ішкі сенімсіздікті жойып,стресске, қиындыққа деген төзімділіктерін нығайта түседі, бірақ ең бастысы олар нәтижелі болуы қажет, әшейін жәй есеп үшін ғана істелмегені жөн болар.
Сөзімді түйіндей келе тағы бір аңыз әңгімемен аяқтағым келіп тұр.
Бір жолаушы өзеннің бойында келе жатып, көмек сұраған балалардың дауысын естиді.Өзеннің жағасына қарай барып қараса, суға батып бара жатқан балаларды көріп, көмекке ұмтылады. Ол екінші бір өтіп бара жатқан жолаушыны адамды көріп, оны да көмекке шақырады. Кенет үшінші жолаушы адамды көріп оны да көмектесіңіз деп шақырады. Бірақ ол адам оларға көңіл аудармай адымын одан әрмен тездетіп жүре түседі. Сонда :
- Саған не мына батып бара жатқандардың өмір сүру-сүрмеуі бәрібір,ме?- деп сұрайды. Сонда ол былай жауап береді:
- Мен сендердің өздерің-ақ оларды аман алып қалатындарыңа көзім жетіп тұр. Мен одан да,өзеннің анау бұрылысына барып, неліктен балалар өзенге құлап кете беретін себебін біліп, соның алдын алайын,-дейді.
Бұл аңыз бүгінгі өзекті мәселенің шешімі, алдын-алу жұмыстарының дұрыс жолға қойылуының дәлелі. Яғни балалардың өміріне тәрбиесіне жауапты адамдар педагогтар,психологтар, ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеттері : «өзеннің бұрылысына жүгіріп жетіп,балалардың өзенге құлап кетуіне жол бермеу». Дұрыс жолға қойылған алдын-алу іс-шаралары баланың жаман әдеттен аулақ болуының кепілі. Сіз бүкіл әлемді өзгерте алмайсыз, бірақ бүгін қай жерде болса да бір адамның жеке әлемін өзгерте аласыз.