Ашық сабақ. Математика. 7 санын қосу және азайту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы
№98 орта білім беретін мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Жұмағали Зоя Өмірзаққызы
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларғақосужәнеазайтудытиімдіәдістерінпайдаланаотырып, есептершығарабілугеүйрету.
2. Оқушылардыңлогикалыққабілеттерін, естесақтау, есептейбілудағдыларындамыту.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққатәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Пәнаралықбайланыс: анатілі, музыка, сурет, дүниетану
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру
Көрнекіліктер : комьпютер, интерактивтітақта,
Сабақтыңбарысы:
Сәлемдесу. – Балалар, қазір математика сабағы. Біздің математикалық білімімізді тексеру үшін қонақтар келіп қалыпты. Қане, тұрып қонақтармен сәлемдесейік.
Үлкенге де сіз,
Кішігеде сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
-Жарайсыңдар! Олай болса, сабағымызды бастайық.
-Сыныпта кезекші кім?
-Сабақта кім жоқ?
-Жақсы отырыңдар.
Енді дәптерлерімізді ашып, үй тапсырмасына дайындалып отырыңдар.
(Оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалау)
- Балалар, қазір менің алдымда үш түрлі алмалар жатыр. Осылардың ішінен әуелі қызыл, одан кейін жасыл, сары тағы жасыл алмаларды тақтаға ретімен ілеміз. Оларды жайдан-жай ілмей артында бізге берілген тапсырмаларды орындап барып ілеміз. Олай болса, қане бастайық.
-Жарайсыңдар! Қане ілген алмалардағы сөздерімізді оқиық.
7 санын қосу және азайту. Бұл біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы.
Мұғалім түсіндірмесі:
-Балалар, кез-келген санға 7-ні қосып, кез-келген саннан 7-ні азайта аламыз. Оны мынадай мысалдардан көруге болады.
1+7=8 10 - 7=3
2+7=9 9 - 7=2
3+7=10 8 - 7= 1
7 - 7=0
Сонымен қатар, 7 саны қасиетті де киелі сан. "Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" , «Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл»сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.
-Олай болса, балалар, 7 санының қасиетті, киелі сан екенін білдік. Ендеше жаңа сабағымызға көшейік.
-Балалар, 1 аптада неше күн бар?
- 7
-Атайықшы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
-Жарайсыңдар!
-Енді осы 7 күн біздің сабағымызға бір жағынан қонаққа келіп отыр, себебі сендердің білімдеріңді көргісі келеді. Екіншіден, көмек сұрай келіпті. Өздері сондай аянышты.
-Неге екенін білгілерің келе ме?
-Айтайын.
Бір күні осы 7 күн өздерінің қай күннен кейін тұратын орындарын ұмытып қалыпты. Бірінің орнына бірі тұрып араларында « мен бірінші тұрам» деген жанжал басталыпты. Мұны естіп ашуланған Ақпан деген ызғарлы да суық ай оларға мынадай бұйрық беріпті. «Егерде сендер бір күннің ішінде өз орындарыңды дұрыс тауып тұра алмасаңдар, келесі аптада келетін көктемнің шуақты, мерекелі Наурыз айын елдеріңе жібермеймін депті. Олардың дұрыс тұруы үшін әрқайсысына бір-бір тапсырмадан беріпті. Кімде-кім менің берген тапсырмамды дұрыс орындап, өз орнын тапса, Наурыз айын келтіріп, 8 наурыз бен 22 наурызды тойлайсыңдар. Ал орындай алмасаңдар күн ызғарланып, осы қаһарлы қыс мезгілінде қалып қоясыңдар» депті. Сол тапсырманы алған 7 күн бүгін бізде ерекше математика сабағы болып жатқанын естіп, бізден тапсырманы бірге орындауға көмек сұрай келіпті.
-Сендер 7 күнге көмектескілерің келе ме?
-8 наурыз Аналар мерекесі мен 22 наурыз Жаңа жылымыз Наурыз мерекесін тойлағыларың келе ме?
-Олай болса, аптаның бірінші күні Дүйсенбінің тапсырмасын орындайық.
№1. 1+7=8 7+1=8
2+7=9 7+2=9
3+7=10 7+3=10
Ереже: қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді.
7-1=6 7-2=5
7-2=5 7-1=6
7-3=4 7-0=7
- Жарайсыңдар, балалар! Дүйсенбінің тапсырмасын орындадық, өз орнын тауып бердік. Енді Дүйсенбінің көңіл-күйі қандай екен, көрейікші.
Енді аптаның екінші күні Сейсенбінің тапсырмасын орындайық.
№2
Кесінділерді өлшеп, қосындыларын және айырмаларын табамыз.
- Балалар көк кесіндіні өлшейміз 9 см. Қызыл кесінді 7 см. Екеуінің айырмасы неше. 9 - 7=2 - ге. Қызыл кесінді 2 см кем.
- Енді балалар жасыл кесінді мен қызыл кесінділердің ұзындықтарының қосындысымен салыстырамыз. Ал қызыл кесінді 7 см жасыл кесінді 3 см. Екеуінің қосындысы 10 - ға тең. Олай болатын болса жазамыз.
9см - 7см=2см
7см+3см=10см
2см< 10cм
- Жарайсыңдар, балалар! Сейсенбінің тапсырмасын орындадық, өз орнын тауып бердік. Енді Сейсенбінің көңіл-күйі қандай екен, көрейікші.
Енді аптаның үшінші күні Сәрсенбінің тапсырмасын орындайық.
№3
Үлкен қасық-10 ? артық
Кіші қасық-7
Ш: 10-7=3 Ж:3 қасық артық
- Жарайсыңдар, балалар! Сәрсенбінің тапсырмасын орындадық, өз орнын тауып бердік. Енді Сәрсенбінің көңіл-күйі қандай екен, көрейікші.
Сергіту жаттығуы
Енді аптаның төртінші күні Бейсенбінің тапсырмасын орындайық.
№4
9-3 9-4
9-азайғыш, 3,4-азайтқыш
9-2=7 9-7=2
9-5=4 9-7=2
9-6=3 9-8=1
9-9=0
- Жарайсыңдар, балалар! Бейсенбінің тапсырмасын орындадық, өз орнын тауып бердік. Енді Бейсенбінің көңіл-күйі қандай екен, көрейікші.
Енді аптаның бесінші күні Жұманың тапсырмасын орындайық.
№5
10-6<3+5 1+7>9-2
4+5>7-7 8-3<7+0
8-7<4+4 2+7>6-1
- Жарайсыңдар, балалар! Жұманың тапсырмасын орындадық, өз орнын тауып бердік. Енді Жұманың көңіл-күйі қандай екен, көрейікші.
Енді аптаның алтыншы күні Сенбінің тапсырмасын орындайық.
№6 Жауабын ата
Зообақта болғанда
Құмда ойнаған үшеуін,
Әткеншек тепкен екеуін,
Арқаларын қыздырып
Отырған тағы үшеуін
Көріп қалып санадым.
Қанша маймыл байқадым?
3+2+3=8 маймыл
- Жарайсыңдар, балалар! Сенбінің тапсырмасын орындадық, өз орнын тауып бердік. Енді Сенбінің көңіл-күйі қандай екен, көрейікші.
Енді аптаның жетінші күні Жексенбінің тапсырмасын орындайық.
№7
«-Мен туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер, айтыңдаршы» дейді.
1.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2.Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
3.Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.
4.Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.
5. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.
6.Жеті атасын білмеген жетесіз.
-Жарайсыңдар! Жеті туралы көп мақал-мәтел біледі екенсіңдер. Жексенбі де сендерге дән риза және өз орнына жайғасты.
Біз бәріміз бірге отырып аптаның жеті күнін өз орындарына орналастырдық. Олардың көңіл-күйлері де тамаша. Енді біз келесі аптада көктемнің алғашқы айын қарсы алатын болдық.
(суреттер көрсету: 8 наурыз, 22 наурыз)
Жұмбақтар
Шығырмақ болып кеше есеп,
Жиналды жеті есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (7-3=4)
Он асықтың үшеуін,
Досын сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолында қалады? (10-3=7)
Бесбайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Нешеуі болар шешуі? (5+2=7)
Жетіден бірді алайық,
Қанша бала қарайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық. (7-1=6)
Қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Кел, ойнайық! Логикалық тапсырма.
Келіп, сабағымызды тамашалағандарыңызға рахмет!
Жеті шелпектен дәм татыңыздар!
Сандар мен цифрлар
Әлемде үлкен ел болыпты.Бұл елдің тұрғындары сандар екен.Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көпшілігі соншама,санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он:1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.
Сандар мен цифрлар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу «он бес»десе,15 саны жетіп келеді,егер оны жазу керек болса 1мен5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды қояды екен.
Күндер өтіп жатады.Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрға келіп:
-Біз көппіз,ал сендер бар болғаны онсыздыр.Сондықтан біз сендерден мықтымыз,-дейді.
Цифрлар сандарға ренжіп қалады.Сонда О цифры басқа цифрларға:
-Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік.Сандар өздері қалсын.Көрейік,не істейтіндерін? –дейді.
Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады.Енді әркім өз үйінің есігіне нөмерін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын қанша айқайласа да ештеңе шықпайды.Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой.Сонда ғана сандар қаншама көп болсада ,цифрларсыз өмір сүре алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып,кешірім сұрап,елдеріне цифрларды қайта алып келеді.
Содан бері сандар мен цифрлар тату-тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен.
Нүктелер достығы.
Ерте-ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті.Бұл өзі өте әдеміқызыл түсті нүкте еді.
Қызыл нүкте қақпаның сыртына енді ғана шығып келе жатса, оған қарсы бір жасыл нүкте келе жатыр.Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп,оның қайда бара жатқанын сұрайды.
-Дос іздеп шықтым.Менің қасыма қатар тұр,бірге серуендеп келейік ,-деді қызыл нүкте.Біраз уақыттан кейінқызыл нүктемен жасыл нүктенің алдынан көк түсті нүкте шықты.Осылайша нүктелер саны күннен күнге көбейіп,дос болып кетеді.Көбейгендері сонша бір қатарға тұра ұалып еді,түзу шыға келді.Осылайша түзу сызық пайда болады.
Нүктелер түзу келе жатса,түзу сызық шығады да, ал олар түзу жүрмесе қисық сызық шығады.
Ертегіні тыңдай отырып,оқушылыр түзу сызық пен қисық сызықты сызып үйренеді. ( Мұғалім түзудің нүктелерден тұратынын, түзудің кез келген жерінен нүктелер белгілеуге болатынын айтады)
10 - 7=3
9 - 7=2
8 - 7= 1
7 - 7=0