Ашық сабақ. Математика. n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы
№78 орта білім беретін мектебі
математика пәнінің мұғалімі
Жарқынбай Ғалия Жеткергенқызы
Пәні: Алгебра және анализ бастамалары
Сыныбы: 11
Күні:21.10.2015ж.
Сабақтың тақырыбы:n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері
Сабақтың мақсаты: :n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері
тақырыбын игерте отырып, :n-ші дәрежелі түбір ұғымы және оның қасиеттерімен таныстыру, нақты санның түбірі және оның қасиеттері бойынша білімді кеңейту, есептер шығарғанда түбірдің қасиеттерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімдік: математикалық білімділікке ие болу, ғылыми терминологияны түсіне білу, алған білімді тиімді қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:, тиянақтылыққа, ұжымда жұмыс жасауға уақытын тиімді пайдалана білуін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың интеллектуалды дамуына жағдай жасау, логикалық ойлауына мүмкіндік беру, әрекеттеріне анализ жасай білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:проектор мен компьютер, тақырыпқа презентация, формула жазылған кесте, әдістемелік құрал, интерактивті тақта,
Сабақтың типі: аралас, алған білімді бекіту.
Оқыту әдісі:бөліктей шығармашылық әдіс.
« Жақсы дайындық, жеңістің кепілі»
Генри Форд
Математиканың өзіндік тілі бар, ол-формулалар.
С.В Ковалевская
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру (1 мин)
II.Тақырыпқа байланысты өткен сыныптарда өткен материалдарды қайталау
сұрақтары (3-4)
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру (18 мин)
IV.Жаңа тақырыпты бекіту (15 мин)
V.Үйге тапсырма беру (2 мин)
VI.Сабақты бағалау, қорытындылау (5 мин)
Сабақтың барысы:
Сыныппен сәлемдесіп, оқушыларды түгендеп, оқушыларды сабаққа
жұмылдыру мақсатында сабақтың тақырыбын хабарлаймын.
Тақырыптың мақсатымен таныстырып, өткен сыныптарда дәреже туралы
алған білімдерімізді жүгіртпе сұрақтардың көмегімен еске түсіреміз:
II.Дәрежені қалай есептейміз?
Негіздері бірдей дәрежелерді қалай көбейтеміз ?,
Санның о дәрежесі неге тең?
Санның бірінші дәрежесі неге тең?
III.Жаңа тақырып:
Анықтама: а –санының n-ші дәрежелі түбірі деп n-ші дәрежесі а санына
тең болатын в санын айтамыз
Мұндағы а саны n-ші дәрежелі түбірі таңбасының ішіндегі сан, n –түбірдің
көрсеткіші және , в саны а санының n-ші дәрежелі түбірі
Көбейтіндіден түбір шығару
Бөлшектен түбір шығару
Түбірді дәрежеге шығару
n-ші дәрежелі түбірдің n дәрежесі
Түбірден түбір алу ережесі
Түбір және түбірдің астындағы сандардың дәреже көрсеткіштерін қысқарту
Мысалы: 64 санының үшінші дәрежелі түбірі 4 –ке тең.
n-ші дәрежелі түбір анықтамасындағы түбір көрсеткішінің жұп және тақ
болатын жағдайларын жеке қарастырамыз.
n жұп сан болса, онда, тек қана оң сан, себебі кез-келген санның
жұп дәрежесі оң сан немесе 0. Демек, жұп дәрежелі түбір таңбасының
ішіндегі а саны теріс сан болуы мүмкін емес.
Егер түбір көрсеткіші n тақ сан болса, онда кез-келген саннан n-ші дәрежелі
Түбірді есептеуге болады.Бұл жағдайда теңдігіндегі а және в
сандарының таңбалары бірдей, яғни оң саннан оң, теріс саннан теріс түбір
шығады.
Мысалы:
Берілген n-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін дәрежелеу және түбір табу
амалдарының анықтамаларын пайдаланып дәлелдеуге болады.
Мысалы:
1) Берілген өрнектерді түрлендіріңіздер:
2) Түбір таңбасының алдына шығарыңыздар:
3) Түбір таңбасының ішіне енгізіңіздер:
4) Бөлшектің бөлімінде түбір таңбасы болмайтын етіп түрлендіріңіздер:
Тақтамен жұмыс №76есеп
Тақтамен жұмыс №77есеп, №78 есеп
Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары
Көбейтіндіден түбір шығару дегеніміз не?
Бөлшектен түбір шығару
.Үйге тапсырма: №80,№81 есептер
VI. Сабақты бағалау, қорытындылау
Бағалау парағы
Оқушылар тізімі | Кім жылдам? | №76есеп | Сергіту сәті | №77есеп | №78есеп | Барлығы |