Балаңызды құммен ойнатсаңыз...

Oinet.kz 05-09-2019 2351

Screenshot_8.jpg

Ойнау арқылы балалар айналасындағыларды, қоршаған ортаны танып-біліп, есте сақтау қабілетін арттырады, ойындағысын толық жеткізуді үйренеді. Сондай-ақ ойын олардың қиялына қанат бітіріп, алға жетелейді. Демек, ойын – жай ғана ермек не уақыт өткізу амалы емес, балалардың дұрыс өсіп-дамуында ерекше рөл атқаратын тәрбие құралы. Ойын түрлерінің ішінде құмның рөлі ерекше. Ғалымдар құммен ойнау баланың психологиясына оң әсер етеінін дәлелдеп отыр. Ал біздің дана ата-бабаларымыз, ата-аналарымыз ешқандай ғылымсыз-ақ құмның пайдасы бар екенін білген екен. Себебі біз бала күнімізде құммен әбден ойнадық емес пе?! Құмды жалаңаяқ басып, одан түрлі қамал тұрғыздық. Сол кезде ешкім бізге үстің кір болды немесе ауырып қаласың, құм таза емес деп айтпапты. Ал қазіргі ата-аналар балаларына көп шектеу қояды. Әсіресе, дала ойындарына. Гигиена, микроп деген сылтаумен  ұл-қыздарын құмға жолатпайды. Бұл дұрыс емес. Әрине, «Құмды ауызына салып қоя ма?» деп қорқатын болар. Ендеше, ойнауына тыйым салмай, баланың жанына отырып, бірге ойнап, құмды ауызына салып қоймауын қадағалау керек. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. Бала құм терапиясында тек қана  қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра  процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын  салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.

Хамит Бекболатов, 

Қызылорда облысы

Ата-анаңа не істесең...
«Тоқал» фильмі жайлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу