Гитлердің атасы еврей ме?
11-01-2024
Төлеген Ботакөз Өскенқызы
Ордабасы ауданы, С.Смайлов атындағы жом директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі
7-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 1. Түрік қағанаты (552-603 жылдар)
Сабақтың мақсаты:
· Білімділік: «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, Түрік қағандығының коғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.
· Дамытушылық: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.
· Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Көрнекілік: 1.Карта
2.Түркі дәуірінің ескерткіштерінің суреті.
З.Түркі қағандығының шаруашылығын, тұрмысын сипаттайтын суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. «Түрік» атауы.
2. Қағандықтың құрылуы.
3. Қағанаттың нығаюы.
4. Мемлекеттің ыдырауы.
5. Әкімшілік және әлеуметтік құрылым.
Мұғалім сөзі:
Өздерін түрік деп атаған (қытайша «тужюе») халық XI ғасырдың басында монғолдық Алтайда қалыптасты.
Түріктерге қатысты олардың ата-тегінің аналық қасқырдан бастау алатындығы туралы Қытай дерегі «Жоунамада» берілген екі тарихи аңыз бар.
Түрік тайпалары өз иеліктерін Алтайдан Хуанхэге дейін жеткізіп, 542 жылы қытай деректерінде алғаш рет кездесті. Бұл оқиғалар осы «Жоунамада» көрініс тапқан: «...Кейінгінің аты Тамын. Оның заманында ұлысы біраз күшейіп, шекара аймақтарымызға келіп әр түрлі жібек маталар сатып алып, Кіндік қағанатпен қарым-қатынас жасау ниеттерін байқатты». Осы кезде қытай патшалығы - Батыс Вэй өзіне жужандарға қарсы әскери одақтас іздеді. Осы мақсатпен Батыс Вэй билеушісі Тайцзу түріктерге елшілік аттандырды. 545 жылы Соғдылық Альнопанто елшілігі Бумын ордасына келді. Бұл кездегі түріктер көсемі Бумын еді. Елшілікті «Ордада бәрі бір-бірін құттықтап, бүгін бізге Ұлы державаның өкілі келіп отыр, көп ұзамай біз де сондай дәрежеге жетеміз» деп жорыды. Бумын түріктердің тәуелсіздігін жариялап, жаңа мемлекет - Түрік қағанатын құрды. Бумын ұзақ өмір сүрген жоқ. Кейбір деректердің айтуынша, сол 552 жылы, ал «Билік ғибратнамасының» (165 бумасы) мәлімдеуінше, 553 жылдың басында қайтыс болған. Билік інісі Қара Ескеге өтеді, бірақ, ол да көп отырмаған. 553 жылдың соңында оның орнына інісі Мұқан қаған келді.
Картаның көмегімен түркілердің әр түрлі бағыттағы көршілерін және олармен қарым-қатынасына тоқталу. Оқушыларға еске сактауға ыңғайлы болуы үшін төмендегі сызбаны пайдаланамыз.
Маңызды даталар | Болған оқиғалар |
Б.з-дың I мыңжылдығынын ортасы | Қазақстан даласындағы ірі этникалык өзгерістер. |
542 жыл | Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі. |
551-555 жылдар | Жужандардың түріктерден жеңіліп, кеп бөлігінің қырылуы. |
551-744 жылдар | Түрік қағандығының өмір сүрген жылдары. |
551 жыл | Бумынның түрік қағандығының негізін салып, қаған атануы. |
553-572 жылдар | Мұқан қағанның билік еткен жылдары. |
YІ ғасырдың 70-жылдары | Манчьжуриядан Босфорға дейінгі жерді алып жатты. |
603 жыл | Қытай дипломатиялық жолмен біртұтас қағанаттың Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлінуіне қол жеткізді. |
603 жылы қағанаттың Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуімен аяқталды. Орталығы Монғолияда болған Шығыс Түрік қағанаты және Орта Азия мен Батыс Жоңғария, Жетісуда құрылған Батыс Түрік қағанаттары тарих сахнасына шықты.
Бекіту сұрақтары:
1. Қытай деректері бойынша түріктер кімдердің ұрпақтары деп есептелінеді?
2. Түрік қағанаты құрамында өмір сүрген халықтарды атаңдар.
Тестпен жұмыс:
1. VІ-ХІІ ғғ. Қазақстан тарихына қандай атаумен енген?
1) Монғол дәуірі
2) Қарлұқ дәуірі
3) Араб дәуірі
4) Қыпшақ дәуірі
5) Түрік дәуірі
2. 542 жылы түріктер туралы алғашқы мәліметтер тұңғыш рет қандай деректерде кездесті?
1) Үнді
2) Грек
3) Қытай
4) Парсы
5) Монғол
Бағалау.
Үйге тапсырма: 1-параграфты оқып, Бумын қаған бойынша деректер жинау, танысу.