Ашық сабақ: Өз құқығыңды білгенің – дұрыс өмір сүргенің
Сағындықова Айгерім Әлтайқызы Калиева Гульназ Касымхановна
Қызылорда қаласы, №7 арнайы түзету мектеп интернатының тәрбиешілері
Мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, балалар құқығымен таныстыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу; өз құқықтарын жете білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, пікір айтуға,есте сақтау қабілетін жілдіріп сөздік қорын молайту; 3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру. Өткізілетін түрі: дөңгелек үстел Көрнекілігі: Балалар құқығы Конвенциясы, Конституция баптарынын үзінді, нақыл сөздер,оқушылардың бала құқығы туралы салған суреттері, әсем безендірілген зал, т.б Барысы:
І. Кіріспе сөз.
ІІ. Қонақтармен таныстыру.ІІІ. Баяндама: «Бала құқығы – асыл қазына»
ІV. Оқушылардың шығармашылығынан:
1.Әдеби – монтаж, мақал - мәтел: 2. Көрініс: «Ұрлық түбі – қорлық» 3. Демесін Р орындауында ән: «Алға, Қазақстан», «Самға қазақ»V. Қонақтарға сөз беру. VІ. Ойды аяқта.
VІІ. Көрнекілікпен жұмыс.
VІІІ. Сұрақтар.
ІХ. Қорытынды.
ІІІ. Баяндама: «Бала құқығы – асыл қазына».
Құрметті кездесуге келген оқушылар, дөңгелек үстелге жиналған мақсатымыз – құқық бойынша білімдерін тереңдету, өз көзқарастарыңды білдіруге және басқалардың көзқарастарын салыстыра отырып оны жан – жақты талқылауға мүмкіндік беру. Сондықтан, біз «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында пікірлесіп, ойыңызды ортаға салу үшін жиналып отырмыз біз өз құқығымызды қалай қорғай аламыз? Әрине, заңдар арқылы. Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады.
Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекеттің Ата Заңы қорғайды. Ата Заңымыздан басқа да тікелей балалардың құқығын қорғайтын заң бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1989 ж қазан айында «Бала құқығы туралы Конвенция» халықаралық шарт қабылдады. БҰҰ – жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым. Конвенция – дүниежүзілік құжат. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды.
1995 ж желтоқсан айында Елбасымыз Н.Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Конвенция деген – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бала құқықтары туралы конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 9 тарау 53 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат.Осы ережелерді орындау – біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз.
8 –бап . Баланың құқықтары мен міндеттері.
9 – бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқылы.
15 – бап. Баланың білім алуға құқығы.
16 – бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы.
17 – бап. Баланың мемлекеттік көмекке құқығы.
19 – бап. Баланың демалуға және бос уақытын пайдалануға құқығы.
20 – бап. Баланың міндеттері.
48 – бап. Бала жауакершілігінің ерекшеліктері.
Бала және дін.
Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан
Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата –анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
Конвенция бала азаматтығы жайында олардың өмір сүруін қамтамасыз ету құқығын сақтауды мемлекеттік міндет деп қарастырған.
Мен міндеттімін:
Білім алуға.
Тәртіпті болуға.
Мемлекет мүлкін сақтауға.
Үлкенді сыйлауға.
Ана тілдің тазалығын сақтауға.
Әрдайым таза ұқыпты болуға.
Темекі шекпеуге, спирттік ішімдікдіктер ішпеуге.
ІV. Әдеби – монтаж:
V. Қонақтарға сөз беру.
VІ. «Ойды аяқта» 1.Заңның құрығы – бәрінен ұзын 2. Өтірікшінің құйрығы – бір – ақ тұтам
3. Ананың көңілі – балада,
Баланың көңілі – далада.
4. Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар.
5. Ата – ананың қадірін – балалы болғанда білерсің.
6. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
7. Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
8. Ұрлық түбі - қорлық.
9. Еңбек түбі – зейнет.
10. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.
11. Өш алғаннан гөрі, кешірген жөн.
12. Әділ істің – арты игі.
VІІ. Көрнекілікпен жұмыс.VІІІ. Сұрақтар:
Сендер өз құқықтарың туралы не айтар едіңдер? /әр бала өмір сүруге, білім алуға, тәртіп сақтауға, өз елінде еркін өмір сүруге және мектеп таңдауға құқығы бар.
Бала құқықтарының қандай түрлері таныс? /дәрігерлік көмекті тегін алуға, дербес ойға ие болуға, қоршаған ортаға, табиғатына құрметпен қарауға құқылы.
Күнделікті өздерің қолданып жүрген құқықтарды атаңдар? /тәртіпті бұзбауға , мұғалімді тыңдауға, ата – анаға көмек беруге құқықтымын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, мектеп мүлкін сақтауға, үлкендерді сыйлауға, таза жүруге, т.б
Құқық деген не? /мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы/
Құқық немен қорғалады? /заңмен қорғалады/
Балаболып кімдер саналады? /18 жасқа толмағандар бала болып саналады/
Жағдаяттық сұрақтар:
Көшеде ақсақал ата суға барып су алып жатыр. Сен не істер едің?
Сыныпта бір досыңқаламын үйде қалдырып кетеді. Сен не істер едің?
Үзілісте бір досыңды байқамай қағып кеттің. Сен не істер едің?
Сауалнама:«Біз қандай ата – анамыз?» 1. Балаңыздың қылығын менің тәрбием деп ойлайсыз ба?
а/ сирек
ә/ жоқ
б/иә
Балаңызға бұйрық бермей, өтінішпен жұмыс сітете аласыз ба?
а/ сирек
ә/ иә
б/жоқ
Балаға қоршаған орта өте көп ықпалын тигізеді деп ойлайсыз ба?
а/ сирек
ә/иә
б/ жоқ
«Менің уақытым жоқ» немесе «Мен мына жұмысты бітіргенше тоқтай тұр» деген сөздерді жиі айтасыз ба?
а/ сирек
ә/ иә
б/ жоқ
Өте керек жағдайда бұйрық беру немесе тыйым салу түрлерін қолдана аласыз ба?
а/ сирек
ә/ иә
б/ жоқ
Жауабы: сирек – 1 ұпай, иә – 2 ұпай, жоқ – 0 ұпай.
6 ұпайдан аз алғандар. Осы кездеге тәрбие туралы көп ойланбайсыз. Сізге берер кеңесіміз – ештен кеш жақсы деп балаңызды тәрбиелей бастаңыз.
7 – ден 14 ұпайға дейін алғандар. Балаңызды тәрбиелегенде көп қате жібермейсіз, бірақ келесі жексенбіні тек қана балаларыңызға арнаңыз. Ұмытпаңыз: балаңыз бұл ісіңізді түгелімен қайтарады.
15 ұпайдан көп алғандар. Сіз ата – ана міндеттерін толық атқарады екенсіз. Дегенмен әлі тәрбиеңізге толыққанды көңіл бөлу керек.
ІХ. Қорытынды.Қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев «Өз мүддесін өзі қолдап, өз есесін өзі түгендеп, атаның алғысын, ананың ақ сүтін ақтай алған перзенттен қатардың азаматы шыға алмақ. Халқының көңілінен шығып, қауымның үмітін ақтап, өткен ұрпақтың есесін түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ете алған перзенттен Отанның азаматы шыға алмақ. Олай болса, ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры. Өз ұрпағының тәрбиесін өз жолына қоя алған ұлт қана өз тағдырын өзі ойдағыдай қамдай алады» деген болатын. В.И.Дальдің «Тәрбиеші тәрбиеленушісін қандай жасағысы келсе, өзі сондай болуы шарт» дегендей, осы зор мұраларымызды ата – аналар балаларға үйрете жүріп, үйренген, дамыған елдің ұрпағын баулитын отбасының даналығының арта беретіні сөзсіз.
Біз қандай ата – анамыз?
Балаңыздың қылығын менің тәрбием деп ойлайсыз ба?
а/ сирек
ә/ жоқ
б/иә
Балаңызға бұйрық бермей, өтінішпен жұмыс сітете аласыз ба?
а/ сирек
ә/ иә
б/жоқ
Балаға қоршаған орта өте көп ықпалын тигізеді деп ойлайсыз ба?
а/ сирек
ә/иә
б/ жоқ
«Менің уақытым жоқ» немесе «Мен мына жұмысты бітіргенше тоқтай тұр» деген сөздерді жиі айтасыз ба?
а/ сирек
ә/ иә
б/ жоқ
Өте керек жағдайда бұйрық беру немесе тыйым салу түрлерін қолдана аласыз ба?
а/ сирек
ә/ иә
б/ жоқ
Жауабы: сирек – 1 ұпай, иә – 2 ұпай, жоқ – 0 ұпай.
6 ұпайдан аз алғандар. Осы кездеге тәрбие туралы көп ойланбайсыз. Сізге берер кеңесіміз – ештен кеш жақсы деп балаңызды тәрбиелей бастаңыз.
7 – ден 14 ұпайға дейін алғандар. Балаңызды тәрбиелегенде көп қате жібермейсіз, бірақ келесі жексенбіні тек қана балаларыңызға арнаңыз. Ұмытпаңыз: балаңыз бұл ісіңізді түгелімен қайтарады.
15 ұпайдан көп алғандар. Сіз ата – ана міндеттерін толық атқарады екенсіз. Дегенмен әлі тәрбиеңізге толыққанды көңіл бөлу керек.