Сабақ жоспары: Ұлы Жібек жолының мәдениет дамуындағы алатын орны
№72 Жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі: Ералиева Меруерт Канатовна
Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 10«А».
Сабақтың тақырыбы: | Ұлы Жібек жолының мәдениет дамуындағы алатын орны |
Сабақтың мақсаты: | Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы, шаруашылықтың дамуына тигізген әсері, халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызын оқып,талқылау арқылы, тақырыбы мен идеясын ашуға, өзіндік пікірін еркін, жүйелі айтуға, шығармашылық, ізденушілік қабілетінің қалыптасуына орта құру |
Міндеттері: | -Ұлы Жібек жолы туралы тарихи деректерді талқылауға жағдай туғызу; - қосымша материалдарды талдау дағдысының қалыптасуына мүмкіндік беру; - әділетті, әдепті болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және өзіндік көзқарасын еркін жеткізуге дағдыландыру; |
Күтілетін нәтиже:
| -Ұлы Жібек жолы туралы тарихи деректерді оқыпбіледі,талқылау арқылы оны өмірде қолдана алады: - өз бетімен ізденуге, топпен жұмыс жасауға дағдыланады; - өз пікірін қорғай білуге, өзгенің пікірімен санаса білуге қалыптасады; |
Бағалау критерийлері: | 1.Топта талқылау жургізе алуы; 2. Сұраққа дұрыс жауап беруі; 3. Өзіндік ойын еркін, дәлелмен жеткізе алуы; 4. Мәдениетті сөйлей алуы; |
Уақыт | Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Қажетті ресуртар |
2 мин. | Топқа бөлу.
| Батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік, Еуропа, Азия сөздері жазылған қағаздармен 6 топқа бөлемін ,топтың атын қорғауға тапсырма беремін | Қағаз қималарындағы сөздер арқылы 6 топқа бөлінеді. . | Топқа бөлу қағаздары |
1л777 10 мин | І. Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл», | 1.Бейне ролик көрсетемін. 2.Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасындағы байланысқа ықпалы болды ма? 3.Жібек жолының қазақ елі үшін қандай маңызы болды? | Көрсетілген көрсетілімнен алған әсерін айтып,сұраққа жауап береді. | Электрон-ды оқулық |
28 мин. | ІІ. Мағынаны тану. Топтық жұмыс. «Ақылдың алты қалпағы» әдісі | Топтық тапсырма: 1-топ.Ақ қалпақ: ақпарат, фактілер. 2-топ. Қызыл: болжамдар, эмоция,ішкі сезім. 3-топ. Сары: оптимизм, логикалық ойлары. 4-топ.Жасыл: шығармашылық, идеялары. 5-топ. Қара: логикалық негатив. 6-топ. Көк: ұйымдастырушы, шешім шығарушы. Топта талқылау. | Топтық тапсырма бойынша бір оқушы шығып, қорғайды. | Интернет, кітап, қалам, дәптер. |
«Балық қаңқасы» әдісі | Ұлы Жібек жолының мәдениет дамуындағы алатын орны тақырыбына қорытынды жасау | Сұрақтар тізбегін жазып, жауап беру. | Плакат, маркер, кітап | |
5 мин. | ІІІ. Ойтолғаныс. | «Екі жақты күнделік»жазуға тапсырма беремін. «Инсерт әдісі»кері байланыс жасатамын. | Өз беттерімен жеке жұмыс жасайды. | Дәптер, қалам, стикер. |