Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Түркістан облысы, Шымкент қаласы
N2 «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасының ортаңғы топ тәрбиеші: Турганбаева Жанат Ескалиевна
Білім беру салалары:
1) Қатынас
2) Шығармашылық
Білім беру бөлімдері:
1) Тіл дамыту
2) Көркем әдебиет
3) Құрастыру
Тақырыбы: «Қызыл телпектің саяхаты»
Мақсаты: Ертігелерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем тілдік және орындау қабілттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту.
Әдіс тәсілі: Мәнерлеп оқу оқу, сахналау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай суреттер, кейіпкерлердің киімдері, қызыл телпек, түрлі-түсті пішіндер.
Билингвальды компонент: ертегі-сказка, аңшы-охотник, қасқыр-волк, бабушка-әже, қызыл телпек-красная шапочка, бәліш-пирожки.
Оқу іс әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Балалар шеңбер бойына тұрып, тәрбиешінің көмегімен өлең жолдарын қайталайды.
Біз көңілді баламыз, Шаттық әнге саламыз. Айгөлек-ау айгөлек, Би билейміз дөңгелеп.
Шеңбер бойына тұрып қимыл жасайды. -Міне , қандай тамаша! Өнерлі биші, ақылды балалар екенсіңдер. |
Ұйымдастыру іздестіру. | Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы: «Қызыл телпектің саяхаты» Тәрбиеші: Мен қазір сендерге осы ертегіні оқып беріп, оның мазмұнын ашып әңгімелеп берейін. Сендер мұқият тыңдап отырыңдар жарай ма? «Суретпен жұмыс» -Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? Енді бәріміз бойымызды сергітіп алайық. «Сергіту сәті» Ертегілер елінде, Патша болған арыстан Жинапты бар аңдарды, Аю келіп қорбаңдап, Түлкі келіп сумаңдап, Қасқыр келді арсылдап. Ең кішісі аңдардың Тышқан екен шиқылдақ. Түрлі-іс қимылдар арқылы бойларын сергітеді. Жарайсыңдар балалар! Өте жақсы «Ғажайып сәт» -Балалар біздің топқа біреу келе жатыр ғой деймін. Бұл кім екен өзі? Балалар кім келіп қалыпты? Қызыл телпек: Ля-ля-ля. Мен қызыл телпекпін. Сәлем достар. Балалар амандасады. Армысың! Тәрбиеші: Ой, балалар қызыл телпек қайдан келді? Балалар: Қызыл телпек ертегісінен. Тәрбиеші:Қызыл телпек сен қайда бара жатырсың? Қызыл телпек: Мен әжеме қонаққа бара жатырмын. Балабақшаның қасынан өтіп бара жатқанда, мен туралы ертегіні оқып жатқандарыңды естіп қалдым. Кәнекей ертегіні қалай түсінгендеріңді тексерейін. Қызыл телпек: Сұрақ-жауап арқылы балалармен қарым-қатынас жасайды. -Сендерге ертегі ұнады ма? -Ұнады. - Анам мені қайда жұмсады? -Әженің үйіне. -Маған кім кездесті? -Қасқыр -Қай жерде? -Орманда -Мен не деп жауап беремін? -Қасқыр сен мына жолмен бар. -Мен мына жолмен барайын -Қасқырдан мені кім құтқарады? -Аңшылар Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендерге көп-көп рахмет. Енді балалар ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп, осы ертегіні сахналайды. -Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы. «Дидактикалық ойын» «Эмоция» -Балалар , ойын ойнайсың ба ? -Ия -Балалар қызыл телпек қасқырдан қалай қорқып кетеді ? Кім көрсетіп береді?
Қызыл телпек әжесін көргенде қалай қуанды? Қасқырдың іс-әрекеті дұрыс па ? Балар эмоция арқылы қорыққан және қуанғандарын қимыл арқылы көрсетеді. -Жарайсыңдар балалар! Өнер орталығы: Енді бәріміз өнер орталығына барып осы ертегідегі қасқырдың бейнесін түрлі-пішіндерден құрастырайық.жұмысты: (Ұжымдық жұмыс жасайды)
|
Рефлексивті түзетуші: | Тәрбиеші: -Балалар біз бүгін қандай ертегі тыңдадық? Балалар: «Қызыл телпек» ертегісін Тәрбиеші: Осы ертегіде жағымсыз кейіпкер кім? Балалар: Қасқыр Тәрбиеші: - Қонаққа кім келді? Балалар: Қызыл телпек Тәрбиеші: Ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма? Балалар: Ұнады. Тәрбиеші: Өнер орталығында ненің бейнесін құрастырдық? Балалар: Қасқырдың бейнесін. -Балалар , біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Сендер өте жақсы қатыстыңдар. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды : Ертегінің мазмұнын мұқият тыңдайды .
Түсінеді : Кейіпкерлердің әрекетіне баға беруді түсінеді
Қолданады : Ертегіні сахналайды.