Онлайн әлем: бала үйде, қиялы түзде
22-10-2020
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Парфия патшалығының құрылуы, көшпелі тайпалардың ұрпағы Арсак құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі ұлғайтып отырып Римнің басқыншылық әрекетіне күйреуге соққы бергендігі туралы баяндау
Дамытушылық:
Оқушылардың ойын дамыту үшін ең алдымен орналасқан жерін патшаларының қызметтерін салыстыра отырып талдау
Тәрбиелік:
Оқушыларды патриоттыққа отансүйгіштікке тәрбиелеуге көңіл бөлу
Сабақтың әдісі:Топтық,жұптық жұмыс
Көрнекілігі: дүние жүзінің картасы,кесте,венн диаграммасы,тест жұмысы
Сабақтың түрі:Танымдық сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі(1-2 минут)
Сабақтың топтары:(сынып оқушылары 5 оқушыдан 4 топқа бөлінеді)
1-топ Кушан
2-топ Парфия
3-топ Сурен
4-топ Арсак
Үй тапсырмасы: Кушан патшалығы
Цифрлы сұрақтар
1. Кушан патшалығы қай жерде қалыптасты?
2. Оны кімдер құрған?
3. Қай жерлерді жаулап алған?
4. Қай мемлекеттер мен терезесі тең болды?
5. Мемлекеттің патшаларын ата?
6. Мемлекеттің құлауына не себеп болды?
7.Қандай елдермен сауда жасады?
8.Кушандықтар қандай дінді ұстанды?
Жаңа сабақтың жоспары:
1-кезең .
4-топ осы 4-тақырып бойынша мәлімет береді.
1. Парфияның қуатты мемлекетке айналу себебін түсіндіру.
2. Парфия басқару жүйесі.
3. Көшпелілер және Парфия.
4. Парфияның римдіктерді талқандауы
2-кезең.
1.Сандар сөйлейді:
Б. з. б 3 ғ - Қазіргі Ираның солтүстігінде Парфия мемлекеті пайда болды.
Б. з. б 130 ж - Сирия патшасы Парфияға қарсы жорық жасады.
Б. з. б. 55 ж – Римдік әскербасы Сирия жеріне келеді
Б. з. б. 53 ж – Римдік әскер Парфиялықтарға қарсы жорыққа шықты
2.Сөздік мен жұмыс:
Диз – аудандар
Дизпат - аудан басшысы
Сатраптықтар – аймақтар
Сатраптар – аймақ басшысы
3.Венн диаграммасы:
Кушан патшалығы
|
Ұқсастығы | Парфия патшалығы |
4.Кушан патшалығындағы шаруашылық:
1 | Мал бағу | ||
2 | егіншілік | ||
3 | Бау-бақша | ||
4 | Қол өнер | ||
5 | Сауда | ||
6 | Метал ісін меңгеру |
3-кезең.Тұлғаны танып біл:
1.Арсак
2.Қатпыз
3.Сурен
4.Қанышке
4- кезең.Қарлы кесек.4 топ бір- біріне сұрақ береді:
5-кезең: Сабақты бекіту.Тест жұмысы:
1-топ
1.Қазіргі Иранның солтүстігінде орналасқан, ІІІ ғ. пайда болған мемлекет
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
2. «Мың қала елі» атанған патшалық
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
3.Қанышке патша кезінде гүлденген ірі патшалық
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
4.Қай мемлекеттің билеушілері ақсақалдар кеңесінің шешімдерімен санасуы керек болды
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
5.Түйелерді соғыс кезінде және сауда керуендеріне жүк тасуға пайдаланған патшалық
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
6.Урарту мемлекетінің астанасы
А) Тушпа В) Хаттуса С) Самария Д) Бактр Е) бір қаладан екінші қалаға ауыстырылды
2-топ
1. Қасиетті аң емізіп, қасиетті күш жинап, қабілетті көсем атанған кім
А) Арсак В) А.Македонский С) Кир Д) Қанышке Е) І Дарий
2. «Фенеху» сөзінің мағынасы
А) «күміс таулар» В) «кеме жасаушылар» С) «мың қала билеушілері» Д) «көк лазурит» Е) «Ұлы жібек жолы»
3. Манихей дінін негізін қалаушыМани қай қалада дүниеге келді
А) Вавилон В) Ашшур С) Самарқан Д) Иерусалим Е) Хаттуса
4.Ассириялықтардың мықты сауда орталық қаласы
А) Ганиш В) Бактр С) Угарит Д) Библ Е) Сидон
5. Египет билеушісі Нехонның бұйрығымен Африканы айналып өткен кім
А) палестиналықтар В) ассириялықтар С) парсылар Д) кушандықтар Е) финикиялықтар
6. «Ваал мен Алийян» қай елдің мифтік шығармасы
А) Парфия В) Кушан С) Финикия Д) Урарту Е) Парсы
3-топ
1. Мемлекетті 20 аймаққа бөліп, «дарик» деген өз ақшасын шығарған патша
А) Арсак В) А.Македонский С) Кир Д) Қанышке Е) І Дарий
2. «Тулары биік көтерілген ел»
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
3. Қазіргі Өзбекстан, Қырғызстан және Қашғария жерінде орналасқан мемлекет
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
4. Кушандық саудагерлер қай елдерге барып сауда жасады
А) Қытай В) Үндістан С) барлығы Д) Египет Е) Рим
5.Парфия мемлекетінің негізін қалаушы
А) Арсак В) А.Македонский С) Кир Д) Қанышке Е) І Дарий
6. Рим мемлекеті және көшпелі сақтармен соғысқан мемлекет
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
4-топ
1. Ниса қаласының билеушілері қандай мемлекеттің негізін қалады
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
2. Геродот пен Сыма Цяньнның еңбектерінде кездесетін ел
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
3. Қай елдің базарларында саудагерлер Грекия, Египет, Үндістан, Қытай және сақ жерлерінен келіп жатты
А) Кушан В) Парфия С) Ассирия Д) Хетт Е) Бактрия
4.Парфияның басқару жүйесі кімдердікіне ұқсас болды
А) парсыларға В) урартулықтарға С) хеттерге Д) финикиялықтарға Е) кушандықтар
5. Сатраптар, диз деген не
А) аймақ В) салық С) өнер Д) құдай Е) қала
6. Алғашқы бейбіт бітім шарты қай жылы жасалды
А) б.з.б. 1595 ж. В) б.з.б. 1280 ж. С) б.з.б.522ж. Д) б.з.б. 518 ж. Е) б.з.б. 330 ж.
Үйге тапсырма: 13 оқу