Көктемдегі бет күтімі

Oinet.kz 05-10-2020 906

Құлпырып көктем де келді. Бұл кез табиғаттың да адамның да түрленетін шағы. Сондықтан көктемде бет көп күтімді қажет етеді. Сондықтан бүгін бет күтімі жайлы кеңестер береміз.

Егер бетіңіз құрғақ болса, 100-150 грамм қара нанды қайнап тұрған суға салып, бұқтырып қойыңыз. Суығаннан кейін бетіңізге жағып, 15-20 минут жата тұрасыз. Сосын бөлме температурасындағы сумен бетіңізді шайып тастаңыз.
Бет терісі құрғақ адамдардың балық майын, жұмыртқа, сүт пен көкөніс, жеміс-жидекті 12 ай дастарханынан үзбегені дұрыс. аталған тағамдардың құрамындағы А дәрумені бет терісінің шамадан тыс құрғауына жол бермейді.
Ал егер бетіңіз майлы болса, мынадай қоспа дайындаңыз: банкаға немесе мойыны жуандау бөтелкеге бір жұмыртқаның ағын, 2-3 лимонды сығып, шырынын және еркектерге арналған иіс судың (шет елдік емес, отандық) төрттен бір бөлігін құйыңыз да дұрыстап шайқап араластырыңыз. Ақ қоймалжың сұйықтық пайда болады. аздап пышақтың ұшымен тұз, жарты стакан 2 пайыздық бор қышқылы мен бір шай қасық глицерин қосыңыз да, тағы да жақсылап араластырыңыз. Осы қоспамен күнде кешкісін бетіңізді сүртіп отырсаңыз, бетіңіз тез майланбайтын болады.

Скраб дайындау әдісі

Қазір косметикада түрлі түрлі жаңалықтар пайда болып жатыр. Соның бірі – скраб. Скраб беттің қабыршақтанып ескіріп кеткен терілерін түсіріп, орнына жаңа жас терінің шығуына көмектеседі, бір сөзбен айтқанда жасартады. Біз бүгін скрабты үйде дайындау әдісін беріп отырмыз. Оны жасауға көп нәрсенің керегі жоқ. Құрғақ бұршақ немесе түйебұршақ (фасоль) сосын аздаған су қажет. Бұршақ немесе түйебұршақты кофе үккіштен өткізіңіз немесе келіге салып үгітіңіз. Үгітілген ұнтаққа аздаған су қосып, қоймалжың қоспа дайындайсыз. Скрабты көздің айналасына жақпайды, ал бетке жаққанда саусақтарыңызбен ысқылай отырып жағыңыз. Бес минуттан кейін бетіңізді жуып тастап, күнделікті жағатынбет майыңызды жағуға болады.
Скрабты аптасына 2 рет қана пайдалануға болады. Өйткені бетіңізді скрабпен күнде ысқылай берсеңіз жара болып кетуі мүмкін.


Гирсутизм дегеніміз не?
Амандаса білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу