Апаға арналған туған күнге тілек
Өзінен кіші бауырларына мейірін төгіп, мерейін өсіруге барын салған, бізді әлпештеп, аялы алақанына салып өсірген қадірлі, әз әпкемізді туған күнімен құттықтаймыз!
Бір елдің ізетті келіні, ата-енесін, құдай қосқан жарының алтын басын қадірлеген әпкеміз – бүгінде бес баланың анасы.
Бойынан Домалақ ананың әулиелігі, Айғанымның кемеңгерлігі, Зеренің парасаты, Бопайдың батырлығы, Айша Бибінің адалдығы, аттары алты алашқа танымал қазақтың аруларының асыл қасиеттері табылатын әпкемізге ұл-қыздарыңыздың рахатын жездемізбен бірге көріп, ұзақ та бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.
Өмірінде күйбең тірлігін ойламай
Ағайынның бірлігін ойлайтын,
Мал-мүлік, дүние жинамай
Достың сырын тыңдайтын.
Дастарханы жиылмайтын,
Көк шәйнегі суымайтын,
Шаңырағынан немерелердің
Сыңғыры, шуы тыйылмайтын,
Әпкеміздің туған күні құтты болсын!