Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстыру

Oinet.kz 30-09-2020 1187

Үсенова Айдана Әмірбекқызы 

№14 Әл - Фараби атындағымектеп- гимназиясының 

математика пәні мұғалімі ОҚО Кентау қаласы 

Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшектерді салыстыруды  білу. Ондық бөлшектердің разрядьарға бөліп жазуды  түсіну. Ондық бөлшектерді әр түрлі әдістермен салыстыруды үйрену.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндірмелі, деңгейлік тапсырма, өзін-өзі бағалау, «ой қозғау» топтастыру стратегиясы, ұжыммен, топпен, жұппен, жеке жұмыс «Критериалды бағалау», «Ойлан, тап», «Цифрлы сұрақ»  әдістері.

Модульді кіріктіру: Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау. Көшбасшылық және басқару.

Оқыту нәтижесі: Ондық бөлшектерді салыстыруды  біледі. Ондық бөлшектердің ондық жүйеде жазылуын түсінеді. Ондық бөлшектерді әр түрлі әдістермен салыстыруды үйренеді.

Түйінді идея:  Оқушылардың ойлау қабілеті мен  жылдам жұмыс істеу қабілетін дамыту. Топпен, жеке және шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.

Дереккөздер: Оқулық математика «Атамұра» 2015 ж, «Математика» журналы.

Уақыты

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Дереккөздер

1.

2 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Топқа бөліп отырғызу. Оқушыларға бағалау парағын тарату.

Оқушылар бағалау парағына белгілеп отырады.

Интерактивті тақта

2.

5 мин

«Ой, шақыру» әдісімен үй  тапсырмасын тексеру. №1255 бойынша әр топ бір бірін тексереді.

Оқушылар ойланып жауабын жазады. Әр топ бір бірін тексереді.

Интерактивті тақта,Оқулық.

3.

4.

5 мин

7 мин

Плакатқа жазылған бірнеше жай бөлшектер мен ондық бөшектер беріледі. Ондық бөлшектерді жай бөлшекке жай бөлшекті ондық бөлшекке жылдам айналдыруға тапсырма беріледі.

 

«Цифрлы сұрақ » әдісімен сыныпқа номерлері бойынша сұрақтар қойылады.

Қандай бөлшектер ондық бөлшектер деп аталады?

Ондық бөлшектің жазылуында үтір қайда қойылады?

Ондық бөлшектің жазылуындағы қай цифрлар ондық таңбалар деп аталады?

Ондық бөлшек жай бөлшек түрінде қалай жазылады?

Координаталық сәуледе 0,6 ондық бөлшегі қалай кескінделеді?

Координаталық сәуледе ондық бөлшектер қалай салыстырылады?

Ондық бөлшектің жай бөлшектен қандай айырмашылығы бар?

Қандай қысқартылмайтын жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға болады?

Әр топтан кезек кезек жауап береді.

Оқушылар өз номерлері бойынша сұрақтарға жауап беріп отырады. Бағалау парағына белгілеп отырады.

Оқулық, интерактивті тақта

5.

10 мин

Жаңа сабақ.

Ондық жүйеде жазылғандықтан, ондық бөлшектер разрядтары бойынша да салыстырылады.

Ондыө бөлшектің алдымен бүтін бөлігі салыстырылады. Екі ондық бөлшектің қайсысының бүтін бөлігі үлкен болса, сол бөлшек үлкен.

Мысалы, . Себебі 6 > 4.

Егер салыстырылатын екі ондық бөлшектің бүтін бөліктері тең болса, онда ондық үлестері салыстырылады. Қайсысының ондық үлесі үлкен болса, сол сан үлкен болады. Осылайша жүздік, мыңдық жіне т.с.с. үлестерін салысчтыру керек.

Сыныппен мысалдар қарастыру:

6,425<6,517

8,671>8,648

9,8563<9,8571

10,564>10,504

Оқушылар жаңа сабақты тыңдап, тапсырманы бірге орындайды.

Интерактивті тақта, оқулық.

6.

7.

7  мин

«Ойлан, бөліс, тап!» әдісімен топқа тапсырма беру.

1-топ:

2,7*3,6            4,0*>4,08

8,30*7,94        6,7*<6,71

5,21*6,0          9,2*9>9,289

7,308*7,312

14,901*14,890

4,15*4,23

2-топ

0,4*0,39               10,83<10,*2

56,053*51,983     1,187>1,*96

6,3*7,1                 0,628<0,62*

15,39*15,4

0,81*0,83

54,07*54,7

3-топ

0,47*0,5               99,13>99,*5

5,23*5,24             5,317>5,3*9

28,965*28            45,8<45,*0

61,39*61,29

9,08*9,8

10,08*11,08

4-топ

0,1*0,99                  91,08<91,*8

45,63*43,8              22,2*4<22,224

67,837*67,25          1,85>1,*8

9,36*8,36

72,534*71,534

14,83*14,803

Әр топ тапсырманы бірігіп орындайды.

Әр топ тапсырмасы талқыланады.

Интерактивті тақта

5мин

Оқулықтан № 1259 және №1268 есептерін  шығару.

Сынып оқулықпен жұмыс жасайды.

Оқулық

8

9.

10.

5 мин

2 мин

Тест сұрақтары

1.103,075 бөлшегінің бүтін бөлігін табыңдар

А.10  В.75  С.103   Д. 1035

2. 11,013 санын жай бөлшекке айналдырыңдар

А     В.  С.   Д.

3. Берілген сандардың қайсысы өсу ретімен орналасқан

А.0,0013; 0,0021;  0,013; 0,21        В.0,007; 0,07;  0,0017;  0,17         С.0,15;  0,51;  0,503;  0,673               Д. 0,01;  0,1;  0,13;  0,14

4. санын ондық бөлшекке айналдырыңдар

А. 7,175  В.7,075 С.7,147   Д. 7,25

5. Жұлдызшаның орнына сан қойып жаз

5,*01>5,401

А.5  В.0  С.1   Д. 2

6.Қай теңсіздік белгісін қоямыз

25,4561    25,457

А.<  В. >  С. +.  Д.=

7.Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салыстырғанда бірінші қай бөлігі салыстырылады

А.бөлшек бөлігі                                 В. Бүтін бөлігі                                    С. Мыңдығы                                       Д. Жүздігі

8. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе салыстырғанда қай жағы үлкен болады

А. оң жағы

В. Сол жағы

С. Алдыңғы жағы                                  

Д. Бірінші нүкте

9. Тең бөлшектерді теріп жазыңдар:

0,25;  0,205;  0,250;  0,2500;  0,52

А. 0,25;  0,250;  0,2500;  0,52

 В. 0,25; 0,2500;  0,250

 С. 0,25;  0,205;  0,250;  0,2500;  0,52

 Д. 0,25;  0,205;

Оқушыларды формативті бағалау  одан жиынтық бағалау.

Үйге тапсырма:№ 1269, 1270

Әр тапсырманы орындағанда оқушылар жинаған ұпайларын санайды.

САДАААВАВ123456789

Математикадан тест жинағы

Критериалды бағалау парағы.

Сабақ туралы ойым:Сабақтағы қолданылған әдіс- тәсілдер өте тиімді және өз орнымен пайдаланылды. Әр бөлім өз уақытымен қорытындыланып отырды. Сабақ өте жақсы өтті.

Не сәтті өтті: Оқушылар әр әдіс- тәсілді тез әрі дұрыс пайдаланды. Үлгерімі төмен оқушылардың барлығымен толық жұмыс жасалды.

Ашық сабақ: Өз құқығыңды білгенің – дұрыс өмір сүргенің
Сабақ жоспары: Қысым. Паскаль заңы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу