Ашық сабақ. Бала-бақша. Ойыншықтар әлемінде

Oinet.kz 26-01-2020 1362

Павлодар облысы

Ақсу қаласы

 КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы

Тәрбиешісі : Гульмира Серікқызы Кулдошбекова

 

    Тақырыбы: «Ойыншықтар әлемінде»

Білім беру саласы : «Қатынас»
Бөлімі: тіл дамыту
Мақсаты:
Білімділік: ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын.
Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту
Тәрбиелік: олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту. талдау. әдемілікке тәрбиелеу
Билингвальдық құрауыш: Ойыншықтар әлемінде, доп, қуыршақ, жұмсақ ойыншықтар, матадан жасалған ойыншықтар.
Керекті материалдар: ойыншықтар:
Мотивациялық түрткі болатын Шаттық шеңбері
Армысың жарқыраған күн,
Армысың жер ана!
Армысың көгілдір аспан.
Армысың апайлар,
Армысың сен және мен.
- Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?
- Доптың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Доптың қимылы қандай?
- Қане бәріміз допша секірейікші?
Кім доп туралы тақпақ біледі?
Доп.
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің.
Тарелканы сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмыз сені тепкілеп.
- Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
- Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен
Ал мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен.
Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Қуыршақ қалай жүреді?
- Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
- Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Машинамен ойнайды.
- Ал машинаның түсі қандай?
Кім машина туралы тақпақ біледі?
Машина.
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын. Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтарың бар? (Балалардың жауабы).
- Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жұмсақ, қатты, резиналы. Көрмеге темірден, ағаштан, пластмассадан және матадан жасалған ойыншықтар қойылады. Бір ойыншықты біз ойыншық дейміз. Ал, көп ойыншықты қалай атаймыз? (Балалардың жауабы).
Балалар біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап, сипау арқылы оларды қандай екенін білеміз. Балалар қане есімізге түсірейікші, ойыншықтар қандай заттардан жасалады.
Тосын сәт:
Ән әуенмен күлдірген топқа кіріп балалармен амандасады. Балалар мен сендердің ойыншықтар туралы айтып жатқандарыңды естіп келдім. Менің сендерге тапсырмаларым бар, егер де сендер сол тапсырмаларды орындасаңдар, мен сиқырлы таяғыммен сендердің тілектеріңді орындаймын. Ал ендеше тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма?
Балалар сендердің алдарында үш арал жатыр. Мына ойыншықтарды сол аралдарға орналастырамыз. Бүл аралдар жәй аралдар емес, сиқырлы аралдар. Осы аралдан басқа ортада көп ойыншықтар бар, олар өз аралдарын таба алмай жүр екен, сендер осы ойыншықтарды сапалары бойынша әр аралға орналастырасыңдар
1 - Матадан жасалған
2 - пластмассадан
3 - Резинадан жасалған ойыншықтар. Сипаттама беру.
Өте жақсы балалар сендердің көмектеріңмен барлық ойыншықтар өз аралдарын тапты.
Күлдірген: Балалар қандай керемет сендер барлық ойыншықтарды өз аралдарына орналастырдыңдар.
Балалар сендер тапқыр, білімді екенсіңдер, мен сендермен ойын алып келдім,

Ойын: «Ғажайып қоржын» атты ойын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша көздеріңді жұмып қоржыннан кез - келген ойыншықты аласыңдар. Алған ойыншықтарыңның атын, неден жасалғанын, түсін, қатты, жұмсақ екенін айтып, жақсы мейірімді тілек білдіресіңдер. Мысалы, мен ойыншықты сындырмай таза ұстаймын. Ол менің сүйікті ойыншығым болады.

Жел уледі: у - у - у
Құйын келіп биледі зу - зу - зу
Қатты, қатты жел соқты гу - гу.
Жапырақтар қол соқты ду - ду.
Шыдай алмай жапырақтар ах - ах.
Билеп кетті қалтырап пах - пах.

Ұйымдық - іздену Балалар мен сендерге сиқыр көрсетейін бе? Беті жабулы ойыншықтарды сиқырлы таяғымен түртіп, ойыншықтардың бетін ашып жібереді. Балалар бұл ойыншықтарға мен тіл бітірдім, олар енді сөйлейтін болды.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ойыншықтардың атауларын.
Түсінуге тиіс: Ойыншықтарды, оларды топтастыруды
Істей білуі керек: Ойыншықтар туралы ойынды ойнауды

 

                           

 

 

 

 

Павлодар облысы

Ақсу қаласы

 КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы

Тәрбиешісі : Гульмира Серікқызы Кулдошбекова

 


Ашық сабақ. Бала-бақша. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ашық сабақ. Бала-бақша. Ғарыш әлеміне саяхат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу