Филология. Реферат. Күрделі сөз: жасалу жолдары мен қалыптасуы
Тілдің сөздік құрамын дамытуда жалаң сөздермен қатар күрделі сөздердің де алатын орны ерекше. Күрделі сөз мəселесі тіл білімінде өзекті тақырыптардың біріне жатады. Талай ғылыми еңбектерге арқау болған күрделі сөз құбылысы тіл ғылымында ұзақ зерттелу кезеңін басынан өткізіп келеді. Десек те, күрделі сөздің бүкіл қыры мен табиғаты жан-жақты анықталып, толық шешімін тапты деп айту қиын. Күрделі сөздердің бір қырынан қарағанда, құрылымдық жағынан басқа тілдік құбылыстарға ұқсас келіп, олардан айтарлықтай ерекшеліктерінің аңғарыла бермей, бір-бірінен ажыратуда қиындық туғызуы, əлі де болса аталған тілдік құбылыстың жете зерттеуді қажет ететін тұстарының бар екендігін көрсетеді.
Жалпы күрделі сөздердің түрлері мен жасалу жолдары əр түрлі. Олардың біразы тілде бар бұрынғы тілдік құбылыстардың жаңғыруы арқылы жасалса, бірқатары белгілі сөзжасамдық заңдылықтар мен үлгілер арқылы жүзеге асады. Бұл жөнінде Е.Жанпейісов: «Əдетте екі сөздің бір сөзге айналуы ұзақ сонарлы болады. Тілде олардың бірқатарының жасалу тарихы, тіпті, əріден басталып, əбден жымдасып, үйреншікті болып қалыптасып кетсе, енді бірқатарлары бертінде əдеби тілдің қазіргі даму майданында пайда болып, жаңа сөз жасау əрекетіміз жемісті болып, жаңа сөз саны үздіксіз көбейіп, қалыптасып келеді» /1,207/, деп көрсетеді. Күрделі сөздердің біразының шығу тегі, жасалу жолы жағынан сөз тіркесіне барып тірелетіні белгілі. Яғни, тілдің даму барысында сөз тіркестерінің лексикалану нəтижесінде күрделі сөздер қалыптасады. Əрине, бұл процесс бірден орындалмайды жəне оның аяқталуын айқындау оңай емес. Сондықтан, күрделі сөз бен сөз тіркесінің жігін ажыратып, дөп басу қиындық туғызады.
Е.А.Василевская күрделі сөздердің сөз тіркестеріне қатысын тарихи тұрғыдан қарастыра келіп: «Сложные слова диахронно (исторически) часто восходят к словосочетанию. Но связь сложного слова и словосочетания иногда вскрывается с большим трудом, так как происходит затемнение его состава. В самом деле, в современном слове спасибо без историического подхода нельзя выделить исконно сложного строения» /2,22/ деп, күрделі сөз бен сөз тіркесінің байланысын ашып көрсетуде жəне
оларды бір-бірінен ажыратуда қиындықтар кездесетіні туралы жазады. Ғалым сөз тіркестерінің күрделі сөздерге ауысуын əр кезеңнің əдеби ескерткіштері материалдары негізінде үш топқа бөліп көрсетеді:
«1. Словосочетание имеется, но еще не изолировалось из предложения, не интегрировалось в сложные слово, хотя в дальнейшем процессе исторического развития мы наблюдаем на месте данного словосочетания возникшее из него сложное слово, но пока оно еще не создано.
Словосочетание и сложное слово существуют параллельно.
Сложное слово сохраняется, но генетические связи его со словосочетанием исчезают, хотя словосочетание и наличествует в языке, но впоследствии оно может выйти из употребления, заменившись сложным словом» /2,12/. Автордың пікірінен күрделі сөздің сөйлемге де, сөз тіркесіне де қатысы бар күрделі құбылыс екені байқалады.
К.Л.Ряшенцев өзінің еңбегінде: «Конечно, многие сложные слова образовались на базе словосочетания, никто не может отрицать органической связи сложных слов со словосочетаниями, однако полагать, что сложное слово может образоваться только на основе словосочетания, значить вступать в явное противоречие с фактами языка» /3,89/, деп, күрделі сөздердің əр түрлі жасалу жолдарын сөз тіркестеріне қатысты қарастырады: «Многие ученые стоят на той точке зрения, что не каждое слово может и должно подводиться под словосочетание. Например, свободно соотносятся со словосочетаниями слова: стеклодел – делать стекло; водопровод, воздухопровод, газопровод
– (сооружение) для (прохода) провода воды, воздуха, газа; или: проводить воду, воздух, газ и пр.; белоусый, черноглазый – с белыми усами и черными глазами и т.д.; самолет – сам летает, а вот слова вертолет, звездолет образовались по аналогии и сопоставить их с словосочетаниями или затруднительно (звездолет, лунолет) или вовсе невозможно (вертолет)»
/3,90/.
К.Б.Воронцова сөз тіркестерінің күрделі сөздерді жасаудағы рөлін анықтап қана қоймай, күрделі сөздердің əр түрлі (морфемдік, грамматикалық т.б.) жолдармен де жасалатындығына, яғни сөзтудырушы үлгілерге үлкен мəн береді: «В современном русском языке большой словопроизводящей силой обладают модели. Однако следует оговориться, что для утверждения в языке любой модели нужен строительный материал: таким материалом у бессуффиксных сложных слов будут только словосочетания: лист падает – листопад; скоро ходит – скороход; у моделей, содержащих аффиксы, кроме них необходимы дополнительные морфологические средства, в основном, суффиксы. До тех пор, пока модель прочно не утвердилась в языке, не стала традицией, роль сочетаний не может быть принижена, так как модель языком принята и узаконена, производство слов идет путем равнения на эти модели, то есть в права вступает закон аналогии, а значение сочетаний практически снижается. Довольно трудно возвести к словосочетаниям такие слова: белотал, чистоган. Эти примеры являются доказательством большой словопроизводящей роли модели и более скромной роли сочетаний в создании новых слов» /4,148/. Ғалым күрделі сөздердің жасалуында сөз тіркестерінің еш жұрнақсыз күрделі сөзге айналуын жəне күрделі сөздердің жасалуында сөзжасам үлгілерінің үлкен рөл атқаратындығын тұжырымдай келе, оларды екі топқа бөледі. Біріншісіне, сөз тіркестері негізінде жасалған күрделі сөздерді, екіншісіне сөзжасамдық үлгілер негізінде жасалған күрделі сөздер жатқызады.
В.М.Яцимирский күрделі сөздердің сөз тіркестеріне қатысын семантикалық аспектіде қарастырады: «сложное слово – это качественно новая словарная единица, не равная простой сумме значений составных ее частей, что смысловые отношения между компонентами сложного слова сплошь и рядом не равнозначны отношениями между словами и аналогичных словосочетаниях. Несколько примеров: Сельсовет – это не просто «сельский совет», а «сельский совет депутатов трудящихся». Словообразование – это не просто «образование слов», «а образование производных слов в языке» /5,21/.
Күрделі сөздердің қазақ сөзжасам жүйесінде де алатын орны ерекше. Лексиканың үлкен қабатын құрайтын күрделі сөздердің табиғатын тану, қалыптасу мен даму жолдарын, өзектілігін анықтау ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Қазақ тіл білімінде сөз тіркестерінің күрделі сөзге ауысуы туралы пікір білдірген ғалымдардың бірі К.Аханов. Ғалым: «Күр делі сөздердің шыққан тегі – сөз тіркестері семантикалық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік жағынан да тұтасып, бір бүтін ұғымды білдіруінен күрделі сөздер жасалады» /6,94/, десе, А.Ысқақов осы күрделі сөздердің қалыптасуына əр түрлі синтаксистік амал-тəсілдер негіз болғанын айта келе, былай деп көрсетеді: «Кейбір сөздер бастапқы синтаксистік жай тіркестердің компонент тері бір-бірімен бірігуі арқылы туса (бүгін, биыл, ағайын), кейбір күрделі сөздер жарыса, қабаттаса қолданылған, компоненттердің қосарлануы арқылы жасалған (ата-ана, жер-су, елжұрт). Ал, кейбір күрделі сөздер əуелгі еркін сөз тіркесінің тұрақты тіркеске айналуы арқылы қалыптасқан (ала жаздай, күні бүгін, темір қазық)» /7,93/. Сөз тіркестерінің күрделі сөзге ауысуы туралы М.Балақаев: «Словосочетание как смысловая синтаксическая группа слов является основной базой образования сложных слов. Оно не создает их, а само преобразуется в процессе коммуникации, т.е. в зависимости от степени абстракции и социальной потребности создаются в языке различные структуры сложных слов» /8, 178/, деп көрсетеді. Ғалымның пікірінен сөз тіркестерінің негізінде жаңа сөз жасалатынын аңғаруға болады. Тілде болатын осындай сапалық өзгерістердің барлығы адамдар арасындағы қатынасты жақсарту, ойды барынша түсінікті жеткізу үшін тілдік мүмкіншілікті сарқа пайдалану қажеттігінен туындайды.
Күрделі сөздер жайында арнайы зерттеу еңбек жазған ғалым Б.Қасым қазақ тіліндегі күрделі атауларды уəждеме, уəжділік тұрғысынан қарастырып, олардың табиғатын, белгілерін, жасалу жолдарын, типтері мен үлгілерін айқындап, даму, қалыптасу заңдылықтарына байланысты ғылыми тұжырымдар жасайды. Автор: «Сөз тіркестерінің лексикалануы күрделі атауға апаратын жол, сөзжасамдық үрдістің нəтижесі. Лексикалық негізгі мағыналары үйлесіп барып, екеуі бірігіп, атау мағынасын береді. Мысалы, тасбақа, көлбақа → құр бақа, əуежай → қоныс жай, тілашар → ауыз ашар немесе аяқкиім → бас киімнің → іш киімнің (сөздіктерде, баспасөздерде берілуі) т.б. секілді күрделі атаулардың қандай айырмашылығы бар, осы жерде қайшылықты мəселелер бар емес пе? Бұл жерде күрделі атаулар дəл лексикалық мағынасын жойды деп айту қиын. Жаңадан пайда болған күрделі атаудың құрылымдық жағы ғана күрделеніп қоймайды, сонымен бірге сыңарлардағы семалардың жиынтық мағынасынан туындайтын жалпы мағына да күрделене түсіп, ұғымның атауына көшеді. Демек, лексикалық аталымға көшеді. Алайда
бөлек жəне бірге жазу үшін негізгі лексикалық мағынасын жою шартты емес, күрделі атауға жетудің негізгі шарты лексикалану десек, оның нəтижесі атау» /9,38/ деп көрсетеді.
Сөз тіркестерінің сөзбен, күрделі сөзбен, фразеологизмдермен арақатынасы туралы ғалым Т.Сайрамбаев «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері» атты еңбегінде жан-жақты сөз етеді. Ғалым күрделі сөз бен сөз тіркесінің арасындағы айырмашылықтарды төмендегіше атайды:
«Күрделі сөз сөз жасаудың бір түрі; сөз тіркесі синтаксистік категория.
Күрделі сөздің əрбір сыңары бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста айтылады; сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен синтаксистік байланыста болады.
Күрделі сөздің əрбір сыңарында жеке-жеке мағына болуы да, болмауы да мүмкін. Бірақ оның сыңарларының жеке-жеке мағынасы болғанымен, тұтас сөздің мағынасы сыңарларының мағынасынан гөрі күңгірттеу болып келеді; сөз тіркесінің əрбір сыңарының мағынасы айқын болады.
Күрделі сөздің əрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылмайды, ол екеуі бір-ақ сұраққа жауап береді, сөз тіркесінің əрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылады.
Күрделі сөздің əрбір сыңарының орны жылжымалы емес, тұрақты; сөз тіркесінің əрбір сыңарының орны жылжымалы.
Күрделі сөз тұтасымен морфологиялық өзгеріске ұшырамайды. Яғни оның əрбір сыңары жеке-жеке морфологиялық өзгерісте болмайды, сол тобымен тұлғаланып көптеледі, септеледі, жіктеледі; сөз тіркесінің əрбір сыңары түрлі морфологиялық өзгерістерге ұшырайды.
Күрделі сөз тұтасымен басқа сөзбен синтаксистік байланысқа түседі; сөз тіркесінің əрбір сыңары жеке-жеке синтаксистік байланыста жұмсалады /10,37-38/.
Сонымен, кей тұста күрделі сөзді сөз тіркесінен құрылымдық жағынан айырып алу қиындық келтіреді. Бұл жайында жоғарыда аталған авторлардың көзқарастары мен пікірлерінен айқын көруге болады.
Сонда сөзжасам жұйесінің бір тармағы күрделі сөздердің қалыптасуына дейінгі аралықта сөз тіркестері қандай өзгерістерге түседі, қандай тілдік құбылыстарды басынан өткізеді деген орынды сұрақ туады. Сөз тіркестері негізінде жасалатын жаңа сөздердің қалыптасуы мен лексикалық бірлік ретін де танылуына дейінгі аралықта олар тілдік заңдылықтардың сұрыптауынан өтіп, белгілі
кезеңдерді басынан өткізеді. Сонда сөз тіркестерінің күрделі сөзге ауысуын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болатын сияқты: а) сөз тіркестерінің күрделі лексикалық бірлік қатарына ауысуының бастапқы кезеңі; ə) сөз тіркестерінің күрделі лексикалық бірліктер қатарына ауысуының соңғы кезеңі; б). бастапқы кезең мен соңғы кезеңің арасындағы аралық кезең. Осылайша кезеңдерге бөлу күрделі сөздің табиғатын ашуға септігін тигізеді деп ойлаймыз. Əуел баста синтаксистік қолданыстан басталатын бұл процесте сөз тіркестері күрделі сөздердің құрамына бірден біржолата ауысып кетпейді. Олар əуелі екі тілдік категорияның (сөз тіркесі мен күрделі сөз) арасындағы аралық кезеңде өмір сүреді де, екі түрлі тілдік сипат та болады. Олардың бойында əрі өздерінің бастапқы сөз тіркесінің мəні мен қызметі жарым-жартылай сақталады, əрі өздері ене бастаған күрделі сөздің сипаты болады. Мұндай аралық деп аталатын кезеңде өмір сүретін тілдік (синкреттік) құбылыстар онда түпкілікті қалып қоймайды. Уақыт өте келе олар жиі əрі тұрақты қолданылудың нəтижесінде семантикалық жақтан дамып, о бастағы табиғатынан қол үзіп, басқа тілдік бірліктер (күрделі сөз) құрамына біржола ауысады.
Міне, тілдегі осындай ауысулар (белгілі бір тілдік категориядан екінші бір тілдік категорияға ауысуы) тілде бар заңды құбылыс. Тілдік бірліктердің өзара ауысуы процесіндегі аралықта болатын құбылыс синкретизм құбылысы деп танылып жүр. Синкретизм деп қарама-қарсы екі немесе одан да көп тілдік бірліктердің грамматикалық мағыналары мен функцияларының бір сөздің немесе грамматикалық форманың бойында түйісуін, бірігуін айтамыз. Сонда, сөз тіркесінің күрделі сөзге ауысу процесін сызба түрінде көрсететін болсақ, ол мынадай болады:
А → Аб → АБ → аБ → Б
Мұнда ауысу процесі А типінен Б типіне қарай өтеді. А жəне Б типі синкертті бірліктерге жатпайды. Аралықтағы АБ типі синкертті тип, оның бойында А-ның да, Б-ның да белгілері кездеседі. Ал Аб типінде А типінің белгісі көп болса, ал аБ типінде, керісінше, Б типінің белгісі басым. Егер талдау барысында аралық топқа жататын тілдік бірліктер бірнешеу болса, онда оларды Аб1, Аб2, сондай-ақ, аБ1, аБ2 деп беруге болады.
Қорыта айтқанда, күрделі сөздер қыр-сыры мол күрделі тілдік құбылыс. Олардың сыры мен табиғатын, мағынасы мен жасалу жолдарын анықтау бүгінгі күннің тілтаным талабынан туындап отыр. Күрделі сөздерді, əсіресе, сөз тіркестеріне қатысты зерттеу сөз жасау заңдылықтарын айқындауда маңызды болып табылады.
Әдебиеттер:
Жанпейісов Е. Күрделі зат есімдер //Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 1989.
Василевская Е.А. Словосложение в русском языке, М., 1962.
Ряшенцев К.Л. О сложных словах в современном русском литературном языке //Ученые записки СевероОсетинского педагогического института, Орджоникидзе, 1966, Т.27, Вып.3, Ч.1.
Воронцова К.Б. Принципы формирования сложных имен существительных в современном русском языке //Труды кафедр Восточной Сибири и Дальнего Востока, Улан-Удэ, 1966, Т.4.
Яцимирский В.М. Развитие способов словосложения в русском языке Советской эпохи //Ученые записки Ивановского пединститута, Иваново, 1954, Т.6.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1979.
Ысқақов Ə. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1991.
Балакаев М.Б. Основные типы словосочетаний в казахском языке. А., 1957.
Б.Қасым. Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негізі (филол.ғ.д.дисс.). А., 2002.
Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. А., 1981.