Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Шымкент қаласы Абай ауданы Игілік тұрғын алабы,
№82 Кенесары Қасымұлы атындағы жом.
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Аханова Ардақ Абдикашимовна
Қысқа мезімді жоспар
1-сабақ
Пән:Қазақ әдебиеті | Сыныбы: 9«ә» | Мерзімі:04.03.2015ж | |||
Тақырыбы: | 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиеті. | ||||
Мақсаты: | Осы жылдардағы әдебиеттің ерекшелігін білу,талдау,бағалау. | ||||
Алынатын нәтиже: | Осы жылдарда туындаған шығармаларды ажыратуды біледі. Туындылардың мазмұны туралы жалпы талдай алады. Әр туындыға оқушы өзіндік бағасын бере алады. | ||||
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Почтален» әдісі, «Миға шабуыл», «Джиксо әдісі», « Веер әдісі» , | ||||
№1 | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар | |
Ұйымдастыру кезеңдері | 8мин | Оқушылармен сәлемдесу Шаттық шеңберін құру .Ынтымақтастық атмосферасын құру. Әдебиет өкілдерін ғасырларын табуы арқылы топқа біріктірту. | Оқушылар сәлемдеседі. Ұл балалар аналарын, ұстаздарды,сыныптағы қыздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап шығады. . Үстел үстіндегі ғасырларға тиісті әдебиет өкілін анықтайды. ХVIII,Х IХ,ХХ,ХХ I ғасырлар | Парақшалар, қаламдар
| |
Кешегі сабаққа рефлексия жасау | 4 мин | Әр топ оқушылары қолдарындағы шығарма атауларын оқып, авторын,қай дәуір әдебиеті екенін анықтату. Ауызша бағалаймын. | Әр топ мүшелері өткенді еске түсіру қолындағы сөйлемді оқып , авторы мен дәуірін атап шығады. Ауызша бағаланады. | Конверт, парақтар | |
Жаңа сабақтың таныстырылымы | 20 мин | Интербелсенді тақтада кесте арқылы сабақты таныстыру Миға шабуыл: слайдтан қазақтың ақын-жазушылары бейнеленген суреттерге байланысты сұрақтар: 1)Суреттерден не байқадық? 2)Тарих сахнасындағы көріністер әдебиетте қалай бейнеленді? 3)Әдебиеттегі «сыншыл реализм» дегенді қалай түсінесіңдер? Топтарға тапсырма: «Джиксо» әдісі бойынша тірек конспектісін жасап,1917-1956жылдардағы қазақ әдебиетіне сипаттама беруді тапсыру,постер қорғату. Бір біріне ұялы телефонның суреттерін көрсету арқылы бағалатамын. | Слайдтағы әдебиет өкілдерін өздері дауыстап айтып шығып танысады. Суреттерге қарап отырып, оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр топ плакатты алады «Джиксо» әдісі бойынша 2 топ қазақты сауаттандыру,мәдениетін көтеру,сыншылдық бағытты дамыту мақсатында өшпес мұра қалдырғандар жайында, қалған 2 топ жанрлық тұрғыдан байып,кеңейе түскендегі әдебиетшілер туралы жалпылама мағлұматтар жазады. Постер қорғайды «Ұялы телефон суреттері» арқылы бірін бірі бағалайды. | АКТ, Оқулық постер Ұялы қалта телефонының суреттері | |
Ой қорыту | 10мин | Оқулықтан сұрақтар дайындап Веер әдісімен жауаптар жаздырту. Оқушылар жұптасу арқылы жауапты бір-біріне оқып беріп өзін-өзі тексеру. Смайликтер арқылы бір бірінің жауабын бағалату.
| Оқушылар ашық және жабық сұрақтарына жауаптар алады. Бір-бірінің жауаптарын көре отырып, өзін-өзі тексереді,жұптасып жұмыс жасайды.Жақсы жауап берген оқушылар дәптерлеріне смайликтер алады.
| Түрлі түсті парақтар,смайлик суреттері | |
Ұялы қалта телефонының суреттері мен смайликтерді тарату арқылы бірін- бірі бағалату. | Топтық жұмысты телефон суреттерін көтерулері арқылы,жеке желпуіш жасау жұмыстарын жұмыс дәптерлеріне смайликтер жабыстыру арқылы бағалайды. | Ұялы қалта телефон суреттері,смайликтер. | |||
Үй тапсырмасын беру | 3мин | Слайдтан үй тапсырмасын көрсету арқылы беру. С.Торайғыровтың достары мен жанұясы жайында мәліметтер жинау.Тест құрастыру. | Слайдтан үй тапсырмасын көріп,жұмыс дәптеріне жазып алады | АКТ | |
Рефлексия | Оқушыларға стикерге кері байланыс жазуды ескерту | Оқушылар стикерлерге кері байланыс жазып, «Кері байланыс» бұрышына жабыстырады. | Стикер | ||
Пайдаланылған әдебиеттер:1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2.Іс- тәжірибемнен
3.Қазақ әдебиеті. 9 сынып Тұрсынғалиева С.Ч. «Арман- ПВ» 2013ж