«Бәрі ұстағанның қолында кететін болса, бізде не қалады?! -Асхат Аймағамбетов (видео)
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде бұрыннан келе жатқан университеттердің емемлекет меншігінде қалуы тиіс екенлігін жеткізді. Бұл туралы Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Комиссия құрылды. Комиссия университетке барды. Қазір жұмысын атқарып жатыр. Сондықтан, соңғы нәтижесін күтейік. Бізге ең басты керегі, жаңағы Мемлекет басшысының беріп отырған тапсырмасы да осы ғой. Бізге мемлекетіміздің, жалпы ұлтымыздың қауіпсіздік мәселесі баяғыдан келе жатқан университеттердің мемлекеттің меншігінде қалуы. Ол кейбір адамдардың қолында кетпеуі керек. Сатылып кетпеуі керек. Жері болсын, ғимараттары болсын, басқасы болсын бәрі ұстағанның қолында кететін болса, бізде не қалады, деген сұрақ қой. Сондықтан біз бұдан өттік. Бізге бүгін маңыздысы осы жоғары оқу орындарды сақтап қалу. Бізде бүгін екі мәселе. Біріншіден, жекеменшік секторы болу керек. Соны дамыту керек. Бүгін де Құдайға шүкір жекеменшік университеттер жетеді. Оларды біз қолдаймыз. Оларды біз дамытамыз. Бірақ, ең бастысы баяғыдан келе жатқан қара шаңырақ Қазақ Ұлттық университеті, басқа да университеттер бар. Олар мемлекеттің меншігінде қалу керек - дейді Асхат Аймағамбетов.