Ашық сабақ. Психология. Тренинг сабақ
1-жаттығу
Амандасу жаттығуы
Қол алысып амандасу жаттығуы тек ерекше тәсілмен. Ол былай жүзеге асырылады: қатысушы екі қолымен бір уақытта амандасуы тиіс , бір қолыңды тек амандасатын қатысушыны тапқан кезде ғана жіберуге болады. Ойын үнсіз әрі тез орындалуы керек.
Жаттығудың мақсаты: Қатысушылар арасында байланыс орнату.Қол алысып амандасу –адам көңілінің кеңдігінің символдық белгісі . Жаттығу үнсіз орындалатындықтан байланыс көз арқылы жүзеге асырылады бұл ішкі жағымды байланысты нығайтады.
2- жаттығу
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
«Кім жылдам» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір-біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың , «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.
Жаттығудың мақсаты: оқушының ойлау қабілетін жақсарту және шапшаңдыққа сынау.
3-жаттығу
«Бір өтірік, бір шындық» жаттығуы
Жүру барысы: Қазір біз өзіміз бір шындық пен бір өтірік өз ойымызды айтамыз. Мысалы: Мен мұғаліммін және де менің ұшағым бар.Өз ойымызды еркін болжамсыз жеткізуіміз қажет.
Талдау: Шындық бұл біздің қазіргі іс-әрекетіміз, қазіргі біздің бейнеміз, ал өтірік бұл біздің арманымыз, өз қиялымыздың жүзеге асуын қалап жүрген ойларымыз»
Сіздің ойыңыз қалай?
4-жаттығу.
Сен өмірде қандайсың?
Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығуы керек.