Сабақ жоспары: Рационал сандарға амалдар қолдану

Oinet.kz 04-10-2020 843

Сыныбы: 6 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану

Білімділік мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Таңбалары әр түрлі, таңбалары бірдей сандарды көбейтіп, көбейтіндіні, бөліп бөліндіні және қосуды, азайтуды таба білуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін кеңейту. Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: графапроектор, ноутбук, кеспе қағаздар, оқулық, ребустар, шырпылар.

Сабақтың түрі: Тақырыпты пысықтау, бекіту

Сабақтың типі: Іскерлікті, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту. Сұрақ – жауап. Ой – қозғау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең

А) Оқушылармен сәлемдесу; топқа бөлу.

Б) Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру.

      Әр оқушы парталас жолдасына, гүлдерге жақсы тілектер жазып, бір - біріне ұсынады.Ол - көңіл күйлерінің жақсы болуы. Сол гүлдер түсіне байланысты оқушыларды топқа бөлінеді, ребус шешу арқылы топ аттарын шығарады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (2 мин)

Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап алу

ІІІ. Қызығушылықты ояту (2 мин)

«Рационал сандар» сөзінің бастапқы әріптерінен өздерінің жақсы қасиеттерін айтып шығу.

Рационал сандарға қолданылатын амалдарды қайталау

IV. Сергіту сәті. “Мысық пен күшік” ойыны (2 мин)

V. Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқулықпен жұмыс.(20 мин)

А деңгейі №638

В деңгейі №644

С деңгейі №654

VI. Топтық жұмыс. «Мергендер сайысы» (10 минут)

Әр топтан бір – бір оқушы шығып, ілулі тұрған шарды жарып, ішіндегі тапсырманы топпен бірлесіп орындайды.

Есептер:

№1есеп 5 шырпыдан бесбұрыш құрастырылған. Шырпылардың орнын ауыстыру арқылы бір мезгілде үшбұрыш, төртбұрыш және бесбұрыштан құралған фигура алу керек.

Жауабы:

2-есеп. Теңдік дұрыс емес. Бір шырпыны орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік алыңдар

3 есеп. Берілген теңдік дұрыс емес. Екі шырпының орнын қозғау арқылы дұрыс теңдік алу керек

 

VII. Қорытындылау (6 минут)

Берілген тапсырмаларды орындап, жауабын әріптермен алмастырғанда «Тәуелсіздікке 25 жыл» деген сөз шығады.

 

С. 8*(-3)+(-7)=-31        Ә. -2*(-5)-12=-2


З. 3,5-(-0,7)*5=7           Е. 32:(-4)+5=-3

 

К. 6,4:(-1.6)-9=13           Д. 17-(-12):4=20

 

Ж. -42:6+10=3                 І. 27-(-15):3=32

 

Т. 5,6:(-4)+0.4=-1         Ы. (6-15):(-0,3)=30

 

Л. -13+29=16               У. -12:3=-4

 

25. -5*(-5) =25

 

VIІI. Үйге тапсырма беру. (1 мин)

№655

IХ. Бағалау (2 мин).

Мектепалды даярлық: Төлдер айтысы
Өзін-өзі тану: Жақсылықпен жаным дос
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу