Ашық сабақ. Музыка. «Аспапта ойнау техникасының шеберлігін жетілдіру»

Oinet.kz 25-05-2020 1302

Пән аты :  Оркестр

Сыныбы :  3

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Аспапта шебер ойнай білу үшін қолданылатын штрихтарды меңгеру .

Тәрбиелігі : Оқушыларды музыкалық орындаушылық шеберлікке, оның көркем эстетикалық көзқарасын қалыптастыру негізінде тәрбиелеу.

Дамытушылығы : Әр шығарманың мән – мазмұнын шынайы ашып орындауға белсенді ықпал жасау.

Сабақтың түрі : Ашық сабақ

Сабақтың әдісі :а)  теориялық

                              б)  практикалық

Сабаққа қажетті көрнекіліктер : сазды аспаптар,плакаттар,карточкалар, слайд.

Сабақ жоспары : 

  1.      Ұйымдастыру

  2.      Үй тапсырмасын тексеру

  3.      Жаңа сабақ         

    а)  теориялық

    б)  практикалық

  1.      Сергіту сәті

  2.      Қорытындылау

  3.      Үй тапсырмасы

  4.      Бағалау

 

Сабақтың жүрісі

1.Ұйымдастыру

Журнал бойынша оқушыларды түгендеу,оқушының отырысын тексеру, оқу құралын түгендеу.

2.Үй тапсырмасы

«Біздің ағай тамаша » шығармасын оқушылармен анализ жасап,күйді соңына дейін толық ойнату. Қателерімен жұмыс жасау.

3. Жаңа сабақ

а) теориялық

Аспап ойнағанда дұрыс отыру дыбысты жақсы шығаруда ерекше роль атқарады. Сондықтан аспап ойнар алдында әр оқушы отырысына көңіл аударуы тиіс. Музыканттың ойнау шеберлігі – оң және сол қол қойылымдарына тікелей байланысты.

Оркестрде орындаушы орындайтын шығарманы тиянақты анализ жасап шығуы қажет. Бұл жерде тек нотаны тану аздық етеді. Музыканы тыңдаушыға әсерлі жеткізу үшін  әр аспапта қолданылатын өзіндік штрих түрлерін білу керек. Ойнағанда шығатын дыбыс көңілге ұнамды болу үшін орындаудың әртүрлі әдістері болады.

Слайд тақтада бес бөлікке бөлінген, әр бөлігінде оркестр құрамындағы топ суреттері бейнеленген бет ашылады. (Ішекті аспаптар, ысқышты аспаптар, тілді аспаптар, ұрмалы аспаптар, үрмелі аспаптар) Әр топтың атауын айтып, құрамына кіретін аспаптарды атап шыққанда сурет артынан жаттығу ашылады. Бір бөліктің артынан «дирижер» деген сөз шығады. Бұл жерде оқушылар дирижер туралы білетінін айтып өтеді. Осылайша әр топ құрамын қайталап, еске түсіре отырып, жаңа сабақты да түсіндіре отырамын.  Бұлардың ішіндегі ең бастысы және қажеттісі «тремоло» .

Тремоло  дегеніміз  - бір немесе бірнеше дыбысты жиі алу нәтижесінде пайда болатын ұсақ діріл. Бұл әдіспен ойнағандағы орындаушының міндеті – майда әрі таза дыбыс алу, ұзындығы біркелкі әдемі дыбыс шығару болып есептелінеді. Тремолодан басқа тағы «пиццикато» деген ойнау әдісі бар (мысал ретінде алдын ала дайындалған плакатпен түсіндіру)

Пиццикато дегеніміз – шекті аспаптардан дыбыс шығарғанда шекті саусақтардың басымен шымшып тартып шығару. Пиццикато белгісі нотаның үстіне қысқартылып «pizz» деп жазылады. (мысал ретінде алдын – ала жазылып, дайындалған плакатпен түсіндіру)

Стаккато дегеніміз – екі дыбысты бір – біріне қоспай, үзіп – үзіп ойнау деген сөз. Стаккато әдісі нотаның астынан не үстінен бір нүктемен көрсетіледі. (мысал ретінде алдын – ала жазылып, дайындалған  плакатпен  түсіндіру)

Легато дегеніміз – екі немесе одан да көп дыбысты үзбей қосып ойнау деген сөз. Яғни стаккато әдісіне керісінше болады. Бүтін бір фразаны ойнар кезде тремоло қолданылады. Легатоның жазылып көрсетілуі  бір немесе бірнеше нотаны доғал сызықпен біріктіру арқылы  белгіленеді.  (мысал ретінде алдын – ала жазылып, дайындалған  плакатпен  түсіндіру)

Дирижер дегеніміз – оркестр, хор, ансамбль сияқты орындаушы коллективтерді басқару деген сөз.

б)практикалық

Плакатпен жұмыс жасап түсіндіргеннен кейін әр оқушыға штрихтарға берілген түсініктемесі бар парақшалар тарату керек. Осыдан кейін ғана жаттығу жазылған нота парақшалары таратылады. Осы парақшаға қарап отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жаттығуға анализ жасалынады.

4.Сергіту сәті.

Енді кішкене бой сергітіп алайық. Магнитті тақтаға сары күн бейнесіндегі дөңгелек пішін тұрады. Ол пішінде «мен елімді....» деген аяқталмаған сөйлем тұрады. Әр оқушыға күн шуағы бейнесіндегі қиынды қағаздар таратылады. Сол қағазға ір оқушы сөйлемді аяқтайтын өз тілегін жазып магнитті тақтайға жапсыру керек. Осы кезде күн бейнесі де толық жинақталады. (слайдтан тәуелсіздікке арналған бейне шығады. Сол сурет арқылы оқушыларға «тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай қысқаша тоқталып өту.

5. Қорытындылау

Оқушыларға  сабақ бойынша сұрақ қоя отырып, әр оқушыға таратылған нотаны ауызша талдау жасау.

1. Тремоло штрихын аспапта қалай орындаймыз?

2. Пиццикато  штрихын аспапта қалай орындаймыз?

3. Стаккато  штрихын аспапта қалай орындаймыз?

4. Легато  штрихын аспапта қалай орындаймыз?

5. Дирижер деген кім?

6. Үйге тапсырма

Алдын ала оқушыға арнап жазып дайындалған жаттығуларды беріп, үйден орындап келуге тапсырма беру.

7.Бағалау

Оқушы белсенділігіне,білімділігіне,тапқырлығына қарай бағалау.


Ашық сабақ. Музыка. Сынып сағаты «Арман – адамға қанат»
Ашық сабақ. Музыка. Ел еркесі- Ақан сері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу