Ашық сабақ. Математика. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға арифметикалық прогрессия ұғымын және олардың жалпы мүшесінің формуласын анықтау қабілеттерін қалыптастыру.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ізденіске мүмкіндік жасау.
3. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу, жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық, интербелсенді тақта, плакат, слайдтар, тест.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару,оқу-құралдарын тексеру.
II. Үй жұмысын тексеру.
Сұрақ үстімен жұмыс.
1. Сандар тізбегі деп нені айтады?
2. Тізбектің берілу тәсілдерін атаңдар?
3. Өспелі, кемімелі тізбек деп нені атайды?
4. Бірсарынды немесе монотонды тізбек дегеніміз не ?
5. Кейбір тізбектерге мысалдар келтіріңдер?
III . Жаңа сабақ түсіндіру.
Прогрессия латын тілінен аударғанда- алға қарай қозғалыс дегенді білдіреді.
Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы:
+(n-1)*d
= +d айырмасы= +d= . . . . . . . . . . . . .
+d=
Арифметикалық орта; (аn+1+an-1)/2
Мысалы: a1+4d, a8=a1+7d
I.Деңгейлік тапсырмалар:
1. 16; 21; 26; ...... арифметикалық прогрессиясы берілген. Осы прогрессияның жиырмасыншы мүшесін табыңдар.
2. Арифметикалық прогрессияның екінші мүшесі 2-ге тең, ал төртінші мүшесі 6-ға тең. Осы прогрессияның алтыншы мүшесін табыңдар.
3. -5 және 7 сандарының арасында үш сан берілген және олар бұл сандармен бірге арифметикалық прогрессия құрайды. Осы сандарды табу керек.
II. Тест жұмыстары.
III. Оқулықпен жұмыс.
№ 206 есеп.
IV. Бекіту (сұрақ үстімен жұмыс)
V. Үйге тапсырма №208, 209
VI. Оқушыларды бағалау