11- сыныптарға арналған Қазақстан тарихынан емтихан сұрақтары

Oinet.kz 02-09-2020 1975

№ 1-билет

1. Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердегі мемлекеттік-әкімшіліктің құрылуы.

2. Қазақстанның ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті.

3. 1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі.

№ 2-билет

1. Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердегі шаруашылық жағдайы.

2.ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың тұрмысы мен өмірі.

3. 20-30 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық саяси жағдайы.

№ 3-билет

1. ХІV-ХV ғасырлардағы Қазақстандағы этно-саяси үдерістер.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс демократиялық мәдениетінің қазақ мәдениетіне тигізген ықпалы.

3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары қарсаңында.

№ 4-билет

1. ХІV-ХV ғ. Қазақ халқының қалыптасуы.

2. Шоқан Уәлиханов- қазақтың ұлы ғалымы.

3. Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына қарай қайта құру шаралары.

№ 5-билет

1. ХІV-ХV ғасырлардағы материалдық мәдениет.

2. Халыққа білім беру және ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жылдар)

3. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшін шайқастағы батырлардың ерліктері.

№ 6-билет

1. ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет өнері және оның ерекшеліктері.

2. Ұлы ақын Абай Құнанбаев (1845-1904) және қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.

3. Соғыс жағдайындағы колхозшылар мен жұмысшылардың ерен еңбектері.

№ 7-билет

1. Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы. Ұлттық мемлекеттің құрылуының алғы шарттары.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы өнер және музыка.

3. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті Ғылыми- зерттеу жұмыстарының майданға көмегі.

№ 8-билет

1. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.

2. Қазақстан Ресейдің 1905-1907 жылдардағы революция кезінде.

3. 20-30 жылдардағы мәдениет қайраткерлеріне қарсы қуғын-сүргін шаралары және оның зардаптары.

№ 9-билет

1. Қасым хан.

2. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың зиялы қауымының қызметі, оның көрнекті өкілдері.

3. Қазақ- кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы

№ 10-билет

1. Хақназар хан.

2. Алғашқы қазақ баспасөздері: «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті және олардың қызметі.

3. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті. 1920-1945 жылдардағы біздің өлке

№ 11-билет

1. Тәуекел хан.

2. Ресейдің қазақ жерін басып алуының аяқталуы.

3. Соғыстан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.

№ 12-билет

1. Есім хан.

2. Қазақстанның ХІХ ғасырдың соңындағы әлеуметтік-саяси дамуы.

3. Белгілі жазушылар мен ғалымдарды Қ.Сәтпаев, М.Әуезов. Е.Бекмаханов т.б қудалау.

№ 13-билет

1. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылуы.

2. Ұйғырлар мен дүңгендердің Жетісуға қоныс аударуы.

3. Қазақстанның соғыстан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіретін шикізат көзіне айналуы.

№ 14-билет

1. ХV-ХVІІ ғасырлардағы шаруашылығы.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы 60-70 жылдардағы азаттық үшін күрестер.

3. Ғылыми -техникалық прогресс.

№ 15-билет

1. Қазақ хандығының әлсіреуі.

2. Қоқан үстемдігіне қарсы азаттық күрес.

3. Тың және тыңайған жерлерді игеру. Оның республиканың экономикасын жақсартуға тигізген пайдасы мен зардаптары.

№ 16-билет

1. Тәуке ханның билік құруы және оның заңдары.

2. Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

3. Әлеуметтік- экономикалық даму. 60- жылдардағы экономикалық ілгерілеулер.

№ 17-билет

1. ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығының сыртқы және ішкі саясаты.

2. Жаңқожа Нұрмұхамедов бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі.

3. 70 -80 жылдардағы Қазақстан экономикасының кері кетуі.

№ 18-билет

1. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті.

2. Ресейдің қазақ жерін басып алуының аяқталуы.

3. Экологиялық апатты аймақтар: Семей, Арал аймағы.

№ 19-билет

1. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы әдебиет және өнер

2. Қазақ хандықтарының Ресеймен дипломатиялық, экономикалық, сауда және саяси байланыстары.

3. Қазақ тілінің қолдану аясының тарылуы.

№ 20-билет

1. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы жазу.

2. XVІІІ ғасырдың ортасындағы қазақ- башқұрт қатынастары.

3. 1946-1985 ж.ж. халыққа білім беру ісі.

№ 21-билет

1. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының шығармашылық дәстүрі.

2. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының азаттық күресі.

3. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

№ 22-билет

1. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы тарихи әдебиет.

2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан экономикасында болған өзгерістер.

3. Желтоқсан оқиғасының мәні мен қорытындылары.

№ 23-билет

1. Көне түркі жазбалары.

2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанға жер аударылуы және олардың ғылыми- зерттеу қызметтері.

3. 1986-1991 ж. ж. Экономикадағы нарық принциптері.
№ 24-билет

1. Ұлы Жібек жолы – Маңызды сауда жолы.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қалалар. Жәрмеңкелер. Жалдамалы жұмысшылардың қалыптаса бастауы.

3. 1986-1991 ж. ж. Жаңа қоғамдық бірлестіктердің пайда болуы. Қарағанды, Жаңа Өзендегі оқиғалар.

№ 25-билет

1. Ұлы Жібек жолының мәдениетті дамыту және халықтар арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі.

2. Ұйғырлар мен дүңген мәдениетінің көрнекті өкілдері.

3. 1986-1991 ж. ж. Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау.

№ 26-билет

1. «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес ұлттық мәдени орталықтардың құрылысы және әл-Фарабидің кесенесі туралы зерттеулер.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан тақырыбына өз шығармаларын арнаған көрнекті суретшілер.

3. Қазақстанның геосаяси жағдайы.

№ 27-билет

1. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы қазақ фольклоры: батырлар жыры, лиро- эпостық жырлар, әлеуметтік-тұрмыстық поэмалар.

2. 60-70 жылдардағы Маңғыстаудағы көтеріліс, оның басшылары.

3. «Алаш» партиясы және оның бағдарламасы.

№ 28-билет

1. «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Ұлы Жібек жолының Жетісу аумағындағы бөліктерін зерттеу.

2. Патша өкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясаты және оның отаршылдық мәні.

3. 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясы: негізгі принциптері мен ерекшеліктері.

№ 29-билет

1. Түркі тілдес халықтардың ортақ аса көрнекті ғалымдар мен ойшылдар, ақындар: Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Жүсіп Баласағұн.

2. Бұқтырма, Петропавл, Семейдің Синьцзянмен сауда-саттық жүргізетін орталықтарға айналуы.

3. «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның 2007-2009 жылдардағы жүзеге асуы.

№ 30-билет

1. «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес орта ғасырлық қалалар туралы зерттеулер

2. ХІХ ғасырдың соңындағы сот құрылысындағы өзгерістер, оларды жүргізудің түпкі мақсаты.
3. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, тарихи маңызы, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары.

11 сыныптарға арналған Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары
Ашық сабақ. Физика. Физикалық терминдер мен ұғымдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу