Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Тіл білімінің грамматика саласының бірі – синтаксис (грекше «syntaxis»). Синтаксис сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелерін қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.
Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:
● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;
● кем дегенде екі толық мағыналы сөзден тұрады;
● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;
● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.
Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көрікті табиғат, т.б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.
Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары
Жиырма оқушы
Тосыннан келген хабар
Кеше хабарласты
Саны он үш
Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сөз тіркесі; 2) күрделі сөз тіркесі.
Синтаксистік жай тіркес | Синтаксистік күрделі тіркес |
Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез. | Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі |
Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т.б.
Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы, әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т.б.