Сабақ жоспары: Тамыр және тамыр жүйесі

Oinet.kz 30-09-2020 1384

Алиева Акжан Абилдаевна

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы 

№132 Т.Айтбаев атындағы орта  мектептің 

биология пәні мұғалімі 

 

Жалпы мақсаты: 

Тамыр және тамыр жүйесі туралы білетін  болады. Тамырдың типтерін, дамуын, құрылыс ерекшеліктерін ажырата  алатын болады. Жұптасып жұмыс жасай алатын  болады.

Күтілетін нәтиже:

Тамыр және тамыр жүйесі туралы біледі. Тамырдың типтерін, дамуын, құрылыс ерекшеліктерін ажырата  алады. Жұптасып жұмыс жасай алады.

Негізгі идеясы: 

Тамыр жүйесі кіндік және шашақ тамырдан тұрады. Тамыр шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы болады.

Тапсырмалар:

Топтық  жұмыс  АКТ «Жигсо-2» 

Постермен  жұмыс (15-мин)

Жұптық жұмыс :  Өсімдіктердің тамыр жүйесін анықтау (Пилот-штурман 11-мин) таратпа матер

Жеке жұмыс : Тамыр жүйесінің түрі мен тамыр түрлерін  көрсет (Кесте толтыру

 6-мин)

А,В,С деңгейлік тапсырма (4-мин ).

 «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:  (мұғалім , жеке оқушы немен айналысады)

І .Ұйымдастыру  кезеңі 

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

 2. Назарларын  сабаққа аудару, оқушыларға тамыр , сабақ, жапырақтың суреттерін беске бөліп, осы суреттерді оқушылардың құрауына байланысты  3 топқа бөлу.  (1-3 мин).

Топтар:

1. Тамыр тобы

2. Сабақ тобы

3. Жапырақ тобы

ІІ. Топпен  жұмыс:  Тамыр және тамыр  жүйесі (Мәтінмен танысу 5-мин). Мәтінді топ мүшелері оқиды, өзара талқылайды. Жигсо-2 әдісі  бойынша топтар бөлініп берілген  мәтіндерінен түсінгендерін басқа топтарға айтады. Мәтінді қаншалықты түсінгендіктерін анықтау мақсатында сұрақ беріледі:

1.Тамыр қандай мүше болып табылады? (Жер асты мүшесі)

2.Тамырдың  негізгі қызметі  қандай? (Суды, минералды тұздарды сабаққа өткізеді, топыраққа бекітіп тұрады)

3.Тамырдың типтерін  атаңыз? (Негізгі , жанама , қосалқы тамырлар)

ІІІ. Топпен жұмыс:  Постермен  жұмыс. (Әр топтың түсініктерін бақылау. 7-мин)

Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау (3-мин)

ІY. Жұптық  жұмыс:  Өсімдіктердің тамыр  жүйесін анықтау (Пилот-штурман 7-мин)

Пилот жазады, штурман айтады.

Тамыр  жүйесінің  суретіне  зер салып қарап , айырмашылықтарын  түсініп  талда, кестені  толтыр.Толтыруды «+» , «-»  белгілерін  қою  арқылы  орында.

Өсімдік аттары

Тамыр жүйесі

Кіндік тамыр

Шашақ тамыр

1.Асқабақ

+

-

2.Жоңышқа

+

-

3.Бидай

-

+

4.Жүгері

-

+

5.Қауын

+

-

6.Қызанақ

+

-

7.Тары

-

+

8.Күріш

-

+

 

Бағалау: бағдаршам арқылы жүзеге асады. (4-мин)

Y.Жеке жұмыс:  Кестені толтыр  (3-мин)

 Бағалау : Саусақпен бағалау арқылы жүзеге асады. (3-мин) 

YI.    А,В,С оқушымен жұмыс: (Жекелеген тапсырма беріледі  4-мин)

Ойлау деңгейі

Сұрақтар мен тапсырмалар

Білу және түсіну

Тамырдың қызметі қандай? Түсіндіріңіз

    Қолдану

Тамыр жүйесін жұмыс дәптеріне түсіру керек.

 

    Талдау

Кіндік және шашақ тамырларының айырмашылықтары мен ұқсастығына талдау жасаңыз.

   Жинақтау

Биологиялық диктант

1. Тамыр  өсімдіктің ...................мүшесі (жер асты).

2.Қосалқы тамырлар өсімдіктің  топыраққа  мықтап  бекітіп.......... күшейтеді (қоректенуін)

3.Тамыр арқ. топырақтан  сіңірілген  су және  суда еріген  минералды тұздар............  өтеді. (сабаққа)

4.Негізгі тамыр тұқымның................. дамиды (ұрықтамыршасынан).

Бағалау


Кейінгі тапсырмалар

Тамыр және тамыр  жүйесін  оқып кеьлу

Кейінгі оқу.

Тереңдетіп  іздену, қосымша  материалдар  табу.


Сабақ жоспары: Сутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы
Ашық сабақ: Құрқылтай ұясының емдік қасиеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу