Сабақ жоспары: Жылдамдық бірліктеріне есептер шығару

Oinet.kz 30-09-2020 1062

Қалмырзаева Гүлжан

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

«№219 Ы.Алтынсарин атындағы» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі   физика пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Жылдамдық формуласын, жылдамдық  өлшем бірліктерін білу, ережесін еске түсіру, есептер шығаруда қолдана білу, білімдерін жинақтап, қорытынды жасау.

Күтілетін нәтижесі:

Жылдамдық формуласын, жылдамдық  өлшем бірліктерін біледі, есептер шығаруда қолдана біледі, тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін жинақтап, қорытынды жасайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:

Жеке, жұппен, топпен жұмыс.Түрткі сұрақтар.

Көрнекілік:

Стикерлер, кеспе қағаздар, даналық ағаш

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе  

(3 мин)

Білу ,түсіну деңгейі

Ұйымдатыру кезеңі: сәлемдесу,түгелдеу,3 топқа бөлу.

Кезекші жұмысын баяндайды, тстер арқылы 3 топқа бөлінеді.Топ басшысын сайлайды.

Тұсау кесер

   (8 мин)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Күннің реті мен тақырыбын жазып алады.

Үй жұмысын тексеру:

7 жаттығу №1

а) Бер:

Формуласы:

х +

Үй жұмысын жұбымен тексереді.

7 жат.№1

а) х + 5  0

х + 5

х + 5  10 м

t , с012Х,м0510

Т̸К:     х


Түрткі сұрақтар:

1.Қозғалыс жылдамдығы деген не?

2.Формуласын жаз?

3.Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға болады?

4.Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?

5.км̸сағ-пен берілген жылдамдықты м/с –пен қалай өрнектейді?

6.Қозғалыс заңының формуласын қалай жазуға болады?

Бағалау

Қойылған сұраққа топ мүшелері жеке жауап береді.

Қол белгілері арқылы бағалау

Негізгі бөлім

  (15 мин)

  (11 мин)

Қолдану деңгейі

Топтық жұмыс. «Есептер шығару»

І топ:Велосипедші бірқалыпты қозғалып,30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын тап.

Автобус 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта жүріп өтті?Уақытты секундпен өрнекте

ІІ топ:80 км жолды 160 км/сағ жылдамдықпен жүріп өткен дененің қозғалыс уақытын тап.

Жылдамдығы 0,8м/с ағыспен жүзген сал қанша уақыт ішінде 16 км жол жүрді?

ІІІ топ:0,5 сағ уақытта 250 км аралықты ұшып өткен ұшақтың жылдамдығын тап.

Автобус 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта жүріп өтті?Уақытты секундпен өрнекте

Үлестірме қағаздарда берілген есептерді топ  болып шығарады. Тапсырманы дәптеріне орындайды.Дұрыс жауабы арқылы топ басшысы бағалау парағына бағалайды.Дұрыс есепке 10 ұпай беріледі.

Талдау

1 тапсырма:Төмендегі бес оқушы өз үйінен мектепке дейінгі қашықтықты көрсетіп тұр.Мектепке ең жақын орналасқан оқушыны жәнемектепке ең алыс орналасқан оқушыны тап.

Гүлсезім (1,4 км)

Абылайхан (1350 м)

Нұрайым (12500 дм)

Әселхан (1100см )

Дүкенбай ( )

2 тапсырма:Кейбір жануарлардың қозғалыс жылдамдығы берілген.Ең кіші жылдамдықпен қозғалған жануарды және ең үлкен жылдамдықпен қозғалған жануарды тап.

Жылқы (65 км/сағ)

Шибөрі (0,019км/с)

Қасқыр (18 м/с)

Зебра (1 км/мин)

Бұғы  (1200м/мин)

3 тапсырма: . Мына жылдамдықтарды ең     кішісінен бастап орналастыр

А. 10 м/с         В. 0,9 км/мин               С. 18 км/сағ                D. 1200 м/мин

Тапсырманы топпен орындап, талдау жасайды.Екі топ бір-бірінің тапсырмасын тексереді.

Жинақтау

  (2 мин)

Жеке жұмыс  «Кім жылдам» ойыны

Мотоциклші 72 км/сағ, ал автобус 20 м/с жылдамдықтармен қозғалып келеді. Осы екі денелердің қайсысының жылдамдығы  артығырақ?жауабы:Автобус пен мотоциклші бірдей жылдамдықпен қозғалады.

Жеке жұмыс жасап білімдерін жинақтайды.

Қорытынды

3 мин

2 мин

1 мин

Бағалау деңгейі

Жылдамдықтың өлшем бірлігі қандай?

Әріптік белгіленуі қандай?

Уақытты қалай есептеп табамыз?

Жолды қалай есептеп табамыз?

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Қорытынды.

Кері байланыс

Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Үй тапсырмасы: қайталау.

Үй тапсырмасын жазып алады.


Сабақ жоспары: Қазақстанның пайдалы қазбалары
Тема урока: Местоимение. Разряды местоимений
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу