Абақтыда жазасын өтеп жатқан қостанайлық жеті жылда 4 диплом алды

Oinet.kz 11-03-2021 1082

Леонид Смолкин абақтыға 18 жасында адам өлтіргені үшін түскен. Колледжде оқып жүргенде бокспен айналысқан. Төбелесте адам өлтіргені үшін темірторда жазасын өтеп жатыр, деп жазады Oinet.kz.

диплом.jpg

- Адам өлімі үшін жазамды өтеп жатырмын. Досым үшін жігіттермен сөзге келіп қалып, төбелестім. Менің соққымнан біреуі қайтыс болды. Төбелескенде қолымда балта, пышақ  болған жоқ. Екіншісін досым өлтірді. Сот 22 жыл 6 айға соттады. Биыл 15-жыл жазамды өтеп жатырмын, – дейді Леонид Смолкин.

Жастық шағы түрмеде өткен Леонид Смолкин білім алмақ болған. Ол жеті жылда төрт диплом алып шыққан. Газ-электрмен дәнекерлеуші, электрмонтер-реттеуші, ағаш ұстасы-станокшы және рентген аппараттарына қызмет көрсететін радиотелемеханик дипломы бар.

- Теория мен тәжірибені қатар үйрендім. Газ-электрмен дәнекерлеуші мамандығын оқыған кезім есімде қалды. Көбісі дәнекерлеумен айналысқысы келмейді. Дәнекерлеушінің дипломын алған кезде бізге астанадан бір ер адам келген болатын, ол менің қызыл дипломмен бітіргеніме сенбеді. Ол жертөлеге түсіп, дәнекерлеу аппаратымен қалай жұмыс істейтінімді көрсетуді сұрады. Менің жұмысымды көріп таңқалды, – дейді Леонид Смолкин.

Сондай-ақ ол қолөнермен айналысады. Дорба тоқиды.

Илон Маск қазақстандық студенттермен онлайн кездеседі
Мамин министрлер мен өңір әкімдеріне тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу