Ғылыми жұмыс. Сырқатыңның бар дауасы - табиғатта
Дайындаған: Тастайбекова Гульназ
Ғылыми жоба. Сырқатыңның бар дауасы - табиғатта
Зерттеудің негізгі мақсаты:
- Табиғаттың адамға тигізер пайдасы туралы ұғым беру, білімін кеңейту. Адамның денсаулығына шипа болатын табиғат ерекшелігін меңгерту;
- Табиғат қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу, оқушылардың табиғат жөнінде ой - өрісін кеңейту;
- Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту; оны қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Зерттеудің кезеңдері:
1. Әдебиеттер жинақталып, зерттеу материалдары жүйеленді
2. Жиналған материалдар оқылып, талқыланып, жоспарланды.
3. Көрнекіліктер дайындалды.
Зерттеудің жаңалығы:
- Табиғаттағы тіршілік атаулының адамға тигізер пайдасын ұғындыру
Қорытынды:
Елбасының Жолдауындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулықты қорғау, нығайту, талабы, бағытында, сондай - ақ Жолдауда атап кеткен ұрпақтық саулығы үшін аталған міндеттер мен нормаларға сәйкес іс - қимылды жүргізудің біздің елімізде қолға алынған. Дені сау ұрпақ қатарын көбейтуде атқарылар шаралардың өзіндік маңызы өте зор
Жоспар
1 Кіріспе бөлім.
2 Негізгі бөлім
а) Табиғат деген не?
ә) Жергілікті жердегі өсімдік пен жануардың адамға тигізер пайдасы
3 Қорытынды бөлім
Табиғатты аялау өз қолыңда.
Кіріспе бөлім
Бүгінде экология туралы айтып, жазып және теледидар бойынша көрсетуде. Экология ғылыми түсінік аясынан шығып кетіп және әрбір мемлекеттің және әрбір тұлғаның ойлауын және сол туралы қобалжуын тудыратын мәселе болып отыр. Біздің өзімізден басқа ешкім табиғатты, қоршаған ортаны, әлемді құтқарып қала алмайды. Көпшілік жағдай біздің өзімізге, біздің түсінігімізге және қоршаған ортаның сапасын сақтау құндылығына байланысты болып отыр.
Жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі екі маңызды құжаттаманы қабылдады. «Тұрақты дамуға өту концепциясы және ҚР Экологиялық кодексі» олар біздің қоғамымызға қазақстандық халықтардың өмір сапасын жақсарту және табиғатты пайдалануды стимулдау және қоршаған ортаның ластануын төмендетуге мақсатты бағытталған міндеттерді қойды.
Экологиялық кодекс – бұл атқарылуға міндетті заң және экологиялық заңнамалардың реформаторы ретінде қазірдің өзінде негізгі ережелермен жұмыс істеуде. Және бұл тұрақты даму процесіне өту үшін жасалған соңғы нүкте деп айтуға болмайды.
Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадан тепе - теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы онжылдықта күшейіп, енді адамзат экологиялық мәселелерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Түрліше табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдық акциялар ұйымдастырылуда, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарылуда.
Табиғатымыз — адамға баға жетпес байлық.
Негізгі бөлім
А) Табиғат деген не?
Табиғат ол бізді коршаған орта: аспан, ай, кун, жұлдыз, ауа, күннің көзі, жылуы, өзен, көл, жарық. Табиғат - байлыктын көзі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя тал бесігі. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адам біртұтас, бір - бірінен бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уакытта зиян тигізбеген.
Жалпы табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз. Халқымыздың мақтанышы болып саналатын ғалым, этнограф, зерттеуші Ш. Уәлиханов былай деген екен: "Табиғат пен адам егіз! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар?! Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі".
Шынында да халқымыз табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді "әулие бұлақ", "әулие ағаш" деп бағалаған. Ал қарлығаш, аққу, ұлар сияқты құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзбауға, балапандарын жоюға немесе өздерін өлтіруге рұқсат етпеген.
Ә) Жергілікті жердегі өсімдік пен жануардың адамға тигізер пайдасы
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми - лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Қазақстанда орман қоры 21, 8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3, 35 %- ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т. б. өсімдіктерден дәрі - дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді. Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік - тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз. Табиғаттың ерекшелігі сол, ашылатын сыр, шешілетін жұмбақ, қызықты құпиялар жайы өте көп. Адам тіршілік барысында әртүрлі жағдайда сырқаттанғанда сол сырқаттың емін, шипасын біздің көз алдымызда айналамыздағы тіршіліктен табуға болатынын біле бермейміз. дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болады
Ағаштар (Қарағай, шетен) Халқымыз әр түрлі ағаштардың жеке - жеке ауруларға емдік қасиетін ертеден - ақ меңгерді. Мәселен, аяқ шаншығанда, бас ауырғанда шетенді сол ауырған жерге қойып, сырқатты бәсеңдеткен. Шетен қуат бергіш ағаш тобына жатады. Дегенмен, шетенді ұзақ пайдалану да қауіпті. Кері әсері болуы мүмкін. Қазақтар шетенді найзағай тартады деп үй жанына отырғызудан бас тартқан. Қарағай ағашының да, оның бүршігі бүйрекке ем екен. Арнайы қайнатпамен жасалып ем жүргізеді Асқазанның қыжылын емдеуге болады. Бүйректің тасын емдейді екен. Осыған байланысты нақты ғылыми негіздерге, тәжірибелерге сүйеніп әр адамның өзінің жеке "қуат бергіш" және "қуат сорғыш" ағашы болатыны анықталды. Алайда, аты аталған немесе аталмаған "қуат бергіш" ағаштар толық емдік қасиетке ие деп біржақты айта салуға да болмайды. Өйткені әр адамның өзінің туған жыл, ай, күніне қарай өз ағашы болады. Ағаштың қандайда бір емдік белгісіне қарай анықтап, "қуат бергіш" ағашқа жақындағанда әр сеансты 10 - 15 минуттан бастап, 20 - 30 минутқа дейін созып, жеті рет сеанс алған дұрыс болады. Денеңізге кері әсер ететін ағаш жанына жоламау қажет. Әрине, орманға барғанда бір ғана ағаш шипалы деу дұрыс та болмас. Ормандағы барлық өсімдіктер биоөріс бөледі. Су өзінің сылдырап аққан үнімен дененің жүйке жұмысын жақсартады. Өсімдік те, су да адамның кері қуатын сорып шығара алады. Бұларға таза ауаны қосыңыз.