«8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне» арналған 5 сыныпта өткен сынып сағатының сценариі
Мақсаты:
Көрнекілігі: интерактивті тақта, гүлдер, плакаттар, нақыл сөздер, шарлар және т.б.
Қатысушылар: аналар, ұстаздар
Мұғалім: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
1-жүргізуші:
Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Әнжырымдықабыл ал аналарым!
2-жүргізуші:
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытгы балалар!
1-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!
2-жүргізуші:Біз жыл көлемінде түрлі мерекелерді атап өтуді әдетке айналдырдық. Сондықтан, бүгін де біз осы жерге ерекше күнді, Көктем мерекесі, Аналар, арулар, қыздар мерекесін атап өту үшін жиналдық. Бір сөзбен айтқанда, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін тойлайық деп жатырмыз.
1-жүргізуші: Халықаралық әйелдер күнін көктемнің алғашқы айының басында тойлайды. Ол кезде күн жерді жылытып, гүл-бәйшешектер гүлдеп, құстар келе бастайды. Бұл мерекеге қол жеткізу үшін, әлем әйелдері өз құқықтары үшін ұзақ, әрі табанды күресті.
2-жүргізуші:1857 жылы АҚШ тоқыма өнеркәсібінің жұмысшы әйелдері жалақының төмендігі мен жұмыс жағдайының нашарлығына байланысты ереуілге шықты. Ал, 1910 жылы Дания атты шағын мемлекеттің астанасы, Копенгаген қаласында, Клара Цеткин бастаған күрескер әйелдер жиналып, әйелдер мерекесін 8 наурыз күні тойлауды ұсынды. 1913 жылы Ресейде бұл күн алғаш рет атап өтілді. Ол күн Петербург қаласында ғылыми конференция ретінде өткізілді.
1-жүргізуші:
Осы мерекені 100 жылдан астам атап өтуімізге себепші болған осы ержүрек, батыл әйелдерге алғысымыз шексіз. Ендеше, мерекемізді бастайық!
Көрініс «Три мамы».
Орындаушылар:
Жүргізуші
Таня
Анасы
Апасы
Зал ортасында үстел, үш орындық тұрады. Бір орындықта қуыршық отырады.Үстелдің үстінде төрт тоқашы бар табаақ тұр.
Жүргізуші.
Наши дети так упрямы!
Это каждый знает сам.
Говорят им часто мамы,
Но они не слышат мам.
Танюша под вечер
С прогулки пришла
И куклу спросила:
Таня кіріп, орындықтағы қуыршағын алдына алып, орындыққа отырады.
Таня.
Как, дочка, дела?
Опять ты залезла под стол, непоседа?
Опять просидела весь день без обеда?
С этими дочками просто беда,
Скоро ты будешь, как спичка, худа.
Иди-ка обедать, вертушка!
Сегодня к обеду ватрушка!
Жүргізуші.
Танюшина мама с работы пришла
И Таню спросила:
Анасы кіріп, Таняның жанына отырады.
Мама.
Как, дочка, дела?
Опять заигралась, наверно, в саду?
Опять ухитрилась забыть про еду?
Обедать кричала бабуся не раз,
А ты отвечала: сейчас да сейчас.
С этими дочками просто беда,
Скоро ты будешь, как спичка, худа.
Иди-ка, обедать, вертушка!
Сегодня к обеду ватрушка!
Жүргізуші.
Тут бабушка — мамина мама — пришла
И маму спросила:
Апасы қолында балдағы бар, үстелге жақындап, үшінші орындыққа отырады.
Бабушка.
Как, дочка, дела?
Наверно, в больнице за целые сутки
Опять для еды не нашлось ни минутки,
А вечером съела сухой бутерброд.
Нельзя же весь день сидеть без обеда.
Уж доктором стала, а все непоседа.
С этими дочками просто беда.
Скоро ты будешь, как спичка, худа.
Иди-ка обедать, вертушка!
Сегодня к обеду ватрушка
Барлығы тоқаш жеп отырады.
Жүргізуші.
Три мамы в столовой сидят,
Три мамы на дочек глядят.
Что с дочками сделать упрямыми?
Үшеуібірге. Ох, как не просто быть мамами!
Нұрдәулет: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Медет:Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
Шамхан: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар-намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.
Аяулым: «Ана» әнімен
2-ші жүргізуші:
Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында.
Мақалдардыжалғастырыңдар.
Ауылданасқанбайлық,
________ қымбатқазынажоқ. (кітап)
Талапсызжас,
Қанатсыз_________. (құс)
________ қылығыменкөркем. (қыз)
Білім-теңіз,_______ кеме. (мектеп)
_______ көңілібалада. (ананың)
Сөзтапқанға ________ (қолқажоқ)
1. Жақсысөз .(жарымырыс)
Ине көзінен сынады________ (шешен сөзінен сынады)
Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша,
Адал сөйлеп, ________( жүртқа жақ)
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, ( өз тілімен сөйле.)
Жолдасы жоқ жігіттің ( Олжасы жоқ.)
Тұр-тұрдан хабар келсе, ( Ұйқыдан маза кетеді)
бар үйдің жеңгесі сүйкімді. (Қызы)
Екіаяқтыдабажа тату, (төртаяқтыда бота тату)
Бас жарылса, бөрікішінде, (Қолсынса, жеңішінде)
Өлежегенше, (бөле же)
Туажаманжок, (Жүрежаман бар)
Ағаштамырыменмықты, (Адам досыменмықты)
Мұғалім: Ал, қазір біз аналарымыздың қыздарымен қаншалықты бірігіп жұмыс істей алатынын байқап көреміз! Бір-бір ана мен бір-бір қызын шақырамыз. Қазір сіздердің қолдарыңызды байлап, қалған қолдарыңызбен бір шағын, бірақ өте жауапты жұмыс істейсіздер. Яғни, баланы орайсыздар. Іске сәт!
«Баланы орау» ойыны
1-жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Жан анам,құтықтаймын мереке күніңмен.
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы.
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен – депМөлдір, Аяулым, Дана және Бегімайдың орындауындағы «Тук тук»биін қабыл алыңыздар.
Күнтуар: Анам менің аялап, әлдилеген
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған
Мөлдір: Анашым алдыңызда қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан қашпағанмын
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаулаған шам-шырағы.
2-жүргізуші: Әр ана мен баласының арасында, көзге көрінбейтін жіппен байлап қойған сияқты, байланыс болады дейді. Келесі кезекте аналарымызға арналған жұмбақ сайыс ұсынғымыз келеді. Нағыз ана өз баласын көзін жұма тауып алады деп сенеміз. Сондықтан, құрметті анлар, тақтаға назарларыңызды аударуларыңызды сұраймыз! (Интерактивті тақтада балалардың мүшелері ғана көрсетілген презентация көрсетіледі. Әр ана өз баласын тауып алуы тиіс).
1-жүргізуші: Көріп отырғанымыздай сіздер бұл тапсырманы керемет орындадыңыздар. Ендеше келесі кезекті қызықты ойынға берейік.
Мұғалім: Біз ойнағалы отырған ойынымыз «Тасбақа» деп аталады. Қыздар, сендер қазір тұрған жерлеріңнен орындыққа дейін екі парақты қолданып, барып келулерің тиіс.
Мұғалім: Әрине, жеңіске ең соңғы жеткен қызымыз жеңеді. Өйткені, бұл тасбақалар сайысы болды.
2-жүргізуші:
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін. – дей отырып әжелерімізді де ұмытпғанымызды айтқымыз келеді. Сондықтан, сыныбымыздың оқушыларының орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар!
(Сынып «Асыл әжем» әнін орындайды)
Мәди: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ
Дана:Ана деген — асыл жандар болаттай,
Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
1-жүргізуші:Балалар, мен сендерге бүгін жұмбақ жасырдым.
Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар қатар тепкішек.
Басып көрсең бір бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(Балалар жұмбақты дұрыс жауабын шешіп, киелі аспаптың жауабын шешті. Жауабы: «Домбыра»)
2-жүргізуші: Келесі кезекті «Жастар» күйін орындап бергелі отырған Еркінұлы Медетке берейік.
(Еркінұлы Медет «Жастар» күйін шертеді).
Жанболат: Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды.
Аяулы Ұстаз-ана,ісіңнің бәрі ұнамды.
Әр күн сайын атыңды қайталаймын.
Еске алғандай таң сайын ән ұранды.
Камилла: Гүлнар және Айнұр апайлар басшылардың бірлері,
Басшылардың ішіндегі гүлдері
Мектебімнің жақсы атанып жүргені
Осы апайлардың арқасында біліп қой
Мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші: Арамызда Фаризадай ақын болуға лайықты Шехназ атты сыныптасымыз бар екен. Ол өзінің шығарған өлеңін аяулы, әрі сүйікті нәнесіне арнап, оқып бергісі келеді екен.
(Советканова Шехназ «Нәнеме» атты өлеңін оқиды)
2-жүргізуші: Ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыздар? Аналарды балаларымен ортаға шақырайық.
Мұғалім: Аяқтарыңызға шар байлап, билейсіздер. Бір болса да, шар сақтап қалған жұп жеңіске жетеді.
(музыка қойылады, ойын ойнатылады)
1-жүргізуші:Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен, – дей отырып, сұлу қыздарымыздың ұсынғалы отырған киім үлгілерін қабыл алыңыздар! Біздің қыздар шет елдің моделдерінен кем түспейді.
(қыздар киім үлгілерін көрcетеді)
Аяулым:Ана деген адамға Атамекен.
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым.
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.
2-жүргізуші:
«Көйлекті келте десе — тігіншіге сын, асты ащы десе — аспазға сын», деп қыздарымыздың аспаздық өнерін тамашалауға шықырамыз.
(қыздар салат және т.б. тамақтарды әзірлейді)
1-жүргізуші: Қылықты мінез қыздар-ай,
Сендерді көріп тынар ма жүрек сыздамай?
Сендерге арнап жылы сөз, сірә, айта алмай,
Қалармыз үнсіз біз қалай?, — деп, ұлдарымыз да шетте қалғай тұрған жоқ. Осы жерде отырған барлық қыздарға, аналарға және ұстаздарға арнап, гүл шоғын дайындамақшы екен. Қол шапалақтап, қолдау білдіріп қойыңыздар!
(ұлдар гүл шоғын жасайды)
2-жүргізуші: Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз.
Бегімай: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!
(Оқушылар бірге аналарына аналар туралы әнін арнап айтады).
1 — жүргізуші:
Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.
2 — жүргізуші:
Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың.
Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!
Болса да өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:
Карау жүрсін қашық,
Алшы тұрсын асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!
Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Кұрастырсын құдай,
Табысынды тапқан!