Биыл ҰБТ қалай өтеді?
31-03-2021
Сабақтың тақырыбы: Перпендикуляр және көлбеу.
Сабақтың мақсаты:
Бір нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр мен көлбеуді салыстыру. Тік бұрышты үшбұрыштағы тригонометриялық қатыстар. Перпендикуляр және көлбеудің проекциясы және табаны ұғымын енгізу,көлбеу оның проекциясы және перпендикуляр арасындағы байланысты талдау
Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануда өзіне сенімділігін арттыру; оқушылардың білім деңгейін көтеру
Тәрбиелік: оқушыларды білімді саналылықпен меңгеруге үйрету, ойда сақтау қабілеттіліктерін дамыту.
Сабақты түрі : ауызша-жазбаша баяндау,практикалық
Сабақтың көрнекілігі : слайдтар, жаңа сабаққа арналған модельдер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру
Сұрақтар:
1. Жазықтыққа перпендикуляр түзуге параллель түзу жөнінде не айтуға болады? (екінші перпендикуляр).
2. Бір жазықтыққа жүргізілген бірнеше перпендикуляр жөнінде не айтуға болады? (олар өзара параллель).
3. Кеңістікке нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық қалай анықталады?
4. Пифагор теоремасын айтыңдар?
5. Тік бұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы тригонометриялық қатыстар.
Жаңа сабаққа қысқаша түсінік
Сабақты кеңістік пен жазықтықта баяндалатын перпендикуляр мен көлбеудің айырмашылығы, жазықтық пен кеңістіктің негізгі қарапайым фигураларына нелер жатады деген сұраққа оқушылар нүкте және түзу; нүкте, түзу және жазықтық деп жауап береді. Бұдан кейін перпендикуляр мен көлбеудің анықтамаларын оқулықтағы текст бойынша беремін.
Перпендикуляр мен перпендикуляр түзудің айырмашылығың түсіндіремін. Ал, перпендикуляр мен көлбеу және оның проекцияларын табандарын, оқушыларға күнделікті таныс нәрселер арқылы түсіндіремін, бұларды оқушыларға даладағы мосы ағаш, электр бағаналары мен тіреулері, оның күн тас төбеден түскендегі көлеңкесі, жылутарататын үйдің трубасы, оны құламас үшін ұстап тұрған керулі сымдар арқылы көз алдарына елестетемін және сызбалар арқылы перпендикулярды, көлбеулерді, оның проекциясын табандарын көрсетемін. Осы мысалдардың өзі оқушылардың ойын тұжырымдауына, ұғымды сатылап талдауына септігін тигізеді деп ойлаймын. Енді тік бұрышты үшбұрышты, модельдерді қарастыра отырып талдаймын.
1. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі – Планиметрия.
2. Жазықтықтың негізгі геометриялық фигурасы – Нүкте.
3. «Қатаң» деген атқа ие болған фигура – Үшбұрыш.
4. Атақты теорема иесі – Пифагор.
5. Дөңгелектің бөлігі – Сектор.
6. Үшбұрыш төбесінен қарсы жатқан қабырғаның ортасын қосатын кесінді – Медиана.
7. Нүктенің орнын анықтайтын сан – Координата.
8. Дәлелдемесіз қабылданатын сөйлем – Аксиома.
9. Бағыты бар кесінді – Вектор.
10. Тік бұрышты үшбұрышта көлбеудің ролін атқаратын қабырға – Гипотенуза.
11. Бір нүктеден түссе де ешқашан перпендикулярға тең келмейтін кесінді – Көлбеу.
12. Перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесінді немесе көлбеудің ортогональ «көлеңкесі» - Проекция.
13. Барлық қабырғасы тең болса да, дұрыс деген атқа ие емес төртбұрыш – Ромб.
Үйге тапсырма №15,17 « көлбеуге» сөзжұмбақ құрастыру