Ғылыми жұмыс. Күнбағыс майының құпиялары

Oinet.kz 14-02-2020 720

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы,
Ыбыраев ауылы, М. Ахметбеков атындағы орта мектебі
Орындаған: 3 - сынып Ғазиз Ерлан
Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі
Сарсикеева Алма Есқаққызы

Бағыты: «Қоршаған орта»
Секция: «Дүниетану»
«Күнбағыс майының құпиялары»

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. КҮНБАҒЫС - МӘДЕНИ ӨСІМДІК
1. 1. Күнбағыс майы
1. 2. Күнбағыс майының түрлері
ІІ ТАРАУ. ЗИЯНЫ МЕН ПАЙДАСЫ
1. 1 Күнбағыс майының зияны мен пайдасы
1. 2 Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестер
1. 3 Тәжірибе
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

Аңдатпа
Зерттеу жұмысының мақсаты: Күнбағыс майының зерттеу қасиеттерін анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы:
- Егер де күнбағыс майы өндірілмесе, өмірге, тағамға, емдікке не қолданар еді?
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Бірінші кезеңде біз күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз? Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%- ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Рафинацияланбаған май да пайдалы майлардың бірі екендігі белгілі. Рафинацияланбаған май белгілі бір өңдеу сатыларынан өтеді. Оның тұнбасын түсіріп, түрлі сүзгілерден өткізеді. Рафинацияланған май мөлдір және иіссіз келеді. Өндірісте оны толықтай тазартады, сол себепті оның құрамында нашар қосылыстар да, табиғи пайдалы заттар да аз қалады.
Екінші кезеңде жалпы көптеген қолжетімді майлардың арасында күнбағыс майы ең пайдалы түрлердің бірі деп айтуға болады. Соя, жүгері майлары пайдасы жағынан күнбағыс майының артында тұр. Оның құрамындағықанықпаған майлы қышқылдар, майда ерігіш А, В, Е және F дәрумендер мен минералдар бар. Күнбағыс майы адамға күнделікті қажет, бірақ ағзаның өзі шығармайтын пайдалы заттарды береді. Пайдасымен қатар адам денсаулығына зияны да бар. Жалпы ем болмаушылық кездескен жоқ. Негізі оны шамалы мөлшерде қолдану қажет, себебі, жоғары калориялы. Сатып алғанда қолдану мерзіміне назар аудару қажет. Шыны түбінде тұнба болса, оның ашығандығы байқалады. Пайдасы да төмендейді. Сонымен қатар мынадай кеңестер туындады:
• Салат әзірлегенде, көкөністерді май құймай тұрып тұздаған жөн. Себебі тұз майда ерімейді.
• Дүкенде сөренің ең бергі жағында тұрған майды алмаңыз, оның құрамында жарық әсерінен пайдалы заттар жойылған. Толығырақ жұмыстың барысында танысасыздар.
Үшінші кезеңде тәжірибе жүргіздік. Тәжірибе барысында сұйық май, көлік майы мен боялған су табиғи жағдайда араласпайтындығын анықтадық.
Зерттеу әдістері:
- Әңгімелесу;
- Сауалнама алу;
- Тәжірибе.
Зерттеу жұмысының нәтижесі, қорытындысы:
Қорытындылай келе, күнбағыс майының пайдасы мен зияны бар екен. Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестерді анықтадым. Арзан бағаларды іздегенше, сапалы, жақсы өнім ұсынатын үлкен өндірушілердің тауарын алғаныңыз жөн. Олар өнідіріс нормаларын сақтайды. Мұндай маркалы майлар халық арасында сұраныста. Ал тәжірибе барысында, заттектердің тығыздығының әр түрлілігіне көзім жетті. Өзім үшін «Заттектердің тығыздығы» деген жаңа ұхым аштым.

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Күнбағыс - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері - Солтүстік Америка. Қазақстанда 2 түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық күнбағыс. Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады. Күнбағыстың биікт. 2 м - дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см - ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады. Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі. Күнбағысты өсіру көктемде басталып, күзде аяқталады. Бұл үдеріс күнбағыстың тұқымы мен сорты және технологиясына қарай 100 - 150 күнге созылады. Ол өзінің бастапқы өніп - шығу кезеңінен бастап, гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді болып келетін өсімдік. Былайша айтқанда, біздің қатаң климатымызға бейімділігімен ерекшеленеді. Күнбағыстың тағы бір жағымды қасиеті ол қаржы шығындарын соншама қажет етпейді. Оның үстіне оны өсіру де өте қарапайым. Бірақ соған қарамастан, пайдасы мол, яғни жоғары рентабельді болып келеді. Сондықтан күнбағыс өсіру бизнесі өзін - өзі аз уақыт ішінде жедел ақтайтын бизнес түрі болып есептеледі. Кұнбағыс пістелері (дәндері) адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Олардың құрамында май, құнды өсімдік ақуыздары, көмірсутегілер, өзек, лецитин бар. Түрлі микроэлементтерге де өте бай. Мәселен, оның құрамында магний, темір, мырыш, селенит өте көп кездеседі. Сондықтан дәрігерлер адамға йод жетіспеген жағдайда көкөніс дәндерін пайдалану жайында кеңес беріп жатады.
Күнбағысты өсіру тәсілдері мен технологиясы.
Жоғарыда күнбағысты өсіру көп қиындыққа түспейтіндігін айттық. Ол кез келген бақша топырағында жақсы өседі, алайда жеңіл және құнарлы топырақты ұнатады. Күнбағыс күнді сүйетіндіктен, оны өсіретін орынды күн жақсы түсетін жерден таңдау керек. Күнбағыс көктемде топыраққа тұқымын себу арқылы көбейеді, ал көпжылдық түрлері – көктемде немесе күзде түптерінің бөлінуі арқылы өседі. Тұқымды сәуір, мамыр айларында тікелей ашық топыраққа бір - бірінен 30 х 40 сантиметр қашықтықта, бір ұяшыққа 2 - 3 дәннен 2 - 5 см. тереңдікке сіңіре себеді. Тұқым +5С температурада өне бастайды. Күнбағыстың гүлдеуі көктесін пайда болғаннан кейін 75 - 80 күн өткен соң ғана басталады. Өсімдік ерекше күтімді қажет етпейді. Тұқым 3 - 4 жыл өнгіштікті сақтайды. Күнбағысты 3 - 4 жыл өтпей бұрынғы егілген орнына қайта өсіруге болмайды. Оған тағайындалған учаскені күзден бастап 20 сантиметрден кем болмайтындай етіп аудару керек.
Күнбағыстың күтімі өте қара­пайым: қатарлар арасы арам­шөп өсімдіктерінен еркін, ал топырағы борпылдақ болуы керек. Күнбағысты уақтылы егу оны қыркүйек айының басында жинауға мүмкіндік береді. Осы уақытта көбінесе қажетті ылғал деңгейіндегі жоғары сапалы пісте алуды қамтамасыз ететін қолайлы ауа райы болады.
Өнімді жинауға шамамен бір жарым ай уақыт кетеді. Күн­бағысты басын өткір пышақпен қесу арқылы қолмен жинайды. Өте ылғалды пістелерді 8 - 10 күн бойы сабағының түбіріне кесілген себеттерді кигізу арқылы кептіреді. Егістіктен жиналған күнбағыстар қырманға – қоймадағы арнайы орынға жеткізіледі, ол тек екі қа­бырғаға орналастырылады, өйткені қойманың алдыңғы жағындағы қабырғаның болмауы, қажетті ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Бірден кептіру жақсы жел­детіліп тұратын қараңғы қой­маларда жүзеге асады. Кептірілетін орындағы температура 40 - 50°С болуы тиіс. Матадан жасалған қаптарда 2 жылға дейін сақтайды.
Күнбағысты өткізу. Елімізде күнбағыс дәнінен май айыратын зауыттар мен шағын цехтар баршылық. Өсірген өніміңізді алдын - ала келісімшарт жасасу арқылы соларға өткізе аласыз. Сондай - ақ бұқаралық ақпарат құралдарына күнбағыс тұқымын көтерме сату туралы хабарландыру беруге болады. Сол сияқты күнбағыс дәндерін өз қолыңызбен - ақ бастапқы өңдеуден өткізе аласыз. Мәселен, оны қуырып, халыққа бөлшектеп сатуға болады. Осындай кәсіппен шұғылданатын адамдар кез келген қала мен ауылда кездеседі.
Күнбағыс өсіруге жұмсалатын шығындар. Әрине, күнбағыс өсіру үшін ең алдымен сіздің өз жеріңіз болуы керектігі түсінікті. 1 гектар жерге 5 - 10 кг. тұқым жұмсалады. Демек, егер сіздің 10 гектар жеріңіз болса, ол үшін сізге кемінде 50 келі тұқым қажет болады. 1 келі тұқым шамамен алғанда, 70 теңге тұрады. Сонда сіз тұқым үшін бар - жоғы 3500 теңге ғана жұмсайсыз.
Түсетін табыс пен пайда. 1 гектар жерден 8 - 10 центнерге дейін өнім алуға болады. Демек сіз өзіңіздің 10 гектар жеріңізден 80 центнерге дейін өнім ала аласыз. Егер күнбағыстың күтімі келіссе, алынатын өнім көлемі бұдан да мол болуы әбден мүмкін. Сонда сіз 1 келі күнбағыс дәнін 70 теңгеге (бұл ең арзан баға) сатқан жағдайда 80 центнер өнімнен кемінде 56 мың теңге пайда таба аласыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Күнбағыс майының зерттеу қасиеттерін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Күнбағыс майының Қазақстандағы өндірісімен танысу;
- Пайдасы мен зиянын анықтау;
- Күнбағыс майының түрлерін ажырату;
- Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестермен танысып, сыныптастарыммен бөлісу.

Зерттеу әдістері:
- Әңгімелесу;
- Сауалнама алу;
- Тәжірибе.

І ТАРАУ. КҮНБАҒЫС - МӘДЕНИ ӨСІМДІК
1. 1. Күнбағыс майы
Европалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Европаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады. Ал Россияда күнбағыс осыдан 3 жүз жыл бұрын пайда болды. Алғашында оны бақтарға сән үшін өсірген. Ол кезде күнбағыстың ұсақ себеттері – гүл шоқтары көп болған.
Бірақ көп ұзамай күнбағыс ұрықтарының, яғни дәндерінің жеуге жарамды тәттілігін байқап, оны бақшаларда да өсіретін болған. 1830ж. Воронеж губерниясының Алексеевка слабодасынан шыққан басыбайлы шаруа Бокарев күнбағыс дәнінен сығып май алуға болатынын табады. Қазір күнбағыс – біздегі ең кең таралған майлы дақыл. Біздің еліміз Мексикадан келген «күн гүлінің» екінші отанына айналды.
Күнбағыс далалық қара топырақты өңірге - Молдавиядан Алтайға дейін егіледі. Әрине ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі.
Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі - оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы. Күнбағыстың кейбір сорттарын сүрлем үшін егеді. Бұл жағдайда оның дәні піспей тұрып көктей орады.
Күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз? Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%- ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%- дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%- дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1, 4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған күнбағыс га - нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т. б. сорттары аудандастырылған. Осы сорттардың 1 га - нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. Күнбағыстың негізгі зиянкестері: сым - құрт, күнбағыс қан көбелегі, т. б.; аурулары: боз шірік, сұңғыла, т. б. Жалпы ақпарат. Күнбағыс – күрделі гүлдесін тұқымдасына жататын өсімдік. Оның шамамен 90‑ға тарта біржылдық және көпжылдық түрлері кездеседі. Үлкен гүлшоғырлары бар күнбағыстың ашық сәулелі жапырақшалары бір қарағаннан - ақ күнді еске түсіреді. Бұдан бөлек, бұл өсімдік басын үнемі күнге қаратып, шығыстан батысқа дейінгі күн ізімен оның соңынан еретін ерекше қабілетке ие.
Өндіріс циклі көктемде басталып, күзде аяқталады және сорты мен технологиясына қарай бар жоғы 100 - 150 күнге созылады. Бұл бастапқы өніп - шығу кезеңінен гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді, дәлірек айтқанда біздің климатымызға бейім өсімдік болып табылады. Сондықтан, күнбағыс өсіру – аса қарапайым, қаржы салымын аз мөлшерде қажет ететін, жоғары рентабельді, өзін - өзі аз уақыт ішінде ақтайтын ақша табудың түрі. Кұнбағыстың пістелері (дәндері) өте пайдалы. Олардың құрамында май, құнды өсімдік ақуыздары, көмірсулар, өзек, лецитин бар. Түрлі микроэлементтерге бай, сондықтан да магний, темір, мырыш, селенит, йод жетіспеушілігі кезінде көкөніс дәндерінің пайдасы тиеді.

Ғылыми жұмыс. Арал теңізінің ғаламдық мәселелерін қарастыру шаралары
Ғылыми жұмыс. Сырқатыңның бар дауасы - табиғатта
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу