Тәрбие сағат: Ер есімі – ел есінде

Oinet.kz 22-08-2020 784


Мақсаты:

1.     Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

2.     Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.

3.    





Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.


 

І бөлім. Кіріспе.

   Мұғалім. Құрметті қонақтар!

   Әрқасымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы күндер қалды.

   Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын.

   Өкінішке қарай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр.Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де ештеңе де ұмытпауы тиіс! Себебі бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз. Солай болғандықтан да өскелең ұрпақты аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.

   Бүгін біздің ортамызда соғыста ерлікпен шайқасқан құрметті қонағымыз отыр. Ол – ауылымызда тұратын жалғыз соғыс ардагері Коробицин Илларион Иванович.

   1-оқушы. Бүгінгі ашық тәрбие сағаты соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналады

Ұлы Отан соғысы туралы кинофильм көрсетіледі.

   1-оқушы.В сорок первом в атаке,

Сквозь крутые снега,

Шли ребята на танки,

Сокрушая врага.

А за ними другие

Поднимались вослед

Возле самого сердца –

Комсомольский билет.

   2-оқушы. «Ешкім де ұмытылған жоқ, ешнәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштері мен обелискілеріне де қашалып жазылған.

 

 

1-2-оқушы.

Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

   3-оқушы. Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

   4-оқушы. 9-мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме?

  Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

   5- оқушы. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.

   6-оқушы. Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті.

   7-оқушы. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

   Хор. «Бейбітшілік сақталады»

   8-оқушы. Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

   9-оқушы.

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып, халқы үшін

Жанып түскен ақ жұлдыз.

   10-оқушы.

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап, снарядтар қаққан ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

   11-оқушы. Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.

   12-оқушы.

 Қасарысты жиырма сегіз,

Тынбай атты гранатты.

«Отан!» деген отты лебіз-

Жандарынан жалын атты.

   13-оқушы.

Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде,-

Ерлік даңқы – жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.

   14-оқушы. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 Панфиловшының 23-і қаза тапты, 28-дің 22-сі  - қазақстандықтар еді.

   15-оқушы.

  Орыс, қазақ, қырғыздан,

Құрылған бұл шағын топ.

Жауға үрей туғызған

Жайпап түсер жалын боп.

 16-оқушы.

Жиырма сегіз, жиырма сегіз - бір ғалам,

Анау жаудың танктері лаулаған.

Ресей кең, Ресей кең, артымызда - Москва,

Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.

   Ән «Ел қорғауға әзірміз» (ұлдар орындайды)

   1-оқушы. Иә, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты аты аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде « Батыр» деп жазып кетті.

   Мұғалім. Құрметті қонақтар, соғыста қаза болған батырларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. (1 минут үнсіздік)

   2-оқушы. 1945 жылдың 30-сәуірі. Рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тіккен  жеңіс туы желбіреді.

   1-оқушы.1945 жылдың 9-мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!

   2-оқушы.

Сүйінші, халқым сүйінші,

Сүйіншіге – сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан, ата-бабамыз!

   1-оқушы.

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той-мереке!

   Хор. «Ақ көгершін»

   3-оқушы.

Халық легі куәсіндей елдіктің,

Көптен бері осы күнді сағынған.

Ардагерлер осында отыр ерліктің,

Медальдарын, ордендерін тағынған.

  ІІ бөлім. Қонаққа сөз.

   Мұғалім. 67 лет отделяют нас от суровых и грозных лет войны. Но время никогда не изгладит мз памяти народа Великую Отечественную войну, самую тяжелую и жестокую из всех войн в истории нашей Родины. В сердцах людей она жива, потому что до сих пор еще не залечены ее раны, не иссякла боль, не забыты те, кто отдал жизнь за великую Победу, живут среди нас ветераны войны.

   Жить, работать, воевать, побеждать врага попмогали нашему народу на фронте и в тылу песни, созданные в те грозные годы.

    Уважаемый Илларион Иванович, за счастливое детство, мирное небо Вам и всем кого нет  с нами низкий, земной поклон .






(Оқушылар орындарынан тұрып, бастарын иеді)


   Қонақпен сұхбат. (оқушылар сұрақ қойды)

1.     Қай кезде соғысқа шақырылдыңыз?

2.     Сіз соғысқа аттанарда қанша жаста едіңіз?

3.     «Соғыс басталды» деген хабарды естігенде қандай күйде болдыңыз?

4.     Қай жерде соғыстыңыз?

5.     Неміспен бетпе-бет келдіңіз бе?

6.     Қандай мадақтауларыңыз бар?

7.     Ең қорқынышты болған сәтіңіз есіңізде ме?

8.     «Жеңіс» деген сөзді естігенде қандай күйде болдыңыз!

9.     Балаларыңыз бар ма?

10.                       Соғыстан кейін еңбек еткен кездеріңіз туралы айтып беріңізші.

   ІІІ. Оқушылардың шағын концерті.

1.     Ән. «Катюша»

2.     Соғыс әндерінен попурри.

3.     Өлең. «Мен соғысты жек көрем»

   ІV. Қорытынды. (Шара соңында оқушылар ардагермен естелік суретке түсті)

 

 

                                                       Қаирдолдина Гульназ Нургуметовна

                                                      Чернова орта мектебі

                                                      Аққайнар ауылы

                                                      Катонқарағай ауданы

                                                      Шығыс Қазақстан облысы        

 


Физика. Емтихан билеттері
Математика. 5 сынып. Емтихан билеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу