Ашық сабақ. Бала-бақша. Ғарыш әлеміне саяхат
Қарағанды облысы. Сәтбаев қаласы
№5 «Нұрбөбек» б\б тәрбиешісі КМҚК
І-санатты тәрбиеші Абдрахманова А.Х
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Сауат ашу
Сабақтың мақсаты: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру
Білімділік: сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту.
Дамытушылық: дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.
Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту,
Тәрбиелік: балаларды ғарыш әлемінде өзін-өзі ұстауға, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс- тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер мен буындар, жұлдыз, зымыран мен
ғаламшарлардың суреттері,көкөністер мен жемістер, дидактикалық материалдар
Белингвалды компонент: Ғаламшарлар-планеты, зымыран-ракета,
ғарышкерлер-косманавты,
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлемдесіп аламыз
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз,
Қуант,шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы күн балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
Әңгімелесу. Слайд
- Аспанда нелер болады, балалар? Планеталар болады (ғаламшарлар)
Біздің тұрып жатқан жеріміз мына глобус сияқты дөңгелек тәріздес.
- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет?
- Зымыран әлемдегі ғаламшарларды зерттеу үшін қажет.
-Зымыранмен кімдер ұшады?
- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады.
-Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз?
- Зымыран ұшатын орынды – космодром
- Ең алғашқы ғарышкер кім деп ойлайсыңдар? Ю.А. Гагарин
- Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен
Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар - ержүрек, батыр, халық
қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті
үлкен азамат болуымыз керек.
Ал балалар ғарышкерлер туралы тақпақ білесіңдер ме?
Кемел:
Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер Талғат Мұсабаев
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.
Шыңғысхан: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
Алтын бесік тербеткен
“Байқоңырдан ”аттандың
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.
- Сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
- Олай болса, біздер бүгінгі ғарыш әлеміне саяхатқа жасайық.
қызықты тапсырмалар орындаймыз, яғни ғарышкерлер боламыз.
1-ші планетамыз Венера
Балалар стрелка арқылы планетаға келіп жетеді.
Тәрбиеші: -балалар бізге хат қалдырып кетіпті. Хаттың тапсырмасын оқиын.
Тапсырма : Сөздер мен дыбыстар
Дыбыс. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дыбысты біз естимыз, әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.
Дауысты дыбыстар жуан , жіңішке болады.
Ана деген сөзге дыбыстық талдау жасау. Ана деген сөзде үш дыбыс бар.
Бірінші дыбыс А – жуан дауысты дыбыс. Екінші дыбыс Н – дауыссыз дыбыс.
Үшінші дыбыс А – жуан дауысты дыбыс. Барлығы үш дыбыс бар.
Бір дауыссыз, екі дауысты дыбыс.
Ойын «Жемістер мен көкөністер» ойыны
2. Планета «Сатурн»
Тапсырма : Буын неден тұрады? Буын сөзден тұрады.
Тапсырмалар бойынша буынға бөліп оқыту.
Ойын : Өтілген әріптерге сөз ойла және тез ойла»
Ойын: «Жасырынған сөзді тап»
Шарты: балалардың алдында сандар тұрады.
Балалар сандарды алып,қатар-қатар тұра қалады да,сандардың екінші жағын
аударады да ,жазылған сөздерді басқа балалар оқиды.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
а | н | а | н | а | н | а | ғ | а |
Ойын : «Өтілген әріпті ата және тез сөз құра»
3.Планета: Юпитер
Тапсырма:
- Балалар, жұлдыздар қандай тамаша! Жарқырап тұр. Сендерге ұнай ма?
Ендеше көңілімізді бір көтеріп бір сергілті жаттығуларын жасап алайы.
Балалармен « Тіл ұстарту жаттығулары»
Енді демалып, шаршағанымызды басып, бір шынығып алайық
Қалай балалар дайынбыз бе?
Кел,балалар, кәнекей,
Парақтайық әліппей,
Талай қызық күтуде
Бәрімізді әлемде.
Жалықпа сен, жалықпа,
Оқы,тоқы арманда,
Бәрін білген балаға,
Жақын болар алыста.
4 Планета:Марс
Ой, балалар марс планетасына
да келіп жеттік. Робот қонаққа келеді.
Сәлеметсіздерме, балалар! Жер шарын аралап жүрмін.
Міне ,Марсқа да келіп жеттім. Мен жай жүрген жоқпын.
Марсты зерттеп жүрмін. Балалар мен сендердің білімдерінді тексергім келіп
тұр.
-Сендер қай планетадан келдіңдер?
-Жер әлемі планетасынан келдік.
-Өз әлемдерін жайлы не білесіңдер?
-Біз сізге тақпақтар, әріптерге байланысты тақпақтар айтып береміз.
Балжан:
А-деген ол аналар ғой, ардақты,
Ә-деген ол әжелер ғой салмақты
Б-деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Сондықтан да алшақ кетпес расында,
Тұрады олар – алфавиттің басында
Мунира:
«Ғ» Ғасыр, ғылым, ғаламшар,
Ойлаған ғалым адамдар
Ғарышкерлер ұшқанда
Жасайды ғажап қадамдар
Мен «Ғ» әріпімін
Муханбетәли :
«Н» Нан - әлемнің азығы
Дастарқанның қазығы
Нар - түйенің асылы,
Өрісі ел жазығы
Мен «Н» әріпімін
Исмат: Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны,
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті.
Ардақтайды, қолдайды.
Аида: Тиіспе,күшік, қоянға,
Тентектікті қойыңдар!
Кикілжің жоқ аранда,
Тәту тәтті болыңдар!
Робот: балалар сендер қандай білімді, тапқыр балалар екенсіңдер.Мен мынадай
балаларға қалай сыйлық бермеске, жай сыйлық емес,сиқырлы сыйлық.
Тәрбиеші:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақса,
Сау-саламат болыңдар!