Математика. 5 сынып. Емтихан билеттері

Oinet.kz 22-09-2020 1679

№ 1 билет

  1. Қандай сандар 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінеді?

  2. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарудың жолын түсіндір.

  3. Есепте: 1,1/8+6,1/12+3,5/6

№ 2 билет

  1. Қандай натурал сандар 3-ке, 9-ға бөлінеді?

  2. Айнымалысы бар өрнектерді түрлендіру дегеніміз не?

  3. Есепте: 15-тің 3/5-ін, 120-ның 3/10-ін.

№ 3 билет

  1. Құрама сандарды жай көбейткіштерге қалай жіктеуге болады? Мысал келтір

  2. Айнымалысы бар өрнектің сандық мәнін қалай табамыз?

  3. Амалдарды орында: (2/7+5/21):1,4/7

№ 4 билет

  1. ЕКОЕ-ті қалай табамыз? Мысал келтір.

  2. Шеңбердің ұзындығы, дөңгелектің ауданы, сектор дегеніміз не?

  3. Теңдеуді шеш: 11/15х = 77

№ 5 билет

1. ЕҮОБ дегеніміз не? Мысал келтір.

2. Бұрыштың түрлері, градустық өлшемдері туралы түсінік бер.

3. Жай бөлшекке айналдырып есепте: 3,5+4,1/2. 16,25+2,1/3.

№ 6 билет

1. Шеңбер, дөңгелек дегеніміз не? Мысал келтір.

2.Айнымалысы бар мүше санға қалай көбейтіледі?

3. Өрнектің мәнін тап: (х/2+у/3)•9, мұндағы х = 1, у = 4;

№ 7 билет

  1. Жай бөлшек дегеніміз қандай сан? Үлес дегеніміз не?

  2. Қандай мүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды?

  3. Амалдарды орында: 2755-8•(1028-689);

№ 8 билет

  1. Жай бөлшектің негізгі қасиеті, жай бөлшекті қысқарту деген не?

  2. Дөңгелек сектор дегеніміз не?

  3. Теңдеуді шеш: 6•13х-54х+543 = 759;

№ 9 билет

  1. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

  2. Берілген шаманың құрамды бөліктері бойынша оның дөңгелек диаграммасын қалай сызамыз?

  3. Есепте: 5,3/7•14/19-3,5/8:7,1/4+8,2/5

№ 10 билет

  1. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

  2. Шеңбердің ұзындығы неге тең?

  3. Шамаларды метр есебімен ондық бөлшек түрінде жаз: 2 см; 1,9 см; 35 дм; 8 дм.

№ 11 билет

  1. Сандық сәуле. Жай бөлшекті сандық сәуледе кескіндеу дегеніміз не?

  2. Дөңгелектің ауданы неге тең?

  3. Есепте: 12/85•25/32; 4,2/7•2,4/5.

№ 12 билет

  1. Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру дегеніміз не?

  2. Транспортирді пайдаланып, градустық өлшемі берілген бұрышты салуды түсіндір.

  3. Өрнектің мәнін тап: 77:6+(х-у). Мұндағы х=8; у=5,1/12.

№ 13 билет

1. Жай бөлшектерді салыстыруды түсіндір?

2. Бірнеше санның арифметикалық ортасын қалай табамыз?

3. Мектепте барлығы 1500 оқушы бар. Оның 42% ұл балалар. Мектепте қанша ұл

бала бар? /645; 630; 564/

№ 14 билет

  1. Бөшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреміз?

  2. Бөлшектерді салыстыру туралы не айта аласыз?

  3. Шамаларды центнермен ондық бөлшек түрінде жаз: 6 кг; 45 кг; 273 кг.

№ 15 билет

  1. Оқып жүрген кітабыңның авторын ата.

  2. Градус дегеніміз не?

  3. Дөңгелектің диаметрі 20 см. Дөңгелектің ауданын тап.

/120 см2; 314 см2; 108 см2 ; 168 см2/.

Тәрбие сағат: Ер есімі – ел есінде
Математика. 8 сынып. Емтихан билеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу