Физика. 10 сынып. Емтихан билеттері

Oinet.kz 22-09-2020 1860

Билет № 1
1. Молекулалық –кинетикалық теория негіздері.
2. Плазма деген не?
3. 26,5 кПа қысымдағы сутегі молекуласының орташа жылдамдығы 2400 м/с, көлемі 1 м3 сутегі молекуласының санын анықта.

Билет № 2

  1. Мольдік масса. Зат мөлшері. Авогадро саны.

  2. Газдардағы электр тоғы.

  3. Көлемі 0,04 м3 газдың қысымы 200 кПа, ал температурасы 240К . Ондағы зат мөлшері қандай?


Билет № 3

  1. Броундық қозғалыс.

  2. Электролиз заңы.

  3. Массасы 10-8 г тозаң түйіршігі 5000 В кернеу түсірілген жазық конденсатор астарларының арасында тепе- теңдікте тұр. Астарлардың ара қашықтығы 5 см. Тозаң түйіршігінің зарядын анықта.


Билет № 4

  1. МКТ-дағы идеал газ.

  2. Сұйықтардағы электр тоғы.

  3. Зарядтары 2*10-8 Кл және 3*10-8 Кл болатын бірдей екі шар бір-бірінен 6 см ара қашықтықта тұр. Олардың арасындағы тартылыс күшін анықта.


Билет № 5

  1. МКТ-ның негізгі теңдеуі.

  2. Вакуумдегі элекр тоғы. Диод.

  3. ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар.


Билет № 6

  1. Температура. Термометр.

  2. Термисторлар мен фоторезисторлар.

  3. 6,4*10-2 Кл зардяты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшіргенде 9,6 Дж жұмыс істеледі. Осы нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымын есепте.


Билет № 7
1. Штерн тәжірибесі.
2. Транзисторлар.
3. Кедергісі 0,5 кОмнан және әрқайсысы 120 В кернеуге есептелген қосылған он шам реостат арқылы кернеуі 220 В желіден қоректенеді. Реостаттағы электр тогының қуаты қандай?

Билет № 8

  1. Идеал газ күйінің теңдеуі.

  2. Жартылай өткізгіш диод.

  3. ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар.


Билет № 9

  1. Газ заңдары

  2. Жартылай өткізгіштегі электр тогы.

3. Батареяның ЭҚК-і 6В. Тізбектің сыртқы кедергісі 11,5 Ом, ал ішкі кедергісі 0,5 Ом. Тізбектегі ток күшін, батарея қысқыштарындағы кернеуді және батарея ішіндегі кернеуді анықта.

Билет № 10

  1. Қаныққан бу.

  2. Өткізгіштіктің кедергіге тәуелділігі. Асқын өткізгіштік.

3. Өзара параллель қосылған кедергілері 10 Ом, 20 Ом екі өткізгіш кернеуі 100 В электр тогына жалғанған. Электр тогының әр өткізгіште 10 мин жасайтын жұмысы неге тең?

Билет № 11

  1. Кризистік температура.

  2. Әртүрлі ортадағы электр тоғы. Металдағы электр тогы.

  3. ЭҚК-і 2 В, ішкі кедергісі 0,8 Ом ток көзі ұзындығы 2,1 м, ал қима ауданы 0,21мм2 никель сыммен тұйықталған. Тізбектегі ток күшін тап. Батарея қысқыштарындағы кернеу неге тең?


Билет № 12

  1. Ауа ылғалдылығы.

  2. Заттың магниттік қасиеттері.

  3. Кедергілері 10 Ом және 23 Ом өзара параллель жалғанған екі өткізгіш керннеуі 100 В болатын электр торабына қосылған. Секунд сайын әр өткізгіште қанша жылу мөлшері бөлінеді?


Билет № 13

  1. Кристалл денелер. Аморф денелар.

  2. Лоренц заңы, оны қолдану.

  3. Кедергісі 84 Ом-ға тең реостаттың орамы көлденең қимасының ауданы 1мм2 болатын никель сымнан жасалған. Сымның ұзындығы қандай?


Билет № 14

  1. Деформация, оның түрлері.

  2. Ампер заңы, оны қолдану.

  3. Ток күші 1 А болғанда қимасы 1,4 мм2 алюминий өткізгіштегі өрістің кернеулігі қандай?


Билет № 15

  1. Қатты денелердің механикалық қасиеттері. Пластикалық және морттық.

  2. Электр өлшеуіш приборлар.

  3. Әрқайсысы 6 кОм үш реостат арқылы қандай кедергі алуға болады?


Билет № 16

  1. Ішкі энергия. Жылу мөлшері.

  2. Магнит индукция векторы. Магнит индукция сызықтары.

  3. ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар


Билет № 17

  1. Термодинамика. Термодинамиканың 1-заңы.

  2. Магнит өрісі.

3. Кедергісі 0,5 кОмнан және әрқайсысы 120 В кернеуге есептелген қосылған он шам реостат арқылы кернеуі 220 В желіден қоректенеді. Реостаттағы электр тогының қуаты қандай?

Билет № 18

  1. Термодинамиканың 1-заңын әртүрлі процеске қолдану.

  2. Толық тізбек үшін Ом заңы. ЭҚК.

  3. Массасы 2 кг азот көлемі 2 м3 ыдыста тұр. Азот ыдыс қабырғасына 1,5*105 Н/м2 қысым түсіреді. Ыдыстағы газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясын анықта?


Билет № 19

  1. Термодинамиканың 2-заңы.

  2. Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.

  3. 56 г азотта неше молекула бар?


Билет № 20

  1. Жылу двигательдерінің ПӘК-і. Карно циклі.

  2. Өткізгіштерді тізбектеп, параллель қосу.

  3. Газдың қысымы 0,2 МПа және температурасы 15о С болғандағы көлемі 5 л осындай массасы бар газдың қалыпты жағдайлардағы көлемі неге тең?


Билет № 21

  1. Электродинамика деген не?

  2. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Кедергі.

  3. Қандай қысымда 1 моль газдың температурасы 77о С болады.


Билет № 22

  1. Электр заряды. Зарядтың сақталу заңы.

  2. Электр тогы. Ток күші

  3. Қысымы 150 кПа және температурасы 27о С болғанда 2 м3 газда қанша молекула бар?


Билет № 23

  1. Кулон заңы.

  2. Конденсаторлар. Конденсатор энергиясы.

  3. Ішкі энергиясы U=300 Дж тең көлемі V=2 л болса, 1 атомды газдардың қысымы неге тең болады?


Билет № 24

  1. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі

  2. Милликен –Иоффе тәжірибесі.

  3. Сыйымдылығы 10 мкФ конденсаторға 4 мкКл заряд берген. Зарядталған конденсатордың энергиясы қандай?


Билет № 25

  1. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Диэлектриктер.

  2. Электр сыйымдылық.

  3. Ток күші 10 А болғанда индуктивтілігі 0, 2 мГн контурда қандай магнит ағыны пайда болады?

Физика. 7 сынып. Емтихан билеттері
Физика. 11 сынып. Емтихан билеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу