Асхат Аймағамбетов вакцина қабылдағаннан кейін қандай жағдайға түскенін айтты (видео)
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз айында қабылдаған вакцинадан соң қандай күйде болғандығын жеткізді. Бұл туралы Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.
- Тамыз айында мен өзім қабылдадым. Ешқандай проблема болған жоқ. Денсаулығыма ешқандай зақым болған жоқ. Дене қызуы болсын, басқа болсын. Таңертең қабылдадым. Кешке дейін, қабылдағаннан кейін жарты сағаттан кейін оны ұмытып кеттім. Өйткені жұмыс көп қой. Жұмыс істеп кешке үйге бардым. Ештеңе өзгеріс, ештеңе сезбедім - деді Асхат Аймағамбетов.