Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Адамгершілік тәрбиесі
Модуль құрылымы | Сағат саны | Модульдің мазмұны | Уақыты | Ескертпе |
Кіріспе | 1- сабақ | 1. Модульге кіру. 2. Ақыл жастан, Өнер тастан. | 5 мин. 25 мин | Әңгіме сұхбат |
Сөйлесу бөлімі | 2 — сабақ | Адамгершілік – асыл қасиет
| 30 мин. | Дөңгелек үстел
|
3 -сабақ | 1. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол. 2. Өзін — өзі бағалау әдістемесі
| 30мин | Ойын ”Бақытты сәт“ | |
Қорытынды бөлімі | 4 -сабақ | Жақсыдан – үйрен, жаманнан жирен | 25мин | Әдеби монтаж |
5 -сабақ | Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі. | 25 мин | Пікір талас |
Ойынның тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
(Әр топтан бір оқушыдан шығып жеребе алу арқылы топтың атын таңдау және оны қорғау)
1-топ. Талап. Бұл ұғым –махаббаттан шығады. Ғылым –білімге махаббаттан дарымақ . Ұлы Абай атамыз «Қашан да бір бала ғылым , білімді махаббатпен көксерлік болса , сонда ғана оның аты адам болады» деген .
2-топ. Қанағат. Инабат сипаттарының ішінде ерекше мәнге ие «қанағат» атты қасиеттің қалыптасуына жүректің де, ақылдың да қатынасы бар. Адам бойындағы бұл сипат жүрек пен ақылдың үндесе жетілуінен ғана нәр алады , тіпті адам мінезіндегі қасиетті жүрек пен ақылдың өзіне шапағатын тигізеді .Абай атамыздың 43 қара сөзінде «әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса жарамайды , өлшеуін білмек –үлкен керек іс» деген. Барға қанағаттану керек екен .
(Тақырыппен таныстыру және тақырып бойынша сұрақ қою)
Мұғалім: Осы тақырыптағы сөзді қайдан естідіңдер, әлде кімнің сөзі екенін білесіңдер ме?
Оқушы: Ақын Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айтылға бұл өлеңде ақын адам баласын ғылымға , өнерге , білімге тәрбиеге шақырады.
Негізгі бөлім (5 геймнен тұрады)
I Гейім. Көсемдікке ұмтылу. Плакаттағы жұмысты орындау.
І топ. Талап.
II Гейм. «Шешендер жарысы»
1-топ. Талап. Жағымды , жағымсыз мінезді адамдарға арнап 1 шумақ өлең жазады.
2-топ. Қанағат. Жағымды, жағымсыз мінезді адамдарға арнап ой толғау жазады.
Ән: (Болайықшы осындай:)
Орындайтындар: Айгерім, Гүлназ
ІІІ Гейм «Бой сергіту»
Көрініс: «Қисық ағаш»
ІҮ Гейм. « Мың бір мақал» ойыны(ір топтан 5 мақал айтып жарысады)
Мысалы:
І топ. Әдепті бала арлы бала …….
ІІ топ. Жақсы сөз ….
Екі топ осылай адамның жағымды жағымсыз қасиеттері туралы мақал- мәтелден жарысады (Әр топ үш мақал – мәтелден)
Қорытынды бөлім.
Ү. Гейм. Өзін — өзі бағалау әдістемесі.
а. Адам бойындағы психологиялық сезім түрлерін оқып беру.
Сезім түрлері: (Әр оқушы өзі туралы жазылған сезім түрлерін бояу түстеріне байланысты тақтадағы тауға апарып орналастырады) осыған байланысты оқушылардың бойындағы мінез-құлықтарын біінеді
Адам бойындағы сезім түрлері
Холериктерде — тез пайда болатын және өте күшті сезімдер. Көңіл – күйі өте күшті жігерлі болады.
Сангвиниктерде — тез пайда болатын, бірақ әлсіз сезімдер. Өзін қызықтыратын жағдайларда сангвиник белсенділік білдіреді де, басқа уақытта көңілсіз, енжар болады.
Меланхоликтерде -баяу пайда болатын, өте күшті сезімдер. Меланхоликтің көңіл – күй сезінушілігі өте жоғары:
Кез келген жағдайда қатты қобалжиды, ренішке бейім қобалжиды, ренішке бейім. Өте күшті көңіл күй үстінде болады.
Флегматиктерде — Баяу пайда болатын әлсіз сезімдер
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Абайдың 38 қара сөзі туралы түсінік бере отырып сабақты аяқтау.