Филология. Реферат. Антропонимдердің лингвомəдени ерекшеліктері
Тілдік құрылымның маңызды бөлігін құрайтын кісі есімдері тілдің тарихына ғана қатысты көптеген қызықты мəселелердің басын ашуға көмектеспейді, сонымен бірге халықтың тарихына, оның этнографиясына байланысты мəселелердің де шешімін табуға көмектеседі. Мұның бəрі кісі есімдерін зерттеудің ғылыми-теориялық жəне практикалық мəні бар екенін білдіреді.
Антропонимдер басқа тілдік жүйенің құрылымдық бірліктеріне қарағанда экстралингвистикалық ортамен тығыз байланыста, өйткені қоғамдағы өзгерістердің барлығы антропонимдер жүйесінде де көрініс тауып отырады.
Тілдегі сөздік қордың үнемі өзгерісте болуы статикалық тұрғыдан да, динамикалық тұрғыдан да зерттеуді қажет етеді. Қоршаған орта мен тілдің лексикалық жүйесінің өзара сəйкестігі, байланыстылығы лингвистердің ғана емес, сонымен бірге қоғамдық, əлеуметтік саладағы ғалымдардың да назарынан тыс қалмаған.
Кісі есімдері халықтың материалдық жəне рухани мəдениетімен тікелей байланыста бола отырып, барлық этномəдени ерекшеліктерді бойына жинақтайды. Сондықтан қазақ жəне парсы тілдеріндегі кісі есімдерін салғастыра қарастыру ұлттық менталитеттің, мəдениеттің ерекшеліктерін көрсете алады.
Кісі есімдері – көне замандардан бері ғылым мен мəдениеттің зерттеп келе жатқан нысандарының бірі. Тіл білімінің бұл саласы маңызды əрі көлемді бола отырып, ұдайы даму жəне жетілу үстінде. Кісі аттары тіл ғылымының қалыптаса бастаған кезінен-ақ өзіне назарын аудартып келе жатқан тілдік бірлік. Көне заман ғалымдарының зерттеу нысанына айналмаса да, пəні болған. Ал, антропонимика ХХ ғ. 30-жылдарынан бастап қана ғылыми зерттеу нысанына айналып, ғылыми мəртебесін алды. Алайда антропонимика ономастиканың құрама бөлігі.
Антропонимияның зерттеу нысанына адамға қатысты түрлі атаулар жатады: кісі аттары, əкесінің аты, тегінің атауы, ру аттары, лақап аттар, бүркеншік аттар, криптонимдер.
Қазақ ономастикасына қатысты зерттеулердегі қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, əлі зерттеуді қажет ететін, шешімін таппаған мəселелер баршылық. Соның ішінде, қазақ ономастикасы мен парсы ономастикасындағы кісі есімдерін салғастыра зерттеу əлі қарастырылмаған тың мəселе қатарына жатады.
Тіл мен мəдениеттің өзара байланысын қарастыру барысында ұлттың мəдени-тарихи ерекшеліктерін танытуға қабілеті бар тілдік бірліктер ішінде антропонимдер ерекше орынға ие. Кісі есімдері күрделі жүйені құрайды, олар тек лингвистикалық факторлар негізінде қалыптаспайды, сонымен бірге олардың қалыптасуына ұлттық-мəдени жəне əлеуметтік факторлар да мəдени тұлғаға ат беруде өзіндік əсерін тигізеді. Лингвомəдени тұрғыдан антропонимдік бірліктерді талдау барысында, ең алдымен, əлемді қабылдаудағы ұлттық ерекшелігі (менталитет) бар тілдік жəне мəдени сипаттағы бірліктер басты назарда болады. Жеке ұлттың менталитеті ұлттық əрі əлеуметтік сипаты бар жалпы адамзаттық сипатта шоғырланып, қалыптасады. Ұзақ уақыт бойы белгілі бір ұлтқа тəн ерекшеліктерді қалыптастыратын ұлттық орта ұлттық сипатта көрініс тапса, ұлттық құндылықтарға қарамастан қай кезеңде де өмір сүрген кезеңнің бейнесі əлеуметтік сипатта көрініс табады. Антропонимдік бірліктердің пайда болуына осындай екі жақты сипаттың əсері мол. Сол себепті осы мəселе лингвистердің де, философтардың да, мəдениеттанушылардың да назарына ілігіп, гуманитарлық бағыттағы зерттеудің нысанына айнала бастады. Бүгінгі күні түрлі халықтардың есімдеріндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктерді анықтауға көп көңіл бөлініп отыр. Антропонимдер лингвистер үшін, біріншіден, тіл заңдылығына сəйкес дамитын сөз, екіншіден, тілдің лексикалық жүйесіндегі тілдік бірлік, үшіншіден, белгілі бір қарым-қатынасты жүзеге асыратын номинативті белгі. Жалқы есімдер де жалпы есімдер сияқты уақыт пен кеңістікте өзгеріске түседі. Олар мəдени-тілдік ортада өтетін өзгерісті жылдам қабылдайды.
Қазіргі тіл біліміндегі өзекті мəселелердің бірі – тілдің сөздік құрамындағы бірліктерді салғастырмалы түрде зерттеу. Өйткені əр халықтың басынан өткен өмір шындығына, болмысына, əлеуметтік жағдайларға, дінге, мəдениетке, шаруашылыққа жəне т.б. қоғамның əрбір саласына қатысты лексемалар заман талабына қарай өзгеріп, жаңа мəнге ие болып отырады. Соған сəйкес олардың құрылымы мен мағыналарының қалыптасуында əр тілдің тек өзіне ғана тəн ерекшеліктері қалыптасады. Сонымен қатар олардың өзара ортақ қасиеттері де болуы мүмкін. Мұның бəріне салғастырмалы зерттеу арқылы ғана көз жеткіземіз. Əр халықтың дүниетанымы, қоршаған ортаны қабылдауы оның өткен тарихы мен бүгінгі тұрмысы, тыныс-тіршілігі арқылы таразыланатыны анық. Ал ұлттың рухани жəне материалдық мəдениетінен, тарихы мен əдебиетінен, жалпы тұрмыс-тіршілігінен толық ақпарат беретін құрал оның тілі болып табылады. Осыған байланысты кез келген тілдің лексикалық қорының мəнді бір қабатын жалқы есімдер құрайды. Оларсыз адамзат қоғамының қарым-қатынас қызметі іске аса алмайды.
Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары жəне т.б.) зерттеудің теориялық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномəдени, əлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін түркі тіл білімінің ғалымдары В.В. Радлов, В.В. Бартольд, Н. Катанов, А.Н.Самойлович, С.Е. Малов, Н.К. Дмитриев, А.Н. Кононов, Н.А. Баскаков, қазақ ғалымдары Қ. Жұбанов, І.К. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ə. Қайдар, Т.Жанұзақов, Ə. Абдрахманов, Е. Жанпейісов, Қ. Рысбергенова, Г.Мадиева, Е. Керімбаев, Б. Тілеубердиев жəне т.б. өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті.
В. Воробьев лингвомəдениеттануға мынандай ғылыми анықтама береді: «Лингвокультурология – это комплексная научная дисциплина синтезирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структурную единицу в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей)» [1, 37 б.].
Тіл ғылымында лингвомəдениеттану – тіл білімі мен мəдениеттанудың ортақ мəселесін қарастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомəдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын əлеуметтік, этникалық, танымдық, эстетикалық, адамгершілік, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл ғылымының саласы. Лингвомəдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көріністерін, рухани мəдениетін тіл деректері мен ұлттың танымдық ерекшеліктері арқылы танытып, олардың қызметі мен мағынасын анықтау. Қазақ тіл білімінде лингвомəдениеттану ғылымы пəніне қатысты деректер Ш. Уəлиханов, М. Əуезов еңбектерінен бастап, Ə. Марғұлан, І. Кеңесбаев, Ə. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уəлиев, Ж. Манкеева, А. Жылқыбаева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрсетіледі.
Г. Смағұлова өз еңбегінде лингвомəдениеттану пəнінің ерекшелігін былайша көрсетеді: Лингвомəдениеттану бұл тіл – ұлт – мəдениет дейтін үштік (триада лингвомəдениеттану пəнін зерттеу нысаны болмақ) [2, 196 б.], – десе, А. Салқынбайдың пікірі бойынша, тілдік деректерді лингвомəдени аспектіде зерттеу – ең əуелі тілдер арасындағы жалпыадами, гуманитарлық, мəдени, өркениеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы, əлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт əлі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомəдени аспектіде қарастырылады [3, 309 б.].
Сол сияқты тіл мен мəдениеттің сабақтастығының көркем мəтіндегі көріністері А. Алдашева, А. Сейсенова, Ш. Елемесова, Г. Абдрахманова, Ф. Қожахметова, А. Əмірбекова жəне т.б. зерттеулеріне арқау болған.
Б. Тілеубердиев: «Лингвомəдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын əлеуметтік, танымдық, этика-эстетикалық, рухани жəне тұрмыстық қатынастар мен олардың заңдылықтарын тілдік құралдар арқылы зерттейтін тіл білімінің бір бағыты. Осы тұрғыдан алғанда лингвомəдениеттанудың негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың мəдениетін таныту», – дей келе [4, 37 б.], қазақ ономастикасының да этностың мəдениетімен тығыз байланысты екенін айтып өтеді.
Парсы жəне қазақ антропонимдеріндегі лингвомəдени жүйенің барлық болмысы мен ерекшелігін зерттеу мүмкін емес, сондықтан біз екі тілдегі линвомəдени жүйенің қалыптасу үрдісін, олардың даму жолындағы сипатын көрсетуге талпындық. Зерттеудің констративті жəне типологиялық əдісіне сүйене отырып талдағанда, əмбебап жəне идеоэтикалық қабаттардың қалыптасқанын көруге болады. Салғастырмалы талдаудың негізгі мақсаты – тілдердің бір-бірінен айырмашылығындағы тілдік құбылыстардың ерекшеліктерін анықтау. Əдістің негізгі ұғымы – лакуна мен уникалия. Лакуна – зерттеліп отырған тілдерде сəйкесі болмауы. Уникалия – салғастырылып отырған тілдердің бірінде бар тілдік дерек, оған екінші тілдегі лакуна сəйкес келеді. Парсы тілдеріндегі антропонимдік лакуна бір-бірімен салыстырылады жəне керісінше. Зерттеліп отырған тілдердегі уникалия мен лакунаны табу жəне анықтау салғастырмалы əдіс арқылы жүзеге асырылады, нəтижесінде парсы жəне қазақ антропонимдеріндегі лингвомəдени жүйенің идиоэтикалық қабатын анықтауға болады. Алайда оларды анықтау əмбебаптықты айқындауға кедергі келтірмейді.
Тілдердің бір-бірімен қатынасын зерттеуге бағытталған əдістер ішіндегі типологиялық əдіс жалпы тіл біліміне жатады. Ол түрлі тілдердің туыстығына, орналасу тəртібіне жəне уақытша факторларға қарамастан салғастыра қарастырылады. Ортақ жəне түрлі ерекшеліктерді анықтауға жəне типологиялық тұрғыдан салғастыруға əлемдегі тілдердің барлығы да қатыса алады.
Əлемдегі тілдер əлем табиғаты сияқты сан алуан жəне оның барлық деталін көрсету де мүмкін емес. Кез келген таным үшін маңызды фактор – идеолизация керек. Типология – шынайы өмірде «таза» ұқсастығы жоқ қоршаған ортадағы түрлі нысандарға қатысты түсініктер мен категориялардың пайда болуымен байланысты идеолизация процесіндегі ойлау акті. Мұндай нысан идеолизациясы біртекті
құбылыстардың ұқсас жəне айырмашылық белгілері санының арақатынасы арқылы анықталады.
Антропонимдер көне замандар жемісі. Баяғы заманнан бері қолданылып келе жатқан есімдердің кейбірі өзгеріске түссе, енді біреулері қолданыстан шығып, олардың орнын жаңа есімдер толықтырып отырады.
Г.Р. Алиев өз зерттеу еңбегінде антропонимияның халық ауыз əдебиетіне жақын екенін, барлық антропонимиялық бірліктердің қоғамдық-тарихи дамудың өнімі екенін, олардың белгілі бір тарихтың даму сатысында пайда болып, уақыт өте келе толықтырылып, өңделіп, өзгеріске түсіп, түрлі нұсқада бізге жететіндігін, антропонимиялық бірліктерде халықтың тарихи салт-дəстүрінің, діни көзқарасының, эстетикалық талғамының көрінісі бар екенін, сол себепті антропоним жүйесі халықтың ұлттық болмысын, психологиясын, ауыз əдебиетін оқыту мəселелерінде құнды материал бола алатынын айтады [5].
заттар мен құбылыстарды олардың екіншілік белгілері бойынша, кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, бір топқа топтастыруға мүмкіндік береді.
Типологиялық жіктемені жасау лингвистикалық типологияның мақсаты болып есептеледі. Əрбір тілдің белгілі бір типологиялық мəртебесі болады. Типология – түрлі деңгейлік жүйедегі тілдік құбылыстар типтері мен əлем тілдері типтері туралы ғылым. Тип – ортақ белгілері бар тілдік құбылыстардың жиынтығы. Ұқсастық пен айырмашылық – өзара байланысты тілдік құбылыс. Біртекті заттарды салыстыру кейбір жалпы белгілеріне негізделген, алайда ол түрлі (айырма) екіншілік белгілерді де жоққа шығармайды. Тілдік құбылыстар ұқсастығы – бір типке топтастыратын ұқсас белгілер саны. Айырмашылық – зерттелетін тілдегі түрлі белгілер саны. Айырмашылық екі тілдегі біртекті құбылыстардың сапалылығы туралы мəлімет береді. Ұқсастық дəрежесі (степень подобия) – салыстырылатын
Әдебиеттер:
Воробьев В. Лингвокультурология. Теория и методы.– М.: РУДН, 1997. – 37 с.
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мəдени аспектілері. – Алматы: Ғылым, 1998. – 196 б.
Cалқынбай А. Тарихи сөзжасам: семантикалық аспект.– Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 309 б.
Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. – Алматы: Арыс, 2006. – 312 б.
Алиев Г.Р. Лингвистические и экстралингвистические факторы в антропонимии: Автореф. ... д-ра филол. наук. – АлмаАта, 1989. – 40 с.