Сабақ жоспары: Абылай хан
Кентау қаласы, «Оңтүстік Қазақстан облысы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Кенжетаева Меруерт Бексұлтанқызы
5-сынып.Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ тарихында орны ерекше хан Абылайдың өмірі мен игі істеріне тоқталу, Абылай ханның өз заманында қазақ хандығының беделін биікке көтерген алып тұлға екен оқушыларға жеткізу.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи танымын жетілдіру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойлау, сөйлеу, танымдық, қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Абылай хан бейнесі арқылы оқушылар бойында өз жеріне,еліне деген сүйіспеншілікке баулу,оның қадір - қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу ,баяндау,ой - қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта
I. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару. «Сабаққа психологиялық дайындық»
Әсем гүлдей сүйкімді біз баламыз,
Алдыменен сәлем беріп аламыз.
Озық оймен,ынта-жігер,талаппен,
Білім нәрін бойға жинап аламыз.
ΙΙ. Үй тапсырмасы:
Семантикалық картамен жұмыс
№ Жауаптар
Сұрақтар
Орта Азияға
Ресей
1719 жылЖайық өзені мен Ертіс өзенінің оң жағалауы
1731
жылы
1. Қазақстанға қысымшылық көрсеткен мемлекеттердің бірі
2. Қайып хан қайтыс болған жыл
3. Қазақстан аумағы арқылы қайда шығуға болады?
4. Қай жылы Ресей патшайымы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қол қойды?
5. Орыс үкіметі өз бекіністерін салған жайылымдық жерлер
Сөзжұмбақ шешу.Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы шығады.
Сұрақтар:
1.Тәуке ханның мирасқоры (Қайып)
2.Қазақ еліне қысымшылық көрсеткендердің бірі (Башқұрттар)
3.Ресей бодандығын қабылдаған хан (Әбілқайыр)
4.Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген елші (Тевкелев)
5.Қазақтың шұрайлы жерлерін өзіне қаратуға тырысқан мемлекет (Жоңғар)
6.Қазақтар қай елдің бодандығын қабылдады?(Ресей)
7.Хандықтың басшысы (Хан)
8.Ресей үкіметі өз бекіністерін салған жайылымдық жерлерінің (Жайық)
9.Кіші жүзді ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қол қойған Ресей патшайымы (Анна Иоанновна).
III. Жаңа сабақ
1. Абылайдың өмір жолы
2. Абылай хан-қолбасышы, мемлекет қайраткері
1711ж - Әбілмансұр дүниеге келді
1741 - 1742жж Жоңғар тұтқынында болды
1771ж - Үш жүздің ханы болып сайланды
1778ж - Ресей империясы Орта жүздің ханы деп тағайындады.
1781ж - Түркістандағы Қ. А. Иассауи кесенесінде жерленді
Мирасқоры - Уали
Абылайдың өмірі мен қызметіне арналған туындылар; “Аласапыран”, “Алмас қылыш”,
“Көшпенділер” (І. Есенберлин), “Батыр Баян”(М. Жұмабаев) «Абылай хан» диссертациясы (Ж. Жақсығалиев)
Абылай (Әбілмансұр) хан (1711 - 1781) Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз - Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе - жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «Ақтабан Шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш - жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған жиырмадан астам күйлері бар. Төле бидің тәлім - тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бал