Кенесары ханның ұрпағы шіркеу қызметкері екені рас па?
Саясаттанушы, Еуразиялық ынтымақтастық институтының сарапшысы Самат Нұртаза Кенесары ханның ұрпағы деп шіркеу қызметкері киіміндегі ер адамның суретін жариялады. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі жазды, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Суреттегі жас батюшка кім деп ойлайсыз? Бұл иеромонах - Серафим әкей. Шын есімі – Денис Анатолийұлы Кенесарин. Кенесары ханның үшінші ұлы Ахмет сұлтанның ұрпағы. Ахметтен – Әзімхан, Әзімханнан - Мадияр, Мадиярдан – Анатолий, Анатолийден – Денис (Серафим) дүниеге келеді. Айтпақшы, Әзімхан Кенесарин атақты Алаш қайраткері. Сталин заманында репрессияға ұшыраған. Әзімхан Кенесарин түрмеде отырғанда, немересінің есімі Анатолий болатынын ойламаған шығар - деп жазды ол.