Физика. 7 сынып. Емтихан билеттері

Oinet.kz 22-09-2020 1962

1-билет
1. Табиғат және адам
2. Көлбеу жазықтық. Механиканың «Алтын ережесі».
3. 100см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.

2-билет
1. Физика табиғат туралы ғылым.
2. Барометр. Манометрлер
3. Өлшеуіш сызғышты пайдаланып біртекті ұзақ заттардың орташа диаметрін қалай анықтауға болады. Мысалы: бидай дәні, моншақ. т.с.с

3-билет
1. Астрономия аспан денелері туралы ғылым.
2. Сорғылар
3. Қуаты 30Вт желдеткіш 10 мин-та қанша жұмыс істейді?

4-билет
1. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.Бақылау. Физикалық эксперимент. Физикалық теория.
2. Аэрометрлер
3. Судың 0,6м тереңдіктегі қысымы неге тең? (=1000кг/м3, g=10н/кг)

5-билет
1. Физикалық шама. Оны өлшеу дәлдігі. Шамаларды өлшеу.
2. Архимед күші.
3. Таудың етегінде атмосфералық қысым 101325 Па, таудың басында 111325 Па. 1000Па қысым 10м-ге тең. Таудың биіктігін анықтаңыз.

6-билет
1. Өлшемнің метрлік жүйесі.
2. Су көлігі. Ауада ұшу.
3. 2м биіктіктен төмен түсіп келе жатқан массасы 400 г дененің кинетикалық энергиясы: (g=10м/с2 )

7-билет
1. Атомдар мен молекулалар. Молекулалар қозғалысы
2. Беттік керілу.
3. Мына сандарды стандарт түрде жазылуын көрсет: 6000; 0,00003; 9250000; 0,0046.

8-билет
1. Заттың күйлері
2. Дененің қозғалыс бағытында әрекет ететін күш жұмысы
3. Массасы 600 кг , көлемi 0,23 м3 тасты су iшiнде көтеру үшiн қандай күш жұмсау керек?

9-билет
1. Механикалық қозғалыс. Планеталар қозғалысы

2. Жұғу. Қылтүтіктер 

3. Сыйымдылығы 15 м3 аквариумға су құйылған . Аквариумдегi судың массасы қандай? Судың тығыздығын 1000 кг/м3 тең деп алыңдар.


10-билет
1. Күн жүйесінің құрылысы. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.
2. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.
3. Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см сығылғанда, оның потенциалдық энергиясы

11-билет
1. Материалдық нүкте. Қозғалыс траекториясы.
2. Денелердің жүзу шарты.
3. Жер бетінен 3м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясы: (g=10м/с2 )

12-билет
1. Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс..
2. Қуат
3. Дененің белгілі бір биіктіктегі потенциалдық энергиясы 200 Дж, ал кинетикалық энергиясы 300 Дж болса, оның толық механикалық энергиясы неге тең?

13-билет
1. Жылдамдық оның бірлігі. Орташа жылдамдық
2. Денелердің өзара әрекеттесуі
3. Двигательдің қуаты 1000Вт, 10 минутта двигательдің атқаратын жұмысы неге тең?

14-билет
1. Инерция. Кеңістік және уақыт.
2. Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі
3. Тарту күші 80 кН және жылдамдығы 10 м/с электровоздың қуаты:

15-билет
1. Күш. Динамометр. Күштерді қосу.
2. Энергия.
3. Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен есептеп табыңдар.

16-билет
1. Гук заңы. Деформация
2. Дененің кинетикалық энергиясы
3. Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады. 6 сағ ішінде ол қандай аралықты өтеді?

17-билет
1. Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші
2. Механикалық энергия, оның сақталу заңы
3. Массасы 4кг жәшікті 2,5м биіктікке көтергенде қанша жұмыс істеледі?

18-билет

1. Дененің салмағы. Салмақсыздық

2. Потенциалдық энергия
3. Автомобиль алғашықы 40 минутта 60 км/сағ жылдамдықпен, одан кейінгі 20 мин ішінде 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалды делік. Автомобильдің орташа жылдамдығы қандай болады.

19-билет
1. Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.
2. Күш моменті.
3. «Мерседес» автомобилі 2 сағатта 110кДж жұмыс атқарса оның қуаты неге тең?

20-билет
1. Қысым. Қысымның берілуі
2. Тыныштықтағы денелердің тепе-теңдігі.
3. Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?

21-билет
1. Паскаль заңы.
2. Иінді таразылар.
3. Болат серіппе 245Н күш әрекетінен 35 мм-ге ұзарады. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.

22-билет
1. Гидравликалық машиналар. Газдың қысымы
2. Жай механизмдер
3. Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді: F1=50H; F2=100H; F3=150H. Олардың тең әрекетті күші неге тең?

23-билет
1. Ауырлық күшінің әсерінен сұйықтар мен газда болатын қысым.
2. Жол және орын ауыстыру
3. Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық жерден бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?

24-билет
1. Физика және техника
2. Қатынас ыдыстар. Су құбыры
3. Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын табыңдар.

25-билет
1. Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
2. Механизмнің ПӘК-і
3. Жалпы массасы 50 т реактивті ұшақты ұшқыш Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?

Физика. 9 сынып. Емтихан билеттері (ІІ нұсқа)
Физика. 10 сынып. Емтихан билеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу