Ашық сабақ. Математика. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі тәсілдерін пайдалану

Oinet.kz 26-11-2019 1154

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі тәсілдерін
пайдалану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, тереңдету, жіктеудің әртүрлі тәсілдерін пайдалану.
Дамытушылық: білік дағдыларын жетілдіру өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды жүйелік түрде жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,жазылған кеспе қағаздар, бағалау
парақшалары.
Сабақтың түрі: қайталау, есептер шығару.
Пәнаралық байланыс: геометрия, тарих.
Сабақ екі кезеңнен тұрады:
І-кезең. Қайталауға арналады.
1. Анықтаманың сәйкес бөлігін сызықпен қос.

Көпмүшені көбейткіштерге
жіктеу дегеніміз.

1.Көпмүшені екі немесе бірнеше көпмүшелердің қосындысы түріне келтіру.

2. Көпмүшені екі немесе бірнеше бірмүшелердің көбейтіндісі түріне келтіру.

3. Көпмүшені екі немесе бірнеше көбейтіндісі түріне келтіру.


2. Топтау тәсілімен көпмүшені көбейткіштерге жіктеу алгоритмінің орналасу ретін сызықпен қос.

Көпмүшені көбейткіштерге топтау тәсілімен жіктеу үшін

әрбір топтан ортақ көбейткішті жақша сыртына көпмүше түрінде шығару керек

Көпмүшенің мүшелерін ортақ көбейткіштері бірмүше немесе көпмүше түрінде болатын топтарға біріктіру.

Әрбір топтан ортақ көбейткішті бірмүше түріне жақша сыртына шығару керек.

3.Тура теңдікті таңбамен белгіле.

2.3x(x-4)-(4-x)=(3x+1)(x-4)
3.8 -2x)
4.(2 (-5



Тақтаға екі оқушы шығып, мына кестені мысалдар жазу арқылы толтырады.
Көбейткіштерге жіктеу тәсілдері

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару Топтау тәсілі


Тапсырма: Бәйге
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар


Тест
1. Ұқсас бірмүшелерді табыңыз: 1) -5ху; 2)7а; 3)2ху; 4)-8.
А.1 және 2; В.1 және 3; С. 1 және 2; Д. 3 және 4;
2. Өрнектердің қайсысы көпмүшелік болады?
1) 5х+у3; 2) 12ху; 3)3; 4)а2ху3;
А. 3; В.2; С.1; Д)3;4;
3. Өрнекті ықшамдаңыз: а3×(3а3)2;
А.3а6 ; В. 3а9; С.9а9; Д)6а9;
4. Көпмүшелікті стандарт түрге келтіріңіз: 4×х×х×х×2-6х5+х3×х4
А.4х-6х5+х7; В. 8х3-6х5+х7; С.х7-6х5+8х; Д. Х-6х5+8х;
Ықшамдаңыз: (9а-2b)-(5а-3b);
А. 4а+5b; В. 4аb; С. 4а+b; Д.х7-6х5+8х;
6.Өрнекті көпмүше түрінде жаз. 2а(а2+а+1);
А. 2а3+2а2+2а; В.2а3-2а+2а; С.2а3+2а+1; Д.2а3+2а;
Тест жауаптары: 1В, 2А, 3С, 4В, 5С, 6А

Сабақты бекіту (сұрақ жауап үстімен)
1.Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін қандай тәсілдерді пайдаланамыз?
2. а2- b2 неге тең?
Оқушыларды бағалау.
Сабақты қорытындылау.
3.16х21у2у2х мұндағы х꞊1,у꞊3;
Шешуі: 16121991осы сандарға дұрыс нүкте қойсаңдар бір тарихи дерек шығады.
16.12.1991 яғни, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні
4. Теңбүйірлі үшбұрыштың бір бұрышы 90 º -қа тең болса, қалған екі бұрышы неге тең?
5. Бір сабақтың ұзақтығы неше минут?
6. 1, 3, 5, 9, 15, 45 қайсы санның бөлгіштері?
7. Мына сандардың қосындысы неге тең?
1+2+3+4+5+6+7+8+9;
Сонымен оқушылар бүгінгі сабақты қорыта келе,тәуелсіз еліміздің болашағы сіздердің қолыңызда, ол үшін сіздерге мықты білім керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев елімізді «алға жетелейтін білімді де, парасатты азамат»- деген болатын. Демек, болашақ кілті-білімде, ал білім кілті сіздердің қолдарыңызда деп сабағымызды аяқтаймыз.

Ашық сабақ. Математика. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
Ашық сабақ. Математика. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу