Онлайн әлем: бала үйде, қиялы түзде
22-10-2020
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : Мектеп : Қаратөбе мектеп-гимназиясы Үшбұрыштар Күні: Мұғалімнің аты жөні: Кажгалиева Гульаим Кайратовна Сынып: 7 | ||||
Сабақ тақырыбы | Үшбұрыш және оның түрлері (1-сабақ) | |||
Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары | 7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату; | |||
Сабақтың мақсаты |
Үшбұрыштардың түрлерін біледі; Үшбұрыштардың түрлерінің анықтамасын тұжырымдай алады;
Үшбұрыштардың түрлеріне берілген есептерді шығара алады;
Үшбұрыштар туралы күрделі есеп құрастыра алады; | |||
Бағалау криитерийі |
| |||
Тілдік мақсаттар |
| |||
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына сай, «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы. Ынтымақтаса жұмыс істеуге, бірін-бірі құрметтеуге, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу | |||
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану | |||
Алдыңғы білім | Негізгі ұғымдар туралы, үшбұрыш, бұрыш туралы негізгі түсінік қалыптасқан, фигуралардың периметрін есептей алады | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 3 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі -оқушылармен амандасу; -жоқ оқушыларды белгілеу; -оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; «Өзгертулерді тап!» жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек Оқушыларды ортаға шығарып, жұптарға бөлу (оқушылардың өз еркінде) Шарты: оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынандай тапсырмалар беріледі:
Бұл жерде оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сағат, сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін өзгертулері керек.
Мақсат: Оқушылардың қаншалықты қырағы, байқампаз екенін байқау, есте сақтау қабілетін жақсарту Топқа бөлу. «Стикердегі диалог» Топқа бөлу әрі өткен тақырыптарды бекіту
Сұрақ: Сәуле деген не?
Сұрақ: Толықтауыш сәулелер дегеніміз не?
Сұрақ: Бұрыш деген не?
Сұрақ: Аксиома деген не?
Сұрақ: Теорема деген не?
Сұрақ: Үшбұрыш деген не?
Сұрақ: Параллель түзулер дегеніміз не?
Сұрақ: Түзулердің параллельдік аксиомасын тұжырымда
Сұрақ: Сыбайлас бұрыштар деген не?
Сұрақ: Вертикаль бұрыштар деген не?
Сұрақ: Перпендикуляр түзулер деген не?
Сұрақ: Бұрыштың түрлерін ата
Сұрақ: доғал, сүйір және тік бұрыштарды қалай ажыратамыз? Стикерлер түстері бойынша 3 топқа бөлінеді ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсыңдар! Сендер таптыңдар! Керемет! Дұрыс!... ) | Сұрақтар және жауаптар жазылған стикерлер 3 түсті стикерлер | ||
Сабақтың ортасы 10 минут 2 минут 7 минут 4 минут 3 минут 7 минут 2 минут | Сараланған тапсырмалар Үшбұрыштар жалпы екі топқа бөлінеді: 1) үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарына байланысты (теңбүйірлі, теңқабырғалы, әртүрлі қабырғалы); 2) үшбұрыш бұрыштарының шамаларына байланысты (сүйір бұрышты үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш, тік бұрышты үшбұрыш); Үшбұрыштың қабырғаларына байланысты түрлері: І.Топтық жұмыс. «Қазына іздеу жолында» әдісі. Шарты: оқушыларға тек тақырып, бағыт беріледі. Оқушылар берілген тақырыпты аша білулері керек. 3 топқа А3 формат, стикерлер мен маркерлер таратылады. Тапсырмаға 5 минут беріледі. Уақыт болған кезде топ мүшелері постерлерін қорғайды. І топ тапсырмасы: Теңбүйірлі үшбұрыш ҚБ: «Бағдаршам» ІІ топ тапсырмасы: Теңқабырғалы үшбұрыш ҚБ: «Бас бармақ» ІІІ топ тапсырмасы: Тікбұрышты үшбұрыш ҚБ: «Шапалақ» Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштарға мысалдар келтіру
ІІ. Топтық жұмыс. «Қарқын» әдісі (деңгейлік тапсырмалар) «Өкіл» Әр топ мүшелері жеке орындайды. Содан соң сағат тілі бағытымен топ ішінде өзара талдайды. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, есептің берілгенін жазып, шығарады. А деңгейі № 34.14 АВС үшбұрышының АВ қабырғасы 17 см-ге тең. АС қабырғасы АВ қабырғасынан екі есе үлкен, ВС қабырғасы АС қабырғасынан 10 см-ге кіші. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар. Бер: АВС – кез келген үшбұрыш АВ=17 см АС=2*АВ ВС=АС-10 Т/к: Р=? Шешуі: АС=2*АВ=2*17=34, АС=34 ВС=АС-10=34-10=24, ВС=24 Р=АВ+АС+ВС=17+34+24=75 Жауабы: 75 см В деңгейі № 34.15 Үшбұрыштың периметрі 48 см және бір қабырғасы 18 см. Егер қалған екі қабырғасының айырмасы 10 см болса, онда осы қабырғаларды табыңдар. Бер: АВС – кез келген үшбұрыш Р=48 см АВ=18 см АС-ВС=10 см Т/к: АС=? ВС=? Шешуі: Р=АВ+АС+ВС=48 18+АС+ВС=48
30-ВС=10+ВС 2ВС=20 ВС=10 АС=20 Жауабы: 10 см; 20 см С деңгейі № 34.16 Үшбұрыштың периметрі 54 см. Егер қабырғаларының қатынасы 2:3:4 болса, онда үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. Бер: АВС – кез келген үшбұрыш Р=54 см АВ:АС:ВС=2:3:4 Т/к: АС=? ВС=? АВ=? Шешуі: Р=АВ+АС+ВС=54 x – қандай да бір сан 2x+3x+4x=54 9x=54 x=6 АВ=12, AC=18, BC=24 Жауабы: 12 см; 18 см; 24 см ҚБ: Сағат тілі бағытымен тексеру. Топтағылар өзара бағалайды. Әр топтың «өкілдері» тақтаға есеп жазып жатқан уақытта, басқа оқушылар келесі тапсырманы орындайды: Суреттерде қанша үшбұрыш көрсетілген?
Ойсергек «Арқаға жазылған комплименттер» Әр оқушының арқасына түйреуішпен (не скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары: Бағалау критерийі:
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану 1-тапсырма. Сәйкестікті анықта. Дескриптор: Білім алушы: -үшбұрыштардың анықтамасын біледі; -үшбұрыштарды сәйкесінше орналастырады. 2-тапсырма. №34.17 Үшбұрыш пішіндес жер телімінің периметрі бойынша бір-бірінен 2 м қашықтықта қарақат түптерін отырғызу керек. Егер жер телімінің қабырғаларының ұзындықтары 16 м, 24 м, 20 м болса, барлығы қанша түп отырғызуға болады? Дескриптор: Білім алушы: -есептің шартын жазады; -үшбұрыштың периметрін табады; - нәтижесін есептейді. 3-тапсырма. Үшбұрыш түрлеріне байланысты есеп құрастыру Дескриптор: Білім алушы: -есеп құрастырады; - нәтижесін есептейді, дәлелдеп, тексереді. Ертегі – сұрақ: Бірде барлық үшбұрыштар орман алаңқайында жиналып қай үшбұрышты патша сайлаймыз деп кеңесті. Олар ұзақ уақыт айтысып, бір тоқтамға келе алмады. Сонда бір үлкен үшбұрыш «Бәріміз үшбұрыштар патшалығына жолға шығайық, қай үшбұрыш патшалыққа бірінші болып кірсе, соны сайлайық» депті. Барлық үшбұрыш осыған келісіп, жолға шығады. Жолда келе жатса алдарынан өзен шығып: «менен тек барлық бұрыштары сүйір үшбұрыштар ғана өтеді» дейді. Сонымен үшбұрыштардың кейбіреуі өте алмай жағада қалады, қалғандары өтіп әрі қарай жолға шығады. Жолда келе жатса, алдарынан тау шығады, ол айтады «тек екі қабырғасы тең үшбұрыштар өтеді» деп, бұл өткелден өткен үшбұрыштар одан әрі жүріп отырады. Олар бір кезде тік жарға кездеседі, онда өте тар көпір тұрады. Көпір «менен тек барлық қабырғалары тең үшбұрыш өте алады» дейді. Сонымен көпірден бір үшбұрыш өтіп үшбұрыштар патшалыға барады, патша болады. Сұрақ:
| А3 форматты қағаздар, стикерлер, маркерлер слайд «Математика-7» Авторлары: Ә.Н. Шыныбеков Д.Ә. Шыныбеков Алматы «Атамұра» 2017 слайд «Математика-7» II бөлім Авторлары: А.Е.Әбiлқасымова В. А. Смирнов Т. П. Кучер В.Е.Корчевский З.Ә.Жұмағұлова Е. А. Тұяқов Алматы «Мектеп» 2017 Скотч, маркерлер, А-4 форматтағы қағаз Слайдтан тапсырма көрсетіледі «Математика-7» II бөлім Авторлары: А.Е.Әбiлқасымова В. А. Смирнов Т. П. Кучер В.Е.Корчевский З.Ә.Жұмағұлова Е. А. Тұяқов Алматы «Мектеп» 2017 Слайдтан тапсырма көрсетіледі | ||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс. «Бес саусақ» тәсілі Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балалы үйрек -бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек - ойлану. Мен бүгін қандай тәжірибе мен білім алдым? Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған үнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? | Слайд Үлестірме қағаз – бес саусақ | ||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||
Оқушыларды сабаққа дайындап алу үшін, оқушылардың қырағылық, байқампаздық қабілетін, есте сақтау қабілетін арттыру үшін «Өзгертулерді тап!» ойсергегін қолданамын. Оқушыларды топқа бөлу үшін әрі өткен материалды бекіту үшін «Стикердегі диалог» әдісін қолданамын. Топтық тапсырмалар берілгенде топ ішіндегі әр оқушы өз рөлдерін анықтап, қабілеттеріне қарай сараланады. Постермен, жеке, жұптық, топтық жұмыстармен айналысады. Топтық жұмысты орындау барысында «Қазына іздеу жолында» әдісін, деңгейлік тапсырмалар бергенде «Өкіл» әдістерін пайдаланамын. Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында қосымша тапсырмалар беремін. Саралау әдістерінің барлығын (тапсырма, дереккөздер, қарқын, қорытынды, диалог және қолдау көрсету, бағалау және жіктеу) қолданамын. «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс аламын. | Қалыптастырушы бағалау түрлері: «Мадақтау», «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Шапалақ», «Сағат тілі бағытымен тексеру» әдістері. Қалыптастырушы бағалау тапсы |