Қазақ тілі: Қысқарған және тіркесті сөздер

Oinet.kz 14-09-2020

Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. Қысқарған сөздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер әртүрлі жолмен қысқарады:

 

1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т.б.

2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т.б.

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз, ұжымшар, т.б.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т.б.

5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40, т.б.

6. Әртүрлі өлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т.б.

 

Қысқарған (пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар, медколледж сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы, ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т.б.

 

Күрделі сөздің бірі тіркесті сөздің құрамындағы сөздер біртұтас лексикалық мағына береді, бір ұғымның атауы болып келеді.

 

Тіркесті сөздер әртүрлі сөз табынан жасалады.

 

Зат есімнен жасалған тіркесті сөздер: нағашы ата, ортан жілік, қайын ене, қазақ тілі, Республика алаңы, Оқушылар үйі, Достық даңғылы, Абай даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?

 

Сын есімнен жасалған тіркесті сөздер: күрең төбел, ұзын бойлы, қою қаба сақалды, қызыл шырайлы – қандай?

 

Сан есімнен жасалған тіркесті сөздер: он үш, жиырма бес, тоғыз жүз алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш, жетпіс тоғыз – қанша, неше?

 

Етістіктен жасалған тіркесті сөздер: келе жатыр, айтып болып еді, құлап қала жаздап еді, күліп жібере жаздады – қайтты, не істеді?

 

Үстеуден жасалған тіркесті сөздер: қыс бойы, күні кеше, таң атқаннан кеш батқанша, кеш батқаннан таң атқанға дейін – қашан?

 

Тіркесті сөздер әрқашан бір-бірінен бөлек жазылады.

 

Күрделі сөздер түрлерінің кестесі:

 

Күрделі сөздер

Біріккен сөздер

Қос сөздерҚысқарған сөздер

Тіркес сөздер

Саңырауқұлақ

Бәйшешек

Айдос

Ұлтабар

Алаөкпе

Ханталапай

Қосалқа

Өнеркәсіп

Жазғытұрым

Әлдеқалай

Үйір-үйір

Таудай-таудай

Бетпе-бет

Жөнді-жөнсіз

Ас-мас

Көйлек-көншек

Сарт-сұрт

Жап-жасыл

Көкпеңбек

Аппақ

ХШЖК

ҚР

ҚазҰУ

ҚБТУ

Ауатком

Ұжымшар

Физмат

Ил-40

Ан-24

см

Ана тілі

Сөз тіркесі

Ал қара көк

Күрең қызыл

Жиырма үш

Оқушылар сарайы

Ақ құба өңді

Қызыл шырайлы

Қыс бойы

Кешке дейін


Қазақ тілі: Қос сөздер және оның түрлері
Қазақ тілі: Сөз тіркесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу